Реферат орындаған: 6В09102 «Ветеринариялық санитария» мамандығының 20-13 топ студенті



Дата05.03.2023
өлшемі41,35 Kb.
#71658
түріРеферат
Байланысты:
Токсикология 1 рк срс



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ


ГИГИЕНА» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: «Фосфорорганикалық қосылыстармен улану»
РЕФЕРАТ


Орындаған: 6В09102 - «Ветеринариялық санитария»
мамандығының 20-13 топ студенті
Зауатбекова Дилара Жандосқызы
Тексерген: Алиханов Қуантар Дауленұлы,
_______________профессор
АЛМАТЫ 2022
Мазмұны



  1. Кіріспе.

1.1 Жануарларды тасымалдау барысында жүргізілетін тексерулер…………………………………………………………3

  1. Негізгі бөлім.

    1. ҚР-да ересек жануарларды импорттау кезіндегі талаптар мен заңдар.……………………………………………………… 4-12

    2. Ересек тасымалдауда (импорттауда) ескеретін талаптар, және оны жақсатру………………………...................................13-18

  1. Қорытынды бөлім.

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



  1. Әдебиетке шолу. Фосфорорганикалық қосылыстар



Фосфорорганикалық қосылыстар. Фосфорорганикалық қосылыстармен улану (ФОҚ) - мақта, дәнді дақылдарды, жемісті ағаштарды, декорациялық дақылдарды, шөптердің т.б. зиянкестерімен күресуде пестицидтер ретінде қолданылады. Олардың кейбіреуі (хлорофос, байтекс) шыбындарды, масаларды, паразиттерді жою үшін қолданылады. Олардың барлығы тиімді инсектофунгицидтер болып табылады. Пестицидтер әлемдік ауылшаруашылық өндірісінде өте маңызды рөл атқарады, олардың ішінде фосфорорганикалық пестицидтер әлемдегі ең көп қолданылатын пестицидтер болып табылады ФОҚ шамадан тыс мөлшері жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкін бұл адам денсаулығы мен экологиялық ортаға кері әсерін тигізеді.Қазіргі кезде жиі орта улылыққа ие байтекс (тигубон, лейбацид, фентион), бутифос (фолекс), карбофос (малмтион, малатон), метафос (метипаратион, метацид), хлорофос (дифлокс,) және т.б. қолданылады. Ағзаға улар негізінен тыныс алу, асқорыту жолдары мен тері жабындылары арқылы енеді. Фосфорорганикалық пестицидтер тұрақтылығы салыстырмалы түрде төмен болуымен ерекшеленеді. Олардың басым бөлігі топырақта, суда бір ай көлемінде ыдырайды. Олар хлорорганикалық қосылыстарға қарағанда, тағамдық өнімдерді аз ластайды[1].
ФОҚ өзіндік ерекшелігі – олардың жергілікті өзгерістерді тудырмай-ақ, бұзылмаған тері арқылы ағзаға ену қабілетке тән. Бұл ерекшелігі жұмысшылар үшін өте қауіпті болып келеді, себебі ол жіті улануға алып келуі мүмкін. Жоғары температура жағдайында ФОҚ-мен жұмыс істеу белгілі өндірістік қауіп тудырады, себебі бұл жағдайда, олардың ауадағы уының құрамы жоғарылайды, сонымен қатар ылғалды тері беткейі арқылы сіңірілуі күшейеді және тыныс алу мүшелері арқылы тез түседі. Пестицидтердің басқа топтарымен салыстырғанда ФОҚ кеңінен қолданады. ФОҚ тобына құрамында фосфор қышқылының эфирі бар, түрлі химиялық құрылымдағы заттектер жатады. Олар: октаметил, метафос, метилмеркаптофос, фосфамид, карбофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 және т.б. Ауыл шаруашылығында фосфорорганикалық пестицидтерді кеңінен қолдануға - олардың инсектицидті тиімділігінің жоғары болуы мен қоршаған ортада салыстырмалы түрде тезірек ыдырауы негіз болған.
Фосфорорганикалық пестицидтердің негізгі ерекшелігі –уыттылығы төмен, кейбір жағдайда ыдырау барысында уытты қасиеті бар заттектер мүлдем түзілмейді. Метафос пен карбофос сияқты кең тараған пестицидтердің өзі тезірек ыдырап, өңдегеннен кейін бірнеше күннің ішінде белсенділігін жояды. Жанасатын фосфорорганикалық препараттар, өсімдіктердің ішіне енбейтіндіктен (карбофос, метафос), сыртқы ортада тұрақсыз және өңделенетін объектіде тез ыдырайтын қасиеттері бар. Өсімдіктердің ішіне енетін (жүйелік) басқа фосфорорганикалық пестицидтер дақылдың барлық бөлігіне, сонымен бірге жеуге жарамды бөлігіне дейін өте алады. Жүйелік препараттардың сыртқы ортада тұрақтылығы жоғары. Сондықтан осындай препараттарды (фосфамид, октаметил) қатаң регламенттеп, олардың қолданылуын шектейді. Хлорорганикалық пестицидтермен салыстырғанда фосфорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада тұрақсыз. Көбісінің жартылай ыдырау мерзімі 2-5 күнге тең. Кумулятивті қасиеті төмен болғандықтан, адамдар мен жануарлар организмінде жиналмайды. Лактация кезінде сүтпен бөлінбейді. Осы қасиеттерін ескере отырып, фосфорорганикалық пестицидтерді ңидеалды пестицидң қатарына жатқызуға болады. Организмдегі әсер ету механизмі холинэстеразаның белсенділігін тежеумен сипатталады. ФОҚ асқорыту жолдары арқылы түскенде алғашында құсу, ішінің ауруы, іш өту сияқты клиникалық белгілер дамуы мүмкін. Сосын көзден жастың ағуы және орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері (үрей, қорқыныш сезімі, мазасыздық, бастың айналуы т.б.) дамиды. Орташа ауырлықтағы улану белгілері жүрістің өзгеруімен, қол мен бастың дірілдеуімен, кеңістікте бағдарлау қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Уланудың ауыр түрінде көру өткірлігі төмендейді, қарашықтар тартылады, құрысулар пайда болады, коллапс, кома дамуы мүмкін [2].

1.1 Фосфорорганикалық қосылыстардың жіктеліуі.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


[1] Мақала. «Адсорбция и удаление фосфорорганических пестицидов из пекинской капусты и зеленого лука с помощью металлоорганических каркасов на основе адгезивного интерфейса, вдохновленного мидиями»


[2] Сайт «Академик»



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет