Қ. Құсайнов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Заң пәндері кафедрасы РЕФЕРАТ Орындаған: Кожахметова А.К.
Практика жетекшісі: Идрисов К.З.
Астана 2023 Мазмұны Меровингтер әулеті тұсындағы франк мемлекеті.
Королингтердің франк мемлекеті. Бенефицийлік реформа.
Ұлы Карлдың тұсындағы франк империясы.
Верден бөлінісі.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі бөлім Уақыттың өтуімен батыс рим империясының территориясында пайда болған варварлақ корольдіктердің ішіндегі ең ірісі әрі күштісі франктердің корольдығы болып шықты.
486 жылы франктер Солтүстік Галлияда өз корольдығының негізін қалады. Оның басында Меровей әулетінен шыққан көсем-қолбасшы Хлодвиг Трзды (486-511). Осылайша Ү ғасырдың соңынан ҮІІ ғасырдың соңына дейін созылған франк мемлекетінің Меровей кезеңі басталды. Хлодвигтің тұсында Аквигания (507), ал оның мүрагерлер тұсында- Бургундия (534), 536 жылы Прованс жауланып алынды. Бұл кездегі франк мемлекеті бұрынғы рим империясының Голлия провинциясын түгелге жуық қамтыды. Өзінің билігін нығайтып, христиан дін басылары мен галл-рим аристократиасының қолдауына ие болу үшін Хродвич өзінің жасағымен және жақын нөкерлерімен 496 жылы христиандықты қабылдады. ҮІ ғасырдың екінші жартысында франк королдығы варварлық корольдықтардың ішіндегі ең ірісі болды. Остготтардың Византиямен соғысын пайдаланып франктер Провансты басып алды. Бұдан кейін варварлық королдықтардың ішіндегі гегемондық остготтардан – франктерге көшті.
Галлияны жаулап алғанға дейі франктерде мемлекеттік ұйымдасу, мемлекеттік құрылымдар болған емес. Жоғарғы билікті әскер басшылар, көсемдер жүзеге асырды. Қоғамдық жұмыстар мен сот ісі халық жиналыстарында шешілді. Меровингтер дәуірінде (Ү-ҮІІ) мемлекеттік құрылым, басқару өте тұрпайы болды. Соған қарамастан корольдің билігі зор болды және ол мұралықпен берілді.
Франктердің Меровинг дәуіріндегі қоғамдық құрылысын зерттеу үшін құнды дерек көзі “Салий ақиқаты” болып табылады. Бұл – Салий франктерінің соттық әдет-ғұрып заңдар жинағы. Ол бойынша, франктердегі ортақ қауымдық жерлерді пайдалану туралы көп айтылады. Шаруа – қауым мүшелері усадьба жанындағы жерлерін жеке меншік кұқ негізінде пайдаланған, сондай-ақ ортақ қауымдық жерлерді белгілі бір территорияны өңдеген. Елді мекен сыртындағы орман – тоғайларды, жайылымдарды бірігіп пайдаланған. “Салий ақиқатында” жерді сату және сатып алу, сыйлыққа беру немесе өсиетпен беру туралы ештеңе айтылмайды. Демек, франктерде бұл уақытта (Ү –ҮІ ғ. басы) жерге деген жеке меншік болмаған. Әрбір деревнядағы негізгі жер қоры ұжымдікі, яғни қауымдікі болды. Селолық қауымда – маркада — әліде болса рулық дәстүрлердің қаймағы бұзылмай тұрды. “Салий ақиқатында” ру, тек қауымдық жерлердің жоғарғы меншік иесі ғана емес, сондай-ақ саяси ұйым ретінде көрінеді. Барлық руластар присяжный ретінд сотқа қатысып, туысқанының пайдасына куәлік етті, аманаттық жасады. Мысалы, кісі өлтіргені үшін айыпты – вергельдті – айыпкердің отбасы ғана емес, руластары да төледі.
Алайда, ҮІ – ғасырдың екінші жартысынан бастап франк қоғамында күрт өзгерістер басталды. Жер осы уақыттан бастап, басқа біреуге еркін берілетін меншікке айналды (аллод). Аллод- сатылды, сыйлыққа берілді, өсиетпен қалдырылды т.б. Ескеретін жәйіт Аллод ешқандай шартсыз берілді. Бұл жердің жеке меншікке өтуінің алғашқы қоғамы еді. Бұрын “Салий ақиқатында” бұл термин кез келген мұраға қатысты, мұралық меншік, мұралық үлестік жер т.б. қолданылатын. Феодалдану процесінде орасан зор атқарған жерге деген жеке меншіктің біржолата қалыптасуы, бекітілуі болды. ҮІ – ғасырдың екінші жартысында король Хильпериктің Эдиктісі бойынша жер әке жағынанда шеше жағынанда жеке меншікке берілетін болды. Қауым сақталынды, бірақ оның құқы, тек әлі бөлінбеген территорияларда ғана тарады (ормандар, батбақты жерлер, бос жатқан жерлер, ортақ жайылымдар т.б.). Қысқасы жер сатылатын болды. Мұндай жағдайда шаруалардың бір бөлігі жерінен тез айырылды, керісінше ірі светтік және шіркеулік жер иелігі өсті. Хлодвигтің мұрагерлері бенефиций (сыйлық, ізгілік іс) ретінде корольдік жер қорынан өзінің жақындарына, серіктеріне, жасақтарына жер үлестірумен болды. Олар өз кезегінде ірі жер иелеріне айналды. Қауымның рулық ұйымдасуы ыдырады. Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда “ру қауым – маркада ыдырап, көрінбей кетті”. Шаруалардың көпшілігі ірі жер иелерінің “қамқорлығына” өтуге мәжбүр болды (патронат немесе коммендация). Ол үшін белгілі бір міндеткерліктер өтеді (барщина, оброк т.б.). Сонымен, ҮІ ғасырдың соңында франк қоғамында феодалдану процесі барынша жүріп жатты. Айта кететін жәйт, шаруаларда өздерінің мырзаларына шартпен жұмыс істеді.
2. Пипин Геристальскийдің ұлы Карл Мартелл (балға) елді 715 жылдан 741 жылға дейін майордом — герцог ретінде басқарды. Ол өзіне қарсы шыққан австразия шонжарларының қарсылығын басып, жеке дара билігін күшейтті. 732 жылы Карл Мартелл Пуатье түбінде арабтарға шешуші соққы беріп, олардың жолын кесті. Көптеген мамандар оны осы жеңісі үшін христиан әлемін қорғап қалушы деп есептейді. Осы жеңістен кейін оған “мартелл – балға” деген лақап ат берілді. Арабтарға қарсы соғыстың алдында жүргізген оның әскери реформасы оң нәтижесін берді. К.Мартелл атты әскерлердің санын өсірді. Ұрыстан кейінгі кезеңде К.Мартелл әскери реформаны онан сайын тереңдетті. Жаяу әскер мүлде азайтылып толық атты әскерге көшу ісі қолға алынды. (Бұрын франктерде тек жаяу әскер болатын).
Мұндай жағдайда күйзелген шаруалар әскерде қызмет ете алмады. Реформаның нәтижесінде шаруалар шын мәнісінде әскерден аласталды. Жаңа ортағасырлық феодалдық кәсіпқой әскердің негізін енді ірі және орташа жер иелері құрады. Жаңа кәсіпқой әскер — рыцарлық әскер деп аталынатын болды.
Ауқатты шаруаларда әскерде қызмет етті. Шаруалардың едәуір бөлігі әскерде қызмет ете алмайтындықтан Карл Мартелл айрықша жер саясатын – бенефицилік реформаларды жүргізді. Оның мәнісі мынада. Егер бұрын Меровингтер дәуірінде жер сыйлық ретінде жеке меншікке ешқандай шартсыз берілсе (алод), енді жер алған адам бенефиций ретінде (“ізгі іс”) белгілі бір шарттарды орындайтын болды. Ол көбіне атты — әскери қызмет атқаратын болды. Бенефиций алған адам оны берген адамның вассалы болды. Бенефиций берген адам сеньор болды (аға мырза). Вассал мен сеньордың арасындағы қарым-қатынасқа белгілі бір рәсімдер тән болды. Мысалы вассал сеньорына адалдық антын берсе, сеньор берілген жердің символы ретінде орамалға түйілген бір уыс топырақ берді. Вассалға берілген жердің жоғарғы меншік иесі сеньор болды, егер вассал берген сертін бұзған жағдайда сеньор оны қайтадан тартып алды. Айта кететін жай, вассалдардың да құқы мейлінше зор болды. Болашақта “Менің вассалымның вассалы, менің вассалым емес” дейтін принцип жүзеге асты. Уақыттың өтуімен бенефиций мұралық феодқа айналды. ІХ-Х ғасырларда феод (ленн) белгілеріне ие болды, яғни шартты жер иеленудің формасына біржолата айналды. Аллодтық меншік неғұрлым дамыған феодалдық меншікке орын берді.
Әскери қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік қордан жер үлестірумен шектелмей Карл Мартелл осы мақсатта шіркеу жерлерінде пайдаланды. Батыс европа тарихында бұл тұңғыш секулеризациялау, яғни шіркеу жерлерін светтік биліктің пайдасына тәркілеу болды. Бірақ Карл Мартелл жүргізген секулеризация толық қанды формаға ие бола алмады. Ол тек шіркеу жерінің бір бөлігін ғана қамтыды.
Франк мемлекетінің барлық аймақтарында өзінің жағдайын жақсартып алғаннан кейін майордом Карл Мартелл корольдық тақты заңды жолмен өзіне біржолата алуға қадамдар жасады. К.Мартеллдің ұлы әрі мұрагері майордом Пипин Короткий (741-768) шіркеумен қарым-қатынасын реттеп алды. Бұл уақытта рим папасы лангобардтардан қатты қысым көріп, франктердің көмегіне мұқтаж болды. Сондықтан рим папасы Пипин Короткийдің корольдық титул алуына рұқсат берді. Сөйтіп, 751 жылы франк шонжарлары мен өзінің вассалдарының Суассон (Фр) қаласындағы жиналысында Пипин ресми түрде франктердің королі болып жарияланды. Бұған жауап ретінде ризашылық білдірген франк королі рим папасы Стефан ІІ-ге Равенна экзархаты (ауданы) дейін мен рим облысын “силады”. Осылайша, Пипин Короткий рим папасының территориялық жағынан көлемді дербес мемлекет болып, біржолата қалыптасуына көмектесті (756). Папа мемлекеті 1870 жылға дейін өмір сүрді. Қазіргі Ватикан оның қалдығы болып табылады.
Пипин өзінің әкесі сияқты Аквитания мен Рейннің арғы жағындағы соғыстарды жалғастырды. Оның тұсында арабтар Оңтүстік Галлиядан біржолата қуылды. Осындай жігерлі саясатының нәтижесінде Пипин франк корольдығының онан әрі өрлеуіне алғышарттар жасады.
Пипин Короткийдің мұрагері Ұлы Карлдың тұсында франк мемлекеті империяға айналды (768-814 жж). Ұлы Карл каролингтер династиясының ең көрнекті өкілі болды (династияның аты онымен байланысты). Ол аты аңызға айналған, европа халықтарының көптеген жырларында кездесетін тарихи тұлға. Әлемдік империя құру мақсатында Карл басқыншылық соғыстар жүргізді. Европаның түкпір-түпкірлерінде ол 50 ден астам жорықтарға тікелей қатысты. 774 жылы Карл Италияға жорық жасап, ең соңғы Лангобард королі Дезидерияны тақтан тайдырып корольдықты өз иелігіне қосып алды.
Ұлы Карл арабтарғада қарсы жорыққа шығып 778 жылы Сарагосса қаласына дейін жетті, бірақ оны ала алмай кейін қайтуға мәжбүр болды. Осы жорықтың оқиғалары атақты ортағасырлық француз эпосы “Роланд туралы жырдың” сюжеттік негізі болды. Оның негізгі қаһарманы Карлдың әскери басшыларының бірі Роланд болды. Роланд жорықтан қайтып келе жатқан кезде баскі тайпаларының шабуылынан қаза табады. Алғашқы сәтсіздігіне қарамаған Карл Пиреней түбегіне қайтадан жорықтар жасап Барселонаны жаулап алды. Осы жердегі шекаралық межеде өз иелігі Испан маркасын құрды. Ең ұзақ соғысты Карл Саксонияда жүргізді. (772 жылдан 802 жылға дейін). Саксонияда бұл уақытта әлеуметтік жіктелу барынша жүріп жатты. Саксон ру тайпа шонжарлары – эделингтер, еркін саксондар – фрилингтер, жартылай еркін адамдар лаццилар деп аталды. Саксондарда кароль өкіметі болған жоқ, діни нанымдарында пұтқа табынушылық үстем болды.
Қарапайым саксон – фрилингтер франктарға қарсы табандылықпен күресті. Алғашқы франктерге қарсы күреске эделингтер қатысқан болатын. Алайда, Карл епті саясат жүргізе отырып, оларға жер үлестірді. Нәтижесінде ұзамай олар франктар жағына шыға бастады. Ұлы Карл сакстардың қарсылығын қатаң жазалау арқылы басып тастауға тырысты. 782 жылы Везер түбінде кезекті жеңістен кейін Карл кепілдікке түскен 4500 саксті өлтіруге бұйрық берді. Осы жылы “Саксония бойынша капитулярий” шығарып, шіркеумен корольге қарсы шыққандардың барлығы өлім жазасына кесілді. Соғыстың барысында және ол аяқталғаннан кейінде (804 ж) Карл сакстарды франктердің еліне, керісінше франктерді Саксонияға қоныс аудартып отыруды практикалап отырды.
Ұлы Карлдың жаулаушылық соғыстары оңтүстік- шығыс бағыттада жүрді. 788 жылы ол Баварияны өзіне бағындырды. 778-803 жылдары Карл Паннонияда орналасқан Авар қағанатымен соғысып жеңіске жетті. Оңтүстік славяндардың (словен) Карлды қолдауы шешуші маңызға ие болды. Авария қағанаты біржолата ыдырады.
Осындай жаулаушылық соғыстардың нәтижесінде Карлдың тұсында франк мемлекетінің шекарасы айрықша кеңейді. Енді оның көлемі батыста Эбро өзенімен Барселонадан – шығыста Эльба өзені мен Балтық жағалауларына дейін жетті. Бүкіл Италия дерлік Франк мемлекетінің құрамында болды.
Карл мен оның төңірегіндегілер үшін батыс рим империясы қайтадан тұрғандай болып көрінді.
Бұл римдік державалық дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Карлдың өзіде тек франктердің королі деген титулмен шектелгісі келмеді, ол әлемдік монарх – “римдіктердің императоры” титұлын алғысы келді”. 800-жылы Карл римге келіп, папа оны “римдіктердің императоры” деп жариялауға мәжбүр болды.
ІХ ғасырдың басында Каролингтердің халықаралық беделіде өте зор болды. Араб халифтері, Шотландия корольдары, Ирландия тайпаларының көсемдері Ұлы Карлдың ықыласына ие болуға тырысты. 812 жылы Карлдың императорлық титулын (“базилевс”) кейбір ескертулермен Византияда мойындады.
Орасан зор империяны басқару империядағы басқару жүйесін қайта құруды талап етті. Карл орталықтан чиновниктер арқылы басқарылатын мемлекетті құрғысы келді. Кароль сарайы палаций – елді басқарудың орталығы болды. Ең жоғарғы чиновниктер: палаталық графтар (жоғарғы сот және императордың орынбасары); архиканцлер (кеңсе басшысы), коннетабль (король ат қорасының меңгерушісі) т.б. болды. Жергілікті жерлердегі аса ірі чиновниктер графтар (лат. округ басшысы) мен олардың орынбасарлары викарлер мен вице-графтар болды. Бүкіл империя 98 графтыққа бөлінді. Жергілікті билік орындарының жұмысын тексеру үшін орталықтан жиі-жиі карольдік бақылаушылар ревизорлар жіберіліп отырды.
Императордың указдары жазбаша түрде хатталып капитулярийлер деп аталды. Бізге 250-ге жуық капитуляриилер жетіп отыр. Алайда сырттай қарағанда империя орталықтан басқарылғандай болып көрінгенмен, оған ішкі баянсыздық, әлсіздік тән еді. Жаулаушылық жолмен құрылған империя этникалық жағынан өте ала-құла болды. Империяның аймақтары мен ондағы түратын халықтар мен тайпалардың бір-бірімен байланысы әлсіз болды. Ұлы Карлдың тұсындада елдің тұрақты астанасының болмағандығын айтудың өзі жеткілікті. Тек өмірінің соңына қарай Ұлы Карл ұзақ уақыт тұрақты түрде Ахен қаласында отырып басқарды.
Франк империясы өзінің әлеуметтік саяси төркіні жағынан типтік әскери ерте феодалдық монархия болды. Оның ортақ экономикалық базасы, тілі, ортақ ұлттық мәдениетіде болған жоқ. Сырттай орталықтанған, бірақ іштей әлсіз мұндай саяси бірлестіктер, империялар жалпы ерте феодалдық европа мемлекеттеріне тән. (М., ІХ- ғасырдағы Ұлы Моравия державасы, Х-ғасырдағы Оттондар империясы, ХІ-ғасырдың басында Англия мен Скандинавияны т.б. елдерді біріктірген Ұлы Кнуттың мемлекеті т.б.)
Империяның ыдырауында орасан зор рөл атқарған Карлдың көзі тірісінде-ақ интенсивті түрде жүрген феодалдық процесі болды.
Ұлы Карл 814 жылы 72 жасында қайтыс болды. Ол қайтыс болысымен, оның құрған империясыда ыдырай бастады. Өйткені бұл жеткілікті экономикалық базасы жоқ ерте феодалдық әскери монархия еді. Натуралдық шаруашылықтың үстемдігі, жекеленген облыстар мен аудандардың тіпті поместьелердің тұйықтығы, қалалар мен сауда ісінің әлсіздігі. Мұның барлығы империяның ыдырауының оқшауланған алғы шарты еді. Ұлы Карлдың кезінде, оның тоқтаусыз жүргізген соғыстарының нәтижесінде әбден байып алған ірі феодалдар енді орталық билікке бағынғысы келмеді. Екінші жағынан Карлдың жүргізген соғыстары кезінде негізгі салмақ еркін франк шаруаларына түсіп, олардың саны күрт азайды. Осылайша, Карл өзін қолдайтын әлеуметтік топтан айрылды.
Ұлы Карлдың мұрагері Людовик Благочестивыйдың (814- 840) кезінде- ақ империя ыдырай бастады. 817 жылы Людовик Благочестивый (діндар) империяны өзінің ұлдарына бөліп беріп, формалды түрде жоғарғы билікті өзіне қалдырды. Бұдан кейінде қырқысу соғыстары толастамады. Людовик Благочестивый қайтыс болғаннан кейін оның ұлдары Лонсарь, Людовик Немецкий және Карл Лысыйдың арасында қырқысу соғыстары басталды. Үлкен ұлы Лонсарьға қарсы Людовиг Немецкий мен Карл Лысый одақ құрды. Ақырғы соңында, 843 жылы Верден қаласында Ұлы Карлдың үш немересі келісімге келіп, ол бойынша үлкен ұлы Лонсарь император титулын сақтап қалды, бірақ оның ешқандай құқы болмады. Екі інісі дербес иелігі бар корольдықтар болды. Лонсарьдың үлесіне Италия мен Рейн мен Миас, Шельда, Сена мен Ронаға дейінгі территориялар тиді. Рейннің шығыс жағы, қазіргі Германия территориялары Людовик Немецкийге тиді. Лонсарь иелігінен батыс бағыттағы иеліктер, яғни қазіргі Франция территориясы Карл Лысыйға тиді.
Сонымен, Верден келісімшарты бойынша қазіргі үш европаның ірі мемлекеттері – Франция, Германия, Италияның, соған сәйкес үш халықтың француз, неміс, итальян халықтарының негізі қаланды. Бұлардың үшеуінің ішіндегі неғұрлым “жинақысы” “батыс франктердің” мемлекеті болды. Көп ұзамай олардың астанасы Париж қаласы өрлей бастады. “Батыс франктердің корольдығы” Х-ХІ ғасырлардан бастап Франция деп атала бастады. Королингтер Х – ғасырдың соңына дейін билікті қолдарында ұстап тұрды, ал Германия мен Италияда Х – ғасырдың басында-ақ биліктен айырылған еді.
Францияда феодалдық бытыраңқылық тез қарқын алды. “Алғашқы француз королі” Карл Лысый ірі феодалдарға үнемі жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. 847 жылғы Мерсен капитулярийі бойынша, ол әрбір еркін адамның өзіне Сеньор табуына бұйрық шығарды. Сеньордың өз вассалдарына деген құқы, королдің бодандарына деген құқымен теңестірілді.
877 жылғы Кьерсий капитулярийі бойынша жер бенефицийлерінің мұралығы. Сондай-ақ граф лауазымының мұралықпен берілуі заңдастырылды. Осы уақыттан бастап бенефиций мұралық иелікке – феодқа, леннге – айналды. Граф, вице – граф (виконт), марк – граф (маркиз) және герцог титулдары мұралық княздық титулдарға айналды. Жергілікті жерлерде шын мәнісінде территориялық – мемлекеттік құқтарға ие болған, корольдің жоғарғы құқтарына ұқсас княздық династиялар құрыла бастады. Европа феодалдық бытыраңқылық дәуіріне барынша енді.
Соңғы Каролингтердің тағдырыда біркездердегі Меровингтердің тағдырына ұқсады. Соңғы Каролингтерде қабілетсіз, бейшара басқарушылар болды. Ақырғы соңында, осы уақытта (ІХ- ғасыр аяғы Х – ғасырда) нормандарға қарсы күресте көзге түскен граф Кушті Роберттің ұрпағы Гуго Капет шонжарлармен дін басылардың рұқсатымен жаңа Капетингтер династиясының негізін қалады (987).