Реферат пәні: Бизнестің құқықтық ортасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі37,53 Kb.
#56292
түріРеферат
  1   2   3


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСиТЕТ АСТАНА


РЕФЕРАТ


Пәні: Бизнестің құқықтық ортасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама.
Тақырыбы:Параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу. 


Орындаған: Сабитова камила (Финансы-21А)
Тексерген: Сеилханов Жанат Дуйсенбаевич


Астана қ. 2022ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Пара алу түсінігі
2. Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді.
Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Пара алу, пара беру - бұл лауазымды кылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлык ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында. Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды жэне олардың беделін төмендетуге, өкімет жэне атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады, тіпті ұлттық қауіпсіздікке төндіретін катері ерекше. Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық кағидаларының бүрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді. Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (366 бап); пара беру (367 бап); парақорлыққа делдал болу (368 бап);
Пара алу (366 бап) Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болтан адамның пайдасына жасаған іс-эрекеті (әерекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қатаздар, өзге де мүлік, мүлікке құкығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның кызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе - ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады. Пара алудың объектісі мемлекеттік аппараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады. Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады. Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялык заттар жэне де мүлікке қүкық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөңдеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу жэне т.б.). Қазіргі кезеңде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден, ғимарат, офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын пакты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден, параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталтан не басқа да қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әртүрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын: жол жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша қаражатын валютамен берілуін ұйымдастырады. Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі. Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді: ашық және көмескі түрлер. 
А) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамның өзіне тапсырылады немесе оның келісімі бойынша жақындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі.
Б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай қараганда заңды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәліге тапсырылады. Олар лауазымды тұлғаға ақшаны қайтарылмайтын негізде «қарызға» беру, оларға айлық, бір рет төленетін әр түрлі ақы, картадан өтірік ұтылу, пара алушының отбасы мүшелерін немесе туыстарын жалған жұмысқа алу, лауазымды тұлғаға еңбек шарты, контракт немесе кооператив мүшелігі бойынша бір жұмыс істеді деп жалақы, бағалы заттар беру және де лауазымды тұлғаға нақты істеген жұмысына немесе көрсетілген кызметіне ақысынан асыра отырып төленуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет