Реферат тақырыбы: «Аналитикалық шоттар»



бет1/2
Дата18.10.2022
өлшемі27,4 Kb.
#43971
түріРеферат
  1   2

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Бизнес және құқық жоғары мектебі


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Аналитикалық шоттар»


Орындаған: Темірғали Темірлан ФнК201
Тексерген: Утегенов Еркебулан Какимович

Көкшетау қаласы, 2022 жыл
Синтетикалық және аналитикалық шоттар
Кәсіпорынды басқаруда кәсіпорын жетекшісіне әр деңгейдегі бухгалтерлік есептің мәліметтері қажет болады. Осыған орай бухгалтерлік есепте есептелетін объекті бойынша жинақталған ақшалай өлшеммен, көрсетілген мәліметтермен қатар есептелетін объектінің түрлері бойынша да жекеленген мәліметтер керек. Міне осы талапты қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік шоттар екіге бөлінеді:
1.Синтетикалық (жинақтайтын) шоттар
2.Аналитикалық (талдайтын) шоттар
Синтетитакалық шоттар дегеніміз – есептелетін объект бойынша жинақтап ақшалай өлшеммен ақпарат беретін әдіс.
Аналитикалық шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар.
Аналитикалық шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған байланысты олар дербес болмайды.
Аналитикалық шоттарда есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы, көлемі) өлшеммен және ақшалай өлшеммен көрсетіледі.
Аналитикалық есеп шоттарында қалдықтары және өзгерістері синтетикалық шоттардікіндей жақтарында көрсетіледі. Аналитикалық шоттардың қалдықтары сонымен қатар дебеті және кредиті бойынша айналымдары жалпы сомасында, осы аналитикалық шоттарды біріктіретін синтетикалық шот бойынша қалдық пен айналымға тең болуы керек.
Аналитикалық шоттар бойынша соңғы қалдықтарын анықтау тәртібі синтетикалық шоттар бойынша соңғы қалдықтарын анықтау тәртібімен бірдей.
Аналитикалық есептің бақылаулық маңызы зор, әсіресе тауарлы-материалдық құндылықтардың сақтығы үшін, олар тек сомасы бойынша ғана емес, сонымен бірге табиғи-заттай өлшемдерде саны бойынша да есепке алынады.
Аналитикалық есеп жүргізу қажеттілігі мынадан туындаған: синтетикалық есеп казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық жағдайында субъект қызметіне барынша толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, материалдық құралдардың (ресурстардың) жекелеген түрлерінің қозғалысына қорытынды бақылау жасап, тіркеу жұмысы әрбір нақты заттың қозғалысы мен жағдайы туралы нақты деректерді қажет етеді және т.б.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу шоттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы ұйымдардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың. Тауарлы-материалдық босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т.б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады.

Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі егжей – тегжейлі сипаттама береді.
Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың орнын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты.
Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай материалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.
Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың (немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашылатын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.
Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік. Онда
№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша екі аналитикалық шот ашамыз.
КАБЕЛЬ

Дебет

Кредит



Операция мазмұны

Мөл- шері

Сома- сы



Операция мазмұны

Мөл- шері

Сома- сы

1.

20…ж. 1 қаң- тарына С.

40

10000




2.


Ташкенттен келіп түсті

120


30000


1.


Өндірістік мұқтаждар-
ға осатылды

238


59500


3.

Семейден келіп түсті

80

20000




4.


Қаңтар айының айналымы

200


50000


2.


Қаңтар айының айналымы

238


59500


5.

20…ж. 1 ақ- панына С.

2

500













Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 250 теңге
СЫМ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 100 теңге

Дебет

Кредит



Операция мазмұны

Мөл- шері

Сома- сы



Операция мазмұны

Мөл- шері

Сома- сы

1.

20…ж. 1 қаң- тарына С.

100

10000




2.


Қаңтар айында келіп түсті





1.


Өндірістік мұқтаждарға босатылды

5


500


2.

Қаңтар айының айналымы





2.

Қаңтар айының айналымы

5

500

3.

20…ж. 1 ақ- панына

95

9500




Аналитикалық шоттардың мәліметтері синтетикалық шоттардың мәліметтерімен салыстырылады.
1. Айдың басына сальдо: 10000 + 10000 = 20000
2. Дебет бойынша: 50000 + 0 = 50000
3. Кредит бойынша: 59500 + 500 = 60000
4. Айдың соңына сальдо: 500 + 9500 = 10000

Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларын- да (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді талап етпеген жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда жүргізіледі. Сол себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет