АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСТИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы
халық-азаттық күресі
Орындаған: Қадырбай Аружан
Топ: ТПерП-23-11
Тексерген:Алдекен Айнұр
Алматы 2023
1914 жыл 1 тамызда 38 мемлекет қатысқан I дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысты бастаушы бәсекелес әскери-саяси блоктар: үштік одақ (Германия, Австро-Венгрия) және Антанта (Англия, Франция, Ресей). “Қазақ” газетінде Ə.Бөкейхановтың “Тағы соғыс” мақаласы жарияланды: “Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ".
20 ғасырдың басында Қазақстан шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді. 1907-1912 жылдары елдің еуропалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды.
1917 жылы егістік пен жайылымдардың 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды. Өз елінде жерсіз қалған қырғыз-қайсақ батырақтары пайда болды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нəтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді. Т.Рысқұлов: “1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды” деп жазды.
I дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ даласынан арзан бағамен көп бұйымдар жиналды. Cоғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді, негізінен азықты темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды. Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулак шаруашылығына, кәсіпорындарға “ерікті түрде” жұмысқа тартты. 1913 жылы А.Байтұрсынұлы “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды” – деп жазған болатын.
1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі – ұлттық жəне əлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі. Ал көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор – қазақтан қара жұмысқа жігіт алу. 1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығы шықты.
1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” – деп жазды.
1916 жылы 23 тамызда шыққан Түркістан генерал-губернаторы А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам, молда, мүдəрістер, есепшілер, үкімет мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар, дворян жəне құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері. Бұл кедейлердің ызасын келтірді.
Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Көтерілісші жасақтары құрылып, қара жұмысқа шақырылушылардың тізімін, борышқорлық және салық тілхаттарын жойып жіберді, жерді сату басқармаларын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.
Ырғыз, Торғай уездерінде ақсүйектердің 9 өкілі хан көтерілді. Ақмола облысының Ерексай және Әйелді болыстарында хан және 4 қазы сайланды. Шерубай-Нұра болысында – Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында – Оспан Шоңов, Верный уезінің Жайымтал болысында – Бекболат Əшекеев, Торғай уезінде – Орта жүздің биі Нияздың немересі Əбділғафар Жанбосынов хан болып сайланды.
Болыстық басқару жүйесі қалпына келтіріліп, ел бегі – əкім, сот алқасы – жасақшы, қазына билеуші – қазынашы, қолбасшы – сардарбек тағайындалды.
Верный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерілісшілерімен байланыс орнатты.
Албандар ұйғыр, қырғыз және дүнгендермен күш біріктіріп, қимыл жасады.
Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған либерал-демократиялық зиялылар қазақтарды “Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті” деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз” – деп жазды.
Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды ұсынды. Олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда халықтың тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар” – деп жазды. Либерал-демократиялық зиялылар патша үкіметімен ымыраластық бағыт ұстанды. Олар халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дəлелдеді.
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Ə.Жангелдин, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ә.Майкөтов, С.Меңдешев, Б.Алманов сияқты өкілдері қатысты. Ал байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.
1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Қозғалыс стихиялы түрде басталды және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болмады. Оған шаруалардан басқа көмір кеніштерінің, мұнай кәсіпшіліктерінің, Ертіс кемешілігінің, Омбы, Орынбор – Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.
Қозғалыстың басты қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы болды. Жалпыұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларын қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс проблемалары географиялық жағынан да өте тар шеңберде қарастырылады: негізінен көтерілістің Жетісу ошағы мен Торғай орталығына баса назар аударылды. Қазақстанның батыс аймағы бойынша, өкінішке орай, толыққанды зерттеулердің осы күнге дейін жоқтығын айтуға тура келеді. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
Соның ішінде Түркістан бойынша: Сырдария облысы-87 мың адам, Жетісу облысы-60мың адам, Ферғана облысы-50 мың, Самарқанд облысы-38 мың адам, Закаспий облысы-15 мың. Ақмола облысы-48316 адам, Семей облысы-85479 адам, Орал облысы-50270 адам, Торғай облысы-49489 адам. [1]
Патша жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстанның батыс аймақтарында да шұғыл түрде әскери-әкімшілік шаралар қолға алынды. 1916 жылғы 25 маусым жарлығы Торғай, Орал облыстарына 28-29 маусым күндері телеграф арқылы жеткізеді. Ресей ішкі істер министрлігінің 1916 жылғы 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Орал облысынан 50270 адам, Торғай облысынан — 49489 адам майданының қара жұмыстарына алынуға тиіс болды. Сөйтіп, Қазақстанның батыс аймағынан 1916 жылғы жарлық бойынша, шамамен 90 мыңдай адам жұмысқа алынуы тиіс болды. Оның ішінде Ақтөбе уезінен 12895, Ырғыз уезінен 12510, Орал облысының 4 уезінен 50270, Маңғыстау уезінен 3 мың адам тізімге ілінді. Майданға алынған қазақ жігіттері, негізінен Солтүстік, Батыс, Оңтүстік-Батыс және Кавказ майдандарында, яғни Ресей, Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказ территориясында майданның азапты қара жұмыстарын атқарған. Темір жол, ішкі істер министірлігі т.б. ведомстволарының қарамағына бөлінген қазақ жігіттері Ресейдің ірілі-уақты станциялары мен бекіністеріне жіберілген. Қызылордадан жұмысқа алынған 1088 қазақ Новосибирск және Томск губерниясында темір уезінен жұмысқа алынған 900 қазақ жігіттері. Дэпо станциясында, 160 қазақ Валдай станциясында вагондардан жүк түсіру жұмыстарын атқарған, Бөкей Ордасынан 1500 қазақ – Рязань губерниясында ағаш дайындау істерімен айналысқан.
Кейінгі тарихи оқиғалар Алаш қозғалысы лидерінің патша жарлығына қарсылықсыз көнуі туралы пікірінің дұрыстығын дәлелдеді. Қазақстанның барлық территорясында, соның ішінде Батыс Қазақстанда болған көтеріліс пен толқулар көтерілісшілерге ойдағыдай толық нәтиже берген жоқ. Патша үкіметі алдын-ала ойластырып, қазақтарды қарудың күшімен белгілі бір мөлшерде тыл жұмыстарына баруға көндірді. Мобилизацияға ұшыраған жігіттерді сауатты азаматтар бастап, олардың жағдайын септігін тигізді. Көптеген жұмысшылар майдан даласында солдаттармен араласып, жалры бірінші дүние жүзілік соғыс, патшалық Ресейдің әлеуметтік саяси-экономикалық жағдайы туралы көп түсінік алды. Солардың көпшілігі Қазақстанның батыс бөлігінің жігіттері еді. 1916 жылғы көтеріліс мәселелерінің тереңірек түсіну үшін, кеңес үкіметінің тоталитарлық режимінің қатаң цензурасына байланысты осы уақытқа дейін көпшілікке белгісіз болып келген М.Шоқай, Б.Хайт сияқты ұлт зиялыларының еңбектерінің маңызын бөліп айтқан орынды. [2]
Бұл еңбектерде нақтылы деректер арқылы 1916 жылғы көтеріліс Ресейдің үстемдігіне қарсы болған бұқаралық көтеріліс деп бағаланып, оның негізгі шығу себебі елдің отарлық қанауға ұшырауына байланысты деп атап көрсетіледі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің алуы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көптеген даулы мәселелері мен «ақтандақтар беттерін» тарих шындығы тұрғысынан зерттеп баяндауға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты қазақ ауылының көтеріліс алдындағы ерекшеліктері, Қазақ инттеллигенцыясының көтеріліске деген көзқарасы, патша жарлығы жарияланғаннан кейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігу дәрежесі, көтерілісші сарбаздар мен олардың отбасыларының Қазақстаннан тыс жерлерге кетіп қалу жағдайлары және оның себептері, майданның қара жұмысына алынған жігіттердің тағдыры т.б. көптеген мәселелер қазақ халқының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан жазыла бастады. К.Нүрпейісов «Азаттық үшін арпалыс» деген мақаласында көтерілістің Торғай және Қазақстанның басқа аймақтарындағы оқиғаларды сипаттай келіп: «Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштылықтың өріс алуы, міне, осының бәрі еңбекші бұқара тарапынан жаппай наразылық тудырады.
1916 жылғы көтеріс кең байтақ өлкенің барлық аймықтарын қамтып, бүкіл қазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік халық жат саясатқа қарсы бағытта өрбіді», — деп тұжырым жасайды.[3] Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалыстарын шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл жерлерінің империализмнің жалпы ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқасының таптық сана-сезімін арттыруда зоррөл атқарды. Көтеріліс негізгі қорғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық инттелигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғанадар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Алайда 1916 жылғы көтерілісі жеңіліске ұшырады. Себебі ол алдын-ала жоспарланған бас көтеру емес еді, көтерілістің жеңілуі заңды құбылыс еді. Оның негізгі себебі, көтерілістің-елдің ең сапалы құбылысы еді. Бастауыш тобы ұлт зиялыларының қолдауына ие болмады. Қазақ интеллигенйиясы орыс империясының өзінің отаршылдық саясатын жүзеге жолында халықты қару күшімен аяусыз басып-жаншу әрекеті қолданатынын түсініп, елді бүлікшіліктен сақтандырды, көтерілістен бас тартуға шақырды. Бұл кезде елді тәуелсіздікке бастап егемендік мақсат-мұратқа жеткізетін саяси күш әлі де толық қалыптаспады. Сондықтан көтерілісшілер тарихи дәстүрмен хандықтар мен хандарды қайта құру әдісімен отаршылдыққа қарсы күресті. Бірақ бұл әдіс тарихтың жаңа мақсаттары мен мұраттарын іске асырмады.
Көтеріліс жазалаушы отрядтардың күшімен басылды. Жігіттер еріксіз майдан жұмыстарына алынды.1916 жылғы көтеріліс сол тұста қазақ қоғамында феодалдық-пиатриархалдық қатынастардың әлі де болса күштілігін аңғарды.
Дегенмен, 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде патша жарлығы жартылай ғана жүзеге асты, империялық саясаттың негізіне елеулі соққы берілді. Қазақтың ұлт-азаттық қазғалысы 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік құрылыстың жаңа заманға сәйкес түрін келесі 1917 жылға мақсат етіп қойды, сөтіп 1916 жылғы көтеріліс ұлт-азаттық күрестің жолайырық кезеңіне айналды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты.