Реферат Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы Орындаған: Алдаберген. А


Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі36,83 Kb.
#16906
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері.

Конфликтінің құрылымы - оның тұтастығы мен әлеуметтік өмірдің басқа құбылыстарынан айырмашылығын қамтамасыз ететін конфликтінің тұрақты байланыстарының жиынтығы. Бұл жиынтықсыз конфликт динамикалық өзара байланысты жүйе және процесс ретінде өмір сүре алмайды.

Конфликтінің құрылымдық анализін жүргізгенде оның объективті және субъективті құрамдас бөліктерін ажыратып қарастырған жөн.

Объективті бөлігіне қатысушыларды, конфликтіге себепші затты, мәселені, инцидентті және жағдай болып жатырған әлеуметтік-психологиялық ортаны жатқызады. Ал, субъективті(психологиялық) бөлікке мақсатты, қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды және қатысушылардың құндылықтарын жатқызуға болады. Конфликтіге себепші мәселе конфликтінің негізі болып табылады.

Конфликтінің объектісі ретінде қатысушы жақтардың әрқайсысы қол жеткізуге үміттенетін, сол арқылы жақтардың арасында қарама-қайшылық туындататын немесе бір жақтың мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін нәрселер(ресурстар, мүлікке иелік ету құқығы, шешім қабылдау құқығы, жаңа лауазым және т.б.) түсініледі. Кез-келген конфликтінің қозғаушы күші адамдар, яғни, конфликтінің қатысушылары болып табылады. Қызығушылықтары бұзылған конфликтілі әрекеттің қатысушылары конфликтінің субъектісі болып танылады. Олардың рөлінде жеке тұлға, топтар, бөлімдер немесе тұтастай ұйым болуы мүмкін.

Конфликтілі жағдайға қатысу деңгейіне қарай субъектілердің мынандай категориялары қарастырылады: негізгі қатысушылар, қолдаушы топтар және басқа қатысушылар.

Негізгі қатысушылар конфликт барысында бір-біріне тікелей белсенді түрде әрекет етеді.

Негізгі қатысушылар арасында бөлінеді:

1. Оппонент (өзінің проблемаларының шешілмейтіндігіне көзі жеткен конфликтінің қатысушысы);

2. Қарсылас (басқаға кедергі келтіру арқылы өзінің қызығушылықтарын іске асыруға тырысатын оппонент);

3. Агрессор (агрессивтілік көрсетуші қарсылас);

4. «Жау» (қарсылас жақты толығымен жойып жіберуді мақсат тұтатын қарсылас).

Кей кезде конфликтіні ұйымдастырушы болады. Оны конфликтінің инициаторы деп атайды. «Конфликтіде оппоненттің өзінің мақсаттарына жету мүмкіндіктері, оның таныстары, физикалық және әлеуметтік мүмкіндіктері, білімі арқылы бағаланатын «күші», конфликтілі жағдайлардағы тәжірибесі оппоненттің рангы деп аталады».

Қолдау көрсетуші топқа оппонеттердің артында тұрған күштерді, белсенді әрекет етушілер мен моральды қолдау көрсетушілерді жатқызуға болады. Олар көбіне достары мен коллегалары болуы мүмкін.

Басқа қатысушыларға оқиғаның қай бағытта өрбитіндігіне әсер етушілер жатады: арандатушылар, ұйымдастырушылар, конфликтінің медиаторлары. Арандатушы қатысушыларды конфликтіні бастауға итермелейді. Ұйымдастырушы нақты іс-әрекеттерді жоспарлау арқылы конфликтінің барысын қадағалайды. Медиатор (арадағы адам, судья) конфликтіні шешуге тырысады.

Объективті құрамдас бөліктерге орта жағдайы, яғни конфликт пайда болған макро және микроорта жатады. Орта жағдайына анализ жасаған кезде ең бірінші әлеуметтік-психологиялық ортаны, соның ішінде сол адам өкіл болып табылатын әлеуметтік топты немесе жақын араласатын адамдарды есепке алады. Орта жағдайларын есепке алу сол конфликтінің мәнін түсініп, писхологиялық құрылымын тереңірек зерттеуге септігін тигізеді.

Субъективті(психологиялық) құрамдас бөліктерді зерттеу конфликтінің құрылымдық анализін жасаған кезде аса жоғары қызығушылық туындатады.

Мотив субъектіні конфликтілі жағдай туындатуына итермелейтін оппоненттің қызығушылықтарын орындауына байланысты болатын ішкі және сыртқы жағдайлардың есебінен анықталады. Көп жағдайда қатысушылардың іс-әрекеттерінің негізгі түпкі мотивін анықтау өте қиынға соғады. Себебі, конфликт басталғаннан кейінгі айқындалатын мотивтердің бұл істің басталуына себепкер болған мотивтерден үлкен айырмашылығы болады. Конфликтте оппоненттің белсенділігінің артуы олардың бір нәрсеге деген мұқтаждығының (ресурстар, билік, рухани құндылықтар, қауіпсіздік және т.б.) негізіндегі талаптары есебінен болады.

Қатысушылардың қызығушылықтары мен позициялары конфликтінің маңызды психологиялық жағдайларына жатқызылады. Позициялардың сәйкессіздігі конфликтінің пайда болуына қажетті (бірақ, жеткіліксіз) шарты болып есептеледі. Конфликт қатысушылары әрекеттерінің себептері өздерінің қызығушылықтарына қол жеткізуге деген қалауларына тәуелді.



Қызығушылықтарға мыналарды жатқызуға болады: жұмыстастардың тарапынан сыйластық пен рахат сезім беретін тұрақты жұмыс; жұмыс жасауға ыңғайлы орын және т.б.

Конфликтінің психологиялық құрамдас бөліктеріне оппонентер дәметіп отырған құндылықтар болуы мүмкін. Құндылықтарды жалпы (ой-пікірдің ақиқаттығы, шешімнің әділеттілігі және т.б.) және жеке (ар, намыс, тұлға ретіндегі ерекшелік сезімі және т.б.) деп бөліп қарастыруға болады.

Конфликтіге қатысушылардың өз-өздерін ұстауы - конфликтілі құбылыстың нәтижесін әр түрлі көрулеріне байланысты. Конфликтте стратегиялық (конфликтіге себеп болған затты иелену) және тактикалық (уақытша-келісімге келу) мақсат болып ажыратылады. Кейбір жағдайларда негізгі стратегиялық мақсат деформацияға ұшырап немесе қарсыласқа максималды түрде зиян келтіру сияқты мақсатқа айналуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет