Реферат тақырыбы: Мамандығым мақтанышым



Дата03.12.2023
өлшемі26,4 Kb.
#133749
түріРеферат
Байланысты:
Мамандығым мақтанышым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Мамандығым мақтанышым


Орындаған: Тохтарбек Нұрсәуле
Мансурова Нұрдана
Қамидолла Элеонора
Сарсеков Асет
Тексерген: Мендигалиева Гүлжүзім

Атырау, 2023
3 
ЖОСПАР:
Кіріспе

  1. 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық

  2. Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс.

  3. Бұл мамандық – өте қызықты.

Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мен осы мамандықтардан мұғалім мамандығын таңдадым. Шынымды айтсам мамандық таңдаудан қатты қиналдым. Бірақ ата-анамның ойын тыңдап осы мамандықты таңдауды шештім. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы іс. Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында ұстаздың жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» - деп бекер айтылмаған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие — әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы. Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. «Мұғалімнің мақсаты — оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашу» — Конфуций Осыдан он жыл бұрын ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым әлі есімде. Сол ұстазымды көріп жүріп болашақта мұғалім болуды армандадым. Менде өзімнің алғашқы ұстазым секілді болғым келеді. Сондықтан болашақта оқушылардың жақсы тәрбие және білім алуы үшін көп еңбектенетін боламын.


Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 8-сыныпта таңдадым.
Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту",-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
Осы орайда мен мамандығыма, заманға сай жетік елші болып шығуыма және Қазақстанды шет елдерге танытуға бар күшімді саламын. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірушілердің мына қызмет түрлерімен айналасу мүмкіндігі бар: мұнай-химиясы синтезінің технологиясы, көмірсутек шикізатын дайындау процесстері, қазып шығару және тасымалдау технологиялары, көмірсутек шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің химиялық технологиясы, биологиялық белсенді заттардың химиялық технологиясы, көмірсутек шикізатын пайдаланудың химиялық технологиясы.
Бұл мамандық – өте қызықты. Себебі ол бұл әлемде жоқ жаңа затты ойлап табуға мүмкіндік береді. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. 
Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы болу емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін!
Мен 18 жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынын да сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасы өскелең ұрпақ үшін құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш шығармаспын:
«…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…».
Нағыз ұстаз болу — бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Өмірде мамандықтың сан түрі бар, мәселен: аспазшы, есепші, сатушы, тоқымашы, заңгер, кітапханашы, дәрігер тағысы тағы бар тізбектей берсең өте көп. Бірақ менің таңдауым болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісі, яғни ұстаздық мамандығы болды. Әрине бұл таңдауыма әсте өкінбеймін, керісінше сол жаңағы айтып кеткен мамандық иелерін оқытып-тоқытатын осы біз, ұстаздар қауымы емес пе?! Сондықтан өз ісіне берілген, шәкіртінің жанынан ұрқұя білген ұстаздың өмірі қашанда қызықты. Ұлағатты ұстаздар қатарына ену менің ақ басты мақсатым.

ҚОРЫТЫНДЫ


Анамның айтуы бойынша мен бала күнімнен осы мамандықты риясыз жақсы көрсем керек. Күн ұзақ қуыршақтарды партаға тізіп қойып мұғалім болудан жалықпаған екенмін. Есейе келе бұл қылығым шынайы арманға айналды. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да үнемі ізденіс үстінде болып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізуге, еңбек жолына абыройлық артуға барын салады. Мұғалімге артылған мұндай жауапкершілікті әрбір ұстаз сезінеді деп білем. Ең бастысы мен өз мамандығымнан рухани күш аламын. Оқу кезеңінен бері оқушыларыма әбден үйренісіп алдым. Маған бекітілген сыныбымның ынтымағы бекем, достығы жарасқан болуына аса көп көңіл бөлемін. Мектепке кіргеннен-ақ оқушылардың жүздерін көріп шаттанып қаламын. Әр оқушының ойын еркін жеткізе алатындай жағдай жасауға тырысамын, өйткені алдымызға келген балалар біреудің маңдай алды жарығы, тәуелсіз еліміздің еркін азаматтары.
Мен — осы қиын болғанымен құрметті, ауыр болғанымен абыройлы — мұғалім мамандығын таңдағанымды мақтан етемін. Дүниедегі мамандық атаулының төресі болған ұстаздық жолында жүрген мен өзімді бақытты жандардың бірі санаймын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Әбиев Ж.Ә. және т.б. «Педагогика» Алматы 2004

  2. Л.Омарова «Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері» Бастауыш мектеп 2004 №2

  3. Е.Дайрабаев А.Дайрабаева «Педагогика пәнінің негіздері» Алматы 2005

  4. Ғаббасов С.С. «Халық педагогикасының негіздері» Алматы 1995

  5. Тілеубаева Г. «Дәстүрлі отбасы тәрбиесі» Мектеп 2005 №5

  6. Ұзақбаева «Тамыры терең тәрбие» Алматы 1995


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет