Реферат Тақырыбы: Механикалық жүйеге әсер ететін сыртқы және ішкі күштерді анықтау



Дата25.11.2023
өлшемі134,46 Kb.
#126890
түріРеферат

А
бай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

СӨЖ-4


Реферат
Тақырыбы: Механикалық жүйеге әсер ететін сыртқы және ішкі күштерді анықтау
Орындаған: Сәрсен Амина
Тобы: ФЕК-207
Қабылдаған: Тукен Мадина
Алматы-2023
Жоспары:



  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім

Сыртқы күштер
Ішкі күштер



  1. Қорытынды




  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Материалық нүктелердің механикалық жүйесі деп қозғалыстары өзара тәуелді болып келетін материалық нүктелер жиынтығын айтады.


Механикалық жүйедегі әрбір жеке нүкте қозғалысы ондағы барлық басқа нүктелердің қозғалыстары мен олардың орналасу жағдайына тәуелді анықталады. Егер қозғалыс кезінде жүйедегі нүктелердің бір-бірінен ара қашықтықтары өзгермей сақталатын болса, онда бұл жүйені өзгермейтін механикалық жүйе дейміз. Абсолют қатты дене өзгермейтін механикалық жүйе ретінде қарастырылады. Демек, механикалық жүйенің айрықша белгісі – оның нүктелерінің арасында өзара әсерлесу күшінің бар екендігі. Осыған қарағанда материалық нүктелердің кез келген жиынтығы механикалық жүйені құра алмайтындығы белгілі.


Механикалық жүйенің қозғалысын әрқашан қандай да бір санақ жүйелерге қатысты қарастырады (олар инерциялық және инерциялық емес те болуы мүмкін). N материалық нүктелерден құрылған механикалық жүйенің орны декарттық санақ жүйесінде 3N координаттармен анықталады. Нүкте үшін қисық сызықты координаттарды қолдануға болады, ал қатты дененің орнын полюс және Эйлер бұрыштары арқылы білуге болады.


Механикалық жүйе еркін және еркін емес жүйе түрінде кездеседі. Нүктелердің кеңістікте орын ауыстыру еркіндіктері шектелмеген материалық нүктелердің механикалық жүйесін еркін жүйе дейміз.


Еркін механикалық жүйе кеңістіктің кез келген жерінде бола алады және кез -келген жылдамдықты қабылдай алады. Ал механикалық жүйенің еркін қозғалуын тежеп отыратындай алдын ала жүйеге қосымша шарттар қойылған болса, онда оны еркін емес механикалық жүйе деп атаймыз. Нүктелерінің орын ауыстыруларын тежеп, шектейтін жүйеге алдын-ала қойылған қосымша шарттар байланыстар делінеді. Аналитикалық тұрғыдан алғанда байланыстар жүйедегі нүктелер координаттарының және олардың жылдамдықтарының арасындағы тәуелділікті көрсететін теңдіктер немесе теңсіздіктер түрінде беріледі. Байланыстармен біз алғаш рет статикада кездескенбіз. Онда байланыстар – берілген қатты дененің еркін орны ауыстыруларына бөгет жасайтын – өзге денелер деп қарадық. Динамикада байланыстар ұғымына әлдеқайда кең де терең мағына беріледі.

Берілген механикалық жүйе нүктелеріне әсер ететін барлық күштерді сыртқы және ішкі күштерге бөлуге болады.


Механикалық жүйенің сыртқы күштері деп осы жүйе құрамына кірмейтін денелердің жүйе нүктелеріне жасайтын әсерлерінен туатын күштер аталады.


Берілген механикалық жүйе нүктелерінің арасында болатын өзара әсерлесу күштерін ішкі күштер (11.1-сурет) деп атаймыз.


АС=0,2+1,2t заңы бойынша АВ сырық бойымен жылжыма С сырғанайды. Жылжыманың массасы 1кг. АВ сырықтың инерция моментi Jz=2,5кг×м2. Уақыт t=1с тең болғанда, АВ-ның бұрыштық жылдамдығын анықтау керек. Бастапқы бұрыштық жылдамдығы w0=10рад/с.



Механикалық жүйенің сыртқы күштері деп осы жүйе құрамына кірмейтін денелердің жүйе нүктелеріне жасайтын әсерлерінен туатын күштер аталады.
Берілген механикалық жүйе нүктелерінің арасында болатын өзара әсерлесу күштерін ішкі күштер деп атаймыз.


Теорема. 
Механикалық жүйе қандай жағдайда болса да, яғни қозғалыста немесе тыныштықта, оның ішкі күштердің бас векторы және олардың кез келген центрге қатысты бас моменті нөлге тең:
.
Денелердің қозғалысы, негізінен массалардың дененің көлемінде қалай таралып, қалыптасуына байланысты болады. Массалардың денеге таралуын сипаттайтын шамалар жөніндегі механика тарауын массалар геометриясы деп атайды. Өйткені бұл тарауда дене қозғалысы зерттелмейді, тек оның массасының таралуын сипаттаушы шамалардың геометриялық қасиеттері тағайындалады. Мұндай шамалар механикада инерция моменттері деп аталады да олар жүйенің  нүктелерінің массалары мен олардың координаттардың функцияларына көбейтінділері арқылы анықталады: , мұнда  - моменттің дәрежесі. Инерция моменттері бірнеше түрге бөлінеді: нүктеге қатысты алынған (полярлық) инерция моменті, өске қатысты алынған инерция моменті, жазықтыққа қатысты алынған инерция моменті.
бірінші дәрежелі моментін кез келген О центрге қатысты нүктелердің массаларының статикалық моменті деп, ал  екінші дәрежелі моментін – О центрге қатысты жүйенің инерция моменті деп аталады. 
Массалар  , саны  материалық нүктелерден құрылған жүйені қарастырайық. Бұл жүйенің  нүктесінің массасы  , ал радиус-векторы  болсын делік
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://elib.kstu.kz/fulltext/books/Teoreticheskaya%20mehanika%20kaz/teory/11.ht

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет