«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Морфология кафедрасы, Гистология блогы
Реферат
Тақырыбы:
Несеп шығару жүйесі мүшелерінің жастық ерекшеліктері
Орындаған:
Абдирасил
Әдемі Асқарқызы
Топ:
2-009 ом
Қабылдаған:
Кушербаев.С.А
Қарағанды 2023
Кіріспе
Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы.
Зат алмасуы нәтижесінде
тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар
ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп,
бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз
қалдық заттары клеткадан,
ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы
тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық,
минералдық
күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері,
қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал,
мочевина,
фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы
заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт
қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады.
Демек зат
алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден
сыртқа өкпе, ішек, бүйрек,
қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып,
организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін,
денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.