ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері»
Орындаған:Сайлау Ажар
Тобы:1703-52
Қабылдаған:Мантаева Т.С
Шымкент, 2023
Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.
Тарихи шындық түркі халықтары жоғарыда аты аталған екі дәуірдің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне, рухани құндылықтары мен өркениетіне ортақ. Сол үшін түркілер Ислам өркениетіне не берді? Ислам өркениетінен қандай үлес алды деген сұрақтарға ортақтаса жауап беруге де тиіс.
Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.
Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес.
Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед )с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632( рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.
Ислам тарихында бір шындыққа ат үсті қарауға болмайды. Ол аталған үш елдің ғылымымен бірге қоғамдық ортасында да араб тілінің үстемдігі еді. Бұл үрдіс Үммейе халифаты(661-750) билік құрған жылдары айрықша ушықып тұрды. Әсіресі Үммейе саясатында арабтардан өзге халықтарды кемсіте «Әжәм»,-деп атағаны парсы жұртына ауыр тиді. Сол себепті ирандық ұлтшылдар арабтардың ұлттық саясатына қарсы шықты. Соның нәтижесінде Үммейе халифатына қарсы иран көтерісшілерді басқарған Әбу Мүслім Хорасани жеңіске жетіп, Үммейе династиясын халифаттан құлатып, Аббас әулеттерінің халифат тағына отыруына сеп болды.
Аббас халифаты (750-1258) мұсылман, араб емес ұлттарға ымырашыл саясат ұстанды. дегенмен араб тілінің ықпалынан иран елінде парсы тілі ұмыт болып бара жатқан шақта тілі парсы, діні ислам сұнни ханафи болған Саман әулеттері халифаттың нұсқауы бойынша Хорасан мен Мауароннарде(892-1005 ) әмірлік тізгінін ұстады. Хорасанда әмір болған Мансұр ибн Саман парсы тарихы мен мәдениетіне айрықша көңіл бөлгені соншалық оның басқаруымен ежелгі иран тарихының деректері жинақталып, жаңа парсы дәри тіліне проза түрінде аударылды. Бұл жинақ аталған әмірдің құрметіне ” Шаһнаме Мәнсұри” деп аталды. Бұл кітап иранның ежелгі дәуір патшаларының өмірін баяндайтын шығарма еді.
Қ.А.Йасауи түркілердің исламдық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Қ.А.Йасауи шығармасының артықшылығы да оның исламдық мазмұнында болғандығы. Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиеті Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333), Жүніс Әмре(1238-1320) сынды мемлекетшіл сопы-ақындар Орталық Азия мен Анадолыда Түркілердің рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар Йасауидің ислами тәлімдері қазақ даласына Бекет Ата (1750-1813) арқылы кең тарады.
Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің “ренесанс-қайта өрлеу” дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850) алгебр мен логаритм ғылымын дүниеге алып келді. Әбунәсір Әл- Фараби(870-940) философия, логика, музыка секілді салалардың жаңа биігін қалады. Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50) тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылыми салаларда энциколопедист ғалым ретінде адамзат ғылымына орасан зор үлес қосты. Әбу Әли ибн Сина(980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз.
Қолданылған сілтемелер:
https://abai.kz/post/37904
https://ppt-online.org/731029
Достарыңызбен бөлісу: |