Реферат тақырыбы: Туыстар мен стационарда паллиативті көмек көрсетуге үйрету



Дата19.04.2023
өлшемі79,26 Kb.
#84728
түріРеферат

РЕФЕРАТ


ТАҚЫРЫБЫ:
Туыстар мен стационарда паллиативті көмек көрсетуге үйрету.


Стационарда және үйде паллиативті көмек көрсетуге туыстар мен волонтерлерді оқыту.


Орындаған:Төлеген Айман Төлегенқызы
Паллиативті көмек - бұл тек дертті жеңілдету ғана емес. Ол өмірінің соңғы күндерін өткеріп жатқан науқастың физикалық, психикалық және эмиционалды жан азабын жеңілдетіп, сонымен қатар науқастың жақын туыстарына қолғабыс болуды діттейді. Қарапайым тілмен айтқанда , паллиативті көмек дегеніміз - ауруы асқынған, өлім аузында жатқан науқастың жан азабын жеңілдету көмегі. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, паллиативті көмекке мұқтаж жандардың үштен бір бөлігі қатерлі обырға шалдыққан болса, қалғандары асқынған : жүрек, өкепе, бауыр, бүйрек, ми ауруларына және өмірге асақауіпті ВИЧ, емделмейтін туберкулез дертіне шалдыққандар. Ал, ресми деректерге негізделсек, бүгінгі күні әлемде 20 млн науқас ауруы әбден асқынып, ем қонудан кеткен шақта көмекті қажет етеді екен. Бір өкініштісі, олардың 6 пайызы балалардың еншісінде. Бұл көмекті қажет ететін жандардың саны күн сайын артуда.

2011 жылы паллиативті көмекке шамамен алғанда 3 миллионнан астам науқастар өмірініңсоңғы сағаттарында қол жеткізген. Әлем бойынша бар - жоғы 20 елдерде бұл көмек медицина жүйесіне енгізілген.«Атлас» ұйымы барлық әлем елдерін паллиативті көмекті заманауи денсаулық сақтау саласының бір бөлшегі іспетті енгізіп, жан-жақты қамтуға шақырды.Ал Қазақстанда аталмыш көмек қалай көрсетілуде. Көз жүгіртіп көрелік.Қазақстанда онкологиялық дипансерлерде хоспистік орталықтар ашылуда. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйе аясында республика аумағында паллиативті көмек дамып келеді десек болғандай. Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 түрлі мекеме паллиативті көмек көрстеу үстінде. Оның 1 еуі өз еркімен көмек көрсету мен медбикелік


күтумен айналыстаны орталық болса, 3 хоспис орталықтары, 4 мейірбикелік күтім көрсететін, көпсалалы бөлімнен тұратын, мамандандырылған ауруханалар көмек қолдарн созуда. 2015 жылға қарай онкологиялық диспансерлер базасында 10-15 төсекті паллиативті көмек көрсету орындарын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар аталмыш медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында үйге қатынау стационары жетілдірілмек. Бүгінде емханаларда екінші, үшінші санаттағы медбикелер санын арттыру, әлеуметтік қызметкерлер,
психологтардың өз қарауындағы тұрғындарға қызмет сапасын арттыру да көзделіп, барынша қолға алынуда.
Келешекте паллиативті көмектің қызмет ету аясын кеңейту мақсатында әкімшілік қаруынан тыс бірлестіктермен бірлесе отырып мультидисциплинарлық топтар мен ұтқыр бригадалар құру көзделіп отыр. Сонымен қатар мамандарды қайта оқыту да назардан тыс қалған жоқ.Паллиативті көмек ақысыз көрсетілетін медициналық қызметтің құрамына енеді. Профилактикалық, диагностикалық және емдік медицина қызметінің түрлері бюджет есебінен науқас жандарға тегін көрсетіледі.Осы орайда қаламыздағы онко-диспансерге бас сұқтық .



Талдықорған қаласындағы облыстық онкология диспансері директорының орынбасары Есимханова Сәулет Нұрмұхамбетқызы паллиативті көмектің бүгінгі деңгейі жайлы біраз мағлұмат берді. «Паллиативті көмекті онкологиялық аурулар, соның ішінде обырдың ең асқынған түріндегі 3-ші 4- ші сатысындағы науқастар ала алады. Паллиативті көмек тәні мен жаны қиналып жатқан жанға дертін біраз болса да жеңілдетіп, жағдайын өмірінің соңғы сәттеріне дейін жақсарту мақсатында көрсетіледі. Бұл көмек Қазақстанда Батыс елдеріндегідей дами қойған жоқ. Ол жақтардағыдай ірі орталықтар салынбаған. Тек, Астана, Алматы сынды үлкен қалаларда науқастар бұл көмек түрін, қызметін алуда. Біз онко диспансерлерде мамандандырылған қызмет түрімен бірге қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарға паллиативті көмек беруге қақылымыз. Болашақта, 2016 жылға қарай Талдықорған қаласында көпсалалы аурухана салынады деп жоспарлануда. Осы ауруханада арнайы паллиативті көмек көрсетуге арналған бөлімше боламақ. Психо- эмоционалды көмек науқас пен оның туысқандарына да көрсетіледі. Психологиялық көмекті паллиативті көмекпен шатастыруға болмайды. Арнайы психолог тарапынан психологиялық көмек бұл онко диспансерде науқастарға, жақын туыстарына көрсетіліп келеді. Психологиялық көмек, адамға әр кезде керек. Соның ішінде обырға шалдыққан науқастар мен оның етене жақындарына психологиялық көмек адамның бұл дертке шалдыққанын білген сәттен бастап көрсетіледі. Диагноз қойылған кезден бастап науқас дертпен күресу үшін, өз –өзіне бекем болу керек. Ал, науқас қана емес, оның туыстарындаісікке шалдыққанын білгенен бастап күйзеліс болады. Оларда онкологиялық аурудың бәріжазылмайды деген пікір қалыптасады. Ал, онкологиялық аурулардың бірінші сатысындағы түрлерінде 80 пайызға дейін айығуға мүмкіндік бар. Ал үшінші сатыда 50-60пайызға жазылуға, ал төртінші саты обыр абден меңдеп, шырқау шегіне жеткенде келген науқастарға кеселден жазылуға мүмкіндік аз. Олардың 20 пайызы мамандандырылған арнайы қызмет, көмектің демеуімен ары кеткенде 5 жыл өмір сүре алады. Сол үшін әрбір жан онкологиялық дерттің алғашқы белгілерін байқаған сәтінде дәрігерга қаралса, орын алатын қасіреттің алдын-алар едік. Паллиативті көмек – бұл медициналық және әлеуметтік қызметтің бағыты, мақсаты инакурабельдік науқастар және олардың отбасылары мүшелерінің өмірін жақсарту болып табылады.» -деді маман.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет