Рефлексия по внедрению и управлению изменениями собственной практики и практики коллег



Дата31.12.2021
өлшемі62,79 Kb.
#22534
түріСабақ
Байланысты:
таныстырылым 2021 ТО каз

Жеке тәжірибеге өзгерістерді енгізу мен басқару бойынша рефлексия

Таныстырылым ұзақтығы 11-12 минут (6 слайд)

  • Бұл таныстырылымда бағдарламаның үш түйінді бағалау критерийлеріне сәйкестігі мұғалім қызметінің дәлелдемелері арқылы бағаланады.
  • Таныстырылым кезінде тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді енгізуін қаншалықты сенімді, толық негіздеуі және көрсете алуы;
  • тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына бір немесе бірнеше модульді неге және қалай енгізгенін қаншалықты сенімді, толық негіздеуі;
  • оқушылардың оқуының табыстылығы дәлелдемелері қаншалықты сенімді;
  • мұғалімнің оқу мен оқыту тәжірибесіне өзгерістерді енгізуді басқаруы қаншалықты жақсы,
  • болашақ тәжірибесінде пайдалану үшін қорытынды жасай алуы бағаланады.

2 Слайд (1,5 мин)

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына бір немесе

бірнеше модульді енгізгенін негіздеуі

Түйінді критерийлер: 3, 2, 1.

Сабақ тақырыбы, оқу және сабақ мақсаты

  • Неліктен?: Теориялық негіздеме (Бағдарламаның негізгі идеялары, басқа көздер) беру арқылы, сабақта идеяларды қолданғандығынызды түсіндіріңіз.
  • Оқушылар жұмысын осы модульдің идеяларымен ұштастырыңыз.
  • Мұғалім ұсынған тапсырмалардың қаншалықты орынды екендігін түсіндіріп берсеңіз, неге мұғалім бұл идеяларды қарастыруға шешім қабылдады?
  • (тапсырма = таңдалған модульмен байланысты теориялық түсініктеме)
  • Осы модуль идеяларын осы сабақта тағы қалай енгізуге болар еді
  •     (осы сабақта идеяларды тиімді пайдаланудың басқа тәсілдерін ұсынуға болады)

  • Болашақ тәжірибеде мұғалімнің осы идеяларды жетілдіру жолдарын ұсыну

3 Слайд (3 мин)

Оқушылардың оқуының табыстылығы дәлелдемелері

Түйінді критерийлер: 2, 3.

  • Сыныптағы оқушыларға не үйретпек болдыңыз ?
  • Оқушылар қандай жетістіктерге жете алды? Егер жеткен болса, онда қалай? Егер жетпеген болса, қандай себеппен?
  • Оқушылардың өзгергенін қайдан білдіңіздер?
  • Бұл өзгерістерді дәлелдеуге не көмектеседі? (оқушының жұмысының фотосуреттері, орындаған жұмыс үлгілері, оқытуға жаңа тәсілдерді қолдану тиімділігін көрсететін видео)?

4 Слайд (3 мин)

Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу тиімділігінің дәлелдемелері

Түйінді критерийлер: 2,3.

  • Оқу мақсатына жете алдыңыз ба?
  • Қандай белсенді әдіс тәсілдер сәтті енгізілді? Неге деп ойлайсыз?
  • Барлық оқушыларды оқу процессіне қалай тарттыңыз?
  • Сіздің ұсынған жұмыс формаларыңыз балалар білімін жақсартуға ықпал етті ма?: пәндік білімдеріне, белгілі бір дағдыларды дамытуға.
  • Не жақсы жұмыс істеді, не істемеді және неге?
  • Бағдарламаның жеті модулін ОМЖ -ға іске асыру тиімділігін қандай дәлелдер көрсетеді? (оқушының жұмысының фотосуреттері, орындаған жұмыс үлгілері, оқытуға жаңа тәсілдерді қолдану тиімділігін көрсететін видео)?

5 Слайд (2 мин)

Оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгерістерді

енгізуді басқаруының дәлелдемелері

Түйінді критерийлер: 3, 1.

  • Өзгерістерді жүзеге асыру барысында сіз нені үйрендіңіз?
  • Сіз мұғалім ретінде сыныптың өзгеруін басқаруда көшбасшылық етуде қандай дағдыларды дамыттыңыз? (Сіз тиімді топтық жұмысты ұйымдастыруды немесе әр түрлі деңгейдегі оқушыларға саралау тәсілдерін жоспарлауды үйрендіңіз ба және т.б.)
  •   Сіз алған тәжірибе нәтижесінде нені түсіндіңіз?
  • Өзіңіздің жеке іс-әрекеттеріңізді және жоспарланған (жүргізілген) сабақтарды талдау арқылы қандай пайдалы тәжірибе алдыңыз?

6 Слайд (1 мин)

Болашақ тәжірибеде пайдалану үшін қорытындылары

Түйінді критерийлер: 3, 1.

  • Болашақта неғұрлым табысты мұғалім болу үшін не істеу керек? (Бағдарламаның жаңа көзқарастары, идеяларымен байланыстыру)
  • Сабақты тиімдірек ету үшін не қолдануға болады (қандай әдіс тәсілдер, стратегиялар.. Тағы басқа)?
  • Сіздің болашақ мұғалім тәжірибеңізге қандай өзгерістер енгізесіз? Болашақ үшін нақты қадамдар (идеялар сіз тікелей айтқанмен байланысты) !!!
  • Резюме. Қысқа тұжырым.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет