1946 жылы ксро ғА Қазақ филиалының негізінде Қазақ кср ғылым



Дата19.12.2023
өлшемі19,32 Kb.
#141043

Кеңес өкіметі 1947 жылғы қарашада «Қазақ КСР-інде жоғары және орта
білім беруді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулы
бойынша республикаға мектептер мен басқа да оқу орындарының құрылысына, олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қосымша қаржы бөлінді. Жергілікті жастардың өкілдерін елдің орталық жоғары оқу орындарына қабылдау саны артты. 60 мыңнан астам маман даярланды. Білім беруге 1946 жылы 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы - 146,5 млн сом бөлінді. Адамдар аз қоныстанған аудандарда интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылға қарай республикада жалпы білім беретін 9088 мектеп жұмыс істеп, оларда 1 млн 439мың оқушы білім алды. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендер жойылып, шағын жинақты қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577-ге азайды.
1946 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым
академиясы ашылды, Қаныш Сәтбаев оның алғашқы президенті болды. Қ.И.
Сәтбаев қазақстандық металлогения ғылымы мен геология ғылыми мектебінің негізін қалады. Академияның мүшелері болып И. Бардин, С. Вавилов, И.Мещанинов, В. Обручевтер сайланды. Қ.И. Сәтбаев Жезқазган кен орындарын зерттеген іргелі еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлыгы, геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми атағы беріліп, КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшелігіне сайланды.
1950 жылдың соңында Қазақ КСР ҒА-ның жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу
мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, екі мұражай, обсерватория, үш
ботаникалық бақ пен 8 ғылыми база жұмыс істеді. Академияда қосқан 500-ге жуық аспирант білім алды. 1985 жылы республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс істеді: 864-і ғылым докторы, ал 650-і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар болды. 1946-1949 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми зерттеу мекемелері 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулерді өндіріске енгізуге ұсыныс жасады. Бұл кезеңде ғылым біршама жетістіктерге жетті.
Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен сала - қоғамдық ғылымдар,
әсіресе қатты бұрмаланған Қазақстан тарих саласы. Ғылыми еңбектерді
бағалау мен ғылыми дәреже беруді Мәскеу шешті.
XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан ғылымының дамуына
Д.А.Қонаев зор үлес қосты. 1960-1970 жылдары катализаторларды
электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген ғалым
Д.Сокольский. 1960-1970 жылдары гидрогеология және гидрофизика
ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен ғалым У.Ахметсафин. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым М.Айтхожин Еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілген. Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген Ә.Марғұлан. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Ә.Марғұлан,Е.Букетовю 1950 жылдар шығармаларын жинап жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. Қазақстанда 1958 жылы құрылған институт: Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән - Партия тарихы.
ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәселелері жөніндегі ұйымы. Өз қызметін 1946 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы 1992 жылы ЮНЕСКО-ның мүшелігіне қабылданды.

1950 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК үгіт жане насихат бөлімінің меңгерушісі, сол уақыттағы белгілі мәдениеттанушы Ілияс Омаров E.Бекмахановтың көзқарастарын жақтағаны» мен «түсініксіз позиция ұстанғаны» үшін айыпталды.


1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын Қазақ әдебиеті окулықтарының барлық басылымдарын алып тастауға…» бұйрық берілді. Қазақтың батырлар жырының «Ер Сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларын басуға тыйым салынды. Цензура күшейді, мұнда басты рөлді Главлит атанған мекеме атқарды. 1947 жылы М. Әуезов өзінің «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастардың басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», F. Мұстафиннің «Миллионер», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар», И. Шухов пен Н. Ановтың романдарында, A. Тоқмағамбетов, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекхожин т.б. поэзиялық шығармаларында көркемдік бейнесін тапты. Батыл ғалымдардың бірі профессор Бейсенбай Кенжебаев, жазушылар Ғабит Мүсірепов, Юрий Домбровский, Ілияс Есенберлиндер болды. Бұл кезеңде әншілер Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтың, балетмейстер Болат Аюхановтардың таланты жарқырай ашылды. Шәкен Аймановтың («Алдаркөсе», «Махаббат дастаны») және Қарсақбаевтың («Менің атым Қожа») ел арасындағы халыктың ежелгі және бай тарихы бейнеленген кинофильмдері кең танымал болды. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясына 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстан киносының С. Қожықов «Қыз Жібек», Ш.Айманов «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», Ф. Мансуров «Сұлтан Бейбарыс» атты көркем фильмдері экранға шықты. Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ілия Жақановтың әндерін халық жатқа білді. Сахна төрінен әншілер: Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов, Гульвира Разиева, Жамал Омарова, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішевтер тыңдаушыларын өз таланттарымен тәнті етті.
Мұқан Төлебаев Біржан Сара операсы, Евгений Брусиловский, Құддыс Қожамияров «Назгум» шығармалары ұлттық фольклорды жаңа қырынан танытты. Жастар арасында Досмұқасан», «Айгүл», «Ариран» музыкалық ансамбльдері сүйіспеншілікке бөленді. 1980 жылдары кино өнеріне жаңа буын өкілдері келді. Мысалы: «Қиян» С. Апырымов, «Адамдар арасындағы бөлтірік» Т. Теменов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет