Рек болса, сонша сезім т



Дата31.12.2021
өлшемі11,82 Kb.
#22936
Байланысты:
Исанова Сауле Егембердиевна


Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар

Ата –анаға айтылмаған сезімдер

Менің жасым 47-де. Мен қазір отбасылымын, бір ұлдың анасы, бір азаматтың аяулы жарымын.Мен осы жасқа келгенше әке –шешеме оларды жақсы көретіндігімді сөзбен айтқан емеспін. Әрине өмірде іспен дәлелдеп жүрмін деп ойлаймын. Оларды жақсы көретіндігімді айтайын десем бір өксік өңешіме келіп тығылады. Бұл менің жасықтығымнан деп ойламаймын. Себебі мен кез келген жерде ойымды ашық айта аламын. Біз отбасыда 7 перзентпіз. Барлығымызда қазіргі уақытта отбасылымыз.Әкем қарапайым механизатор болып жұмыс істеген, анам үй бекесі. Бәрімізді қатарымыздан кем қылмай оқытты. Бесеуміз мұғалімбіз, екі перзенті басқа салада. Бауырларымды қатты жақсы көремін. Ата-анам қазіргі уақытта 19 немеренің сүйікті ата-әжесі. Алла қаласа немерелер мен шөберелердің саны арта түседі. Сөзбен жеткізе алмаған сезіміміді қағаз бетіне түсіріп жеткізгім келеді. КӨКЕ- мен сізді қатты жақсы көремін. Мен өмірде қандай қателіктер жасасамда мені қолдадыңыз, кешірдіңіз. Маған өмірде құласада тұруға болатындығын дәлелдеп, жол көрсеттіңіз. Менің өмірдегі ЖОЛ БАСТАУШЫМ бола білдіңіз. ЖЕҢЕШЕ-сіз мені тоғыз ай, тоғыз күн құрсағыңызда көтердіңіз, /барлығынан салмақты 5300 грамм, батыр қыз / өмірге алып келдіңіз. Маған бар жақсыны бердіңіз, мен қуансам менімен бірге балаша қуандыңыз. Мен бір нәрсеге қапа болсам менімен бірге қайғырдыңыз. КӨКЕ, ЖЕҢЕШЕ- мен сіздермен МАҚТАНАМЫН! Сіздердің перзенттеріңіз болғаныма қуанамын. Жеті бауырамның бар екендігіне АЛЛАҒА тәубе етемін. КӨКЕ, ЖЕҢЕШЕ! Бар әлемге жар салып айтқым келеді. Мен сіздерді ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет