Жастар газеті 11 (48) 25 желтоқсан, 2013 ж



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі5,56 Mb.
#6760
  1   2   3   4

Cана

Мүдде


Салауат

ЖАСТАР ГАЗЕТІ

11

 (48)

25 желтоқсан, 2013 ж.

8

-бет

ЖЕЛТОҚСАН ҚАНДАЙ АЙ? 

ШЫРША МЕРЕКЕСІНІҢ

 ТАРИХЫ МЕН ЖАҢА ЖЫЛДЫ

 ҚАЙ ХАЛЫҚ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ

 АЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ 

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ

Тәуелсіз 

Қазақстанның 

жеті қазынасы

3

-бет

5

-бет

А.Ф. Зейнулина:

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – 

ҰЛТТЫҚ 


ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ 

ЖАСАМПАЗДЫҒЫ 

МЕН МӘҢГІЛІГІНДЕ

Халқымыз  үшін  қашанда  жеті  санының  орны  бөлек. 

Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті 

санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің 

жаңа  ғасырдағы  басты  бағдары  –  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің 

тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие 

болды...

Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Елдің 

жүрегіне  айналған  мәңгілік  Астанамызды  тұрғыздық. 

Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік 

өшпес  жылнама  жаздық.  Мәңгілік  болашаққа  жол 

салдық.  Осының  барлығы  тәуелсіздігіміздің  тартуы, 

азат¬тығымыздың асыл қазынасы.

Н.Ә. Назарбаев

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН 

БАСТАП ШЫҒАДЫ

Жастар – болашақтың кепілі

4

-бет


2

SMS-ақпарат



Қазақстан әлемдік рейтингте 

34-ші орынға көтерілді

Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Швейцария жəне басқа 

да елдердің ғалымдарынан құрылған Халықаралық са-

рапшылар тобы жыл сайын Ресей ғылым академиясы 

Экономикалық  стратегиялар  институты  базасында  дү-

ниежүзіндегі 100 мемлекеттің интегралдық қуатының ға-

ламдық рейтингісін жасайды. Бұл рейтинг орыс, ағыл-

шын жəне қытай тілдерінде жарияланады.

«Қазақстан экономикасы бірінші кезекте Нұрсұлтан Назар-

баев жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында қар-

қынды дамып келеді. Мемлекет басшысы тəуелсіздігін алған 

22 жылдың ішінде көптеген салаларда ауқымды реформа-

лар  жүргізді.  Стратегия-2050  бағдарламасында  қоғамның 

барлық  саласын  дамытудың  нақты  қадамдары  егжей-тег-

жейлі  көрсетілген.  Əзірге  əлем  бойынша  сіздердің  прези-

денттеріңіз əзірлеген стратегияға тең келер бағдарлама жоқ 

деуге болады. Бұл – Қазақстанды XXI-ғасырда дамыған 30 

елдің қатарына қосады. Біздің есебіміз бойынша, 2025 жылы 

Ғаламдық рейтингте Қазақстан 10 орын ілгерілеп, 24-орынға 

дейін көтеріледі», – дейді Халықаралық сарапшылар тобы-

ның мүшесі Ресейлік профессор Александр Агеев.

Зерттеулердің нəтижесі бойынша Қазақстан 2013 жылы бұл 

рейтингте 34-орынға көтерілген. Жалпы ғаламдық рейтингті 

жасау кезінде экономикалық көрсеткіштердің белгілі критери-

лері ғана негізге алынады. Ал нақты бір мемлекеттің интег-

ралдық қуатын анықтау үшін экономикалық индикаторлардан 

бөлек, сол елдің озық математикалық үлгілері, ішкі саяси тұ-

рақтылығы, сыртқы саясаты, ұлттық қауіпсіздігі, мемлекет пен 

оның басшысының əлем алдындағы беделі, халықаралық қа-

тынастардағы бастамалары негізге алынады.

Бұл тізімде алғашқы ондықты АҚШ, Еуропа одағы, Қытай, 

Ресей,  Германия,  Франция,  Ұлыбритания,  Үндістан,  Жапо-

ния жəне Бразиялия сынды мемлекеттер бастап тұр. Бұрын-

ғы Кеңес үкіметінің құрамында болған Украина Қазақстаннан 

бір саты төмен 35-орынға жайғасыпты.



Baq.kz

БАҚ тарататын бірқатар 

ақпараттарға тыйым салынатын 

болады

Бұқаралық ақпарат құралдарында балаларға зиянын 

тигізетін бірқатар ақпараттарды таратуға шектеу қойы-

лып, тыйым салынады.

18  желтоқсан  күні  Парламент  Мəжілісінің  жалпы  отыры-

сында  палата  депутаттары  «Балаларды  денсаулығы  мен 

дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жо-

басы  бойынша  баяндама  жасаған  депутат  Алдан  Смайыл 

осылай мəлім етті.

«Əлем  елдерінің  бір-біріне  ашықтығы,  телекоммуника-

ция  желілерінің  барынша  ашықтығы,  ақпарат  алмасудағы 

мүмкіндіктердің молаюы рухани кеңістіктің тазалығы туралы 

ойландыра бастады. Кейбір ағымдардың ақпаратты ұлттық 

дəстүрге  қарсы  бағыттауы,  қоғамға  жат  іс-əрекеттер  ашық 

жəне жасырын насихаттауға көшуі, балалар арасында суи-

цид, қатыгездік, елдік мұраттар мен құндылықтарды жатсы-

ну  секілді  жағымсыз  қылықтардың  байқалуы  алаңдатпай 

қоймайды. Соған орай, елімізде балаларды зиянды ақпарат-

тан қорғау туралы заңның керектігіне көз жеткіздік», – дейді 

депутат Алдан Смайыл.

«Жалпы  алғанда  заң  жобасы  бойынша  қатыгездік  пен 

зорлық-зомбылыққа  құрылған,  балалар  өміріне  қатыгездік-

тер төндіретін іс əрекетке, суицидке итермелейтін, порног-

рафиялық  жəне  анайы  сексуалдық  сипаттағы  көріністерді 

қамтитын, дəстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттай-

тын ақпараттық өнімдерге тыйым салу қарастырылып отыр. 

Мұнымен  қоса,  отбасы  институтын  жоққа  шығаратын,  ұлт-

тық дəстүрлерге қарсы үгіттейтін ақпараттар да балаларға 

зиянды деп танылған. Телеарналар осы талапқа сай келетін 

өнімді, соған сəйкестірілген таңбамен белгілеп қана эфирге 

таратуға тиіс. Керісінше жағдайларда, оларға заңмен шара 

қолданылады», – дейді А. Смайыл. Оның айтуынша, заң жо-

басында алғаш рет балаларға арналған ақпараттық өнімге 

анықтама  беріліп  отыр.  Мұндай  ақпараттық  өнім  бағыты, 

мазмұны, тақырыбы, безендірілуі бойынша балаларға тіке-

лей арналған өнім болып табылады.

ҚазАқпарат

Көңілсіз адамның түрін 

күлімсіретіп көрсететін айна

Токио университетінің өнертапқыштары əрбір таңды қайыр-

лы етудің тың тəсілін тапты. Оқу орнында орнатылған элект-

ронды шарайна көңіл-күйі бұзылған адамның түрін күлімсіретіп 

көрсетеді. Құрылғының орта тұсында адам бейнесін шағылыс-

тыратын  қабаттың  орнында  монитор  мен  камера  бар.  Осы 

құралдар қараған адамның бейнесін көңілді етіп, шырайлан-

дырады. Теңдессіз құрылығыны жасағандардың ойынша, оны 

күнделікті өмірде де қолдануға болады. Олар жайдары айнаны 

күйзеліске ұшыраған адамдарға көмектесу үшін пайдалануға 

да болатындығын айтты, деп хабарлады 24.kz.

«Компьютерлік бағдарлама адамның түр-əлпетін өзгертіп, 

жүзіне  күлкі  ұялатып,  бет  шырайын  жанды  қылып,  түр-

лендіріп көрсетеді. Адам өзінің күлімсіреген түрін көріп, өзін 

бақытты сезіне бастайды», – деді Токио университетінің про-

фессоры Михитака Хиросе.



ҚазАқпарат

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Жақында Достық үйінде өткен «Ғылым және мәдениет. Үшініш мың-

жылдық тренді» атты республикалық ғылыми-практикалық конферен-

цияға  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

студенттері қатысты.

«Ғылым  мəдениет.  Үшінші 

мыңжылдық  тренді»  атты  ғы-

лыми-практикалық  конферен-

ция ҚР Тəуелсіздігі күніне орай 

ұйымдастырылған  шаралар 

шеңберніде өтті.

С.Торайғыров 

атындағы 

ПМУ-дың  ғалымдары  кон-

ференцияның  пленарлық  отырысында  өз  баян-

дамаларын  ұсынды.  Ғылыми  жұмыс  жəне  ин-

новация  бойынша  проректор,  б.ғ.д.,  профессор 

Нұрлан  Ержанов  Қазақстанның  индустриялдық-

инновациялық  дамуы  турасындағы  баяндамасы-

мен  көпшілікті  таныстырды.  Студенттік  тұлғаның 

мəдени  қалыптасуына  жоғары  мектептегі  білім 

берудің  еуропалық  кеңістігінің  ықпал  етуі  туралы 

Психология жəне педагогика кафедрасының мең-

герушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдина əңгіме-

леп  берді.  «Тарих  толқынындағы  халық»  мемле-

кеттік  бағдарламасының  маңыздылығы  жөнінде 

Ғылым жəне инновация департаментінің басшысы 

Нұркен  Күзембаев  бөлісті.  Қазақстанның  басты 

мəдени трендеріне тоқталып кеткен т.ғ.к., доцент 

Гулфайруз Жапекова.

Шараның  соңында  Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситеті  өкілдері  «Үркер»  зияткерлік  клубының 

құрмет белгісімен марапатталды.

Жалпы  конференция  жұмыс  барысында  зама-

науи  кезеңдегі  Қазақстанның  ғылымы  мен  мəде-

ниетінің  дамуы,  жастарды  ғылым  жəне  мəдени 

жұмыстарға белсенді араластыру мəселелері қоз-

ғалды.


 



ДҮРБІ



Айтыс  дегенде  делебесі 

қозбайтын,  қаны  қызбай-

тын  қазақ  жоқ  шығар?! 

Ақындарын  алақанда  ая-

лап,  үкілеп  жүріп  бәйгеге 

қосатын  қаймана  елдің  қа-

шанда  асыға  күтетіні  –  отты 

жыр. 

Қазақстан 

Респуб-

ликасы  Тәуелсіздігі  күніне 

орай  ИнЕУ  төрінде  әдемі 

сөз,  аламан  жыр  додасы 

«Тәуелсіздік  тірегі  –  жас-

тар!»  атты  облыстық  жас 

ақындар айтысы өтті.

Жай ғана өткен жоқ, жырға шөл-

деген  елді  сөз  құдіретімен  сусын-

датып кетті. Айтысқа білім нəрімен 

сусындататын қара шаңырақ ИнЕУ 

ректоры Камербаев Асқар Юсуфұ-

лы  арнайы  қатысты.  Өңіріміздегі 

айтыскерлеріміздің  шеберліктерін 

шыңдау  үшін  жəне  айтыс  жанры-

ның  жаңғырып,  мəдениетіміздің 

дамуына  ИнЕУ,  Екібастұз  қаласы-

нан  «Атамұра»  мəдениет  орталы-

ғы,  облыстық  «Регион.кз»  жастар 

газеті,  облыстық  Жастар  саясаты 

мəселелері жөніндегі басқармасы, 

«Мəшһүр Жүсіп» атындағы облыс-

тық орталық мешіт қолдау білдіріп, 

демеушілік етті.

Додаға  облыстық  ақындар  мек-

тебінің  жетекшісі  Асығат  Тұрған-

беков,  облыстық,  республикалық 

ақындар  айтысының  жүлдегер-

лері,  айтыскер  ақындар  Қуаныш-

бек  Шарманов,  Алмагүл  Жүгінісо-

ва,  Тілек  Сейітов,  жəне  облыстық 

«Регион.кз»  газетінің  тілшісі,  ақын 

Қарлығаш  Хашымқызы  сынды 

аламаннан  ат  оздырған  ақтаңгер-

лер  мен  сан  сыннан  сүрінбей  өт-

кен саңлақтар қазылық етті. Айтыс 

басталмас  бұрын  көрермендерге 

ақындар жайлы сыр шертетін қыс-

қаша бейнебаян ұсынылды.

Жыр  додасында  сынға  түскен 

ақындар  жайында  сөз  қозғайық. 

ПМУ  студенті  Айдын  Мейрам, 

Қашыр  ауданы  тумасы  Қуандық 

Башой,  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

дарынды  балаларға  арналған  об-

лыстық қазақ гимназия интернаты-

ның 11 сынып оқушысы Қайролла 

Хафиз, ПМПИ студенті Мақсат Ғы-

лымнұр, Ы. Алтынсарин атындағы 

дарынды  балаларға  арналған  об-

лыстық  қазақ  гимназия  интерна-

тының  11  сынып  оқушысы  Мəрес 

Байрон,  ПМПИ  студенті  Оразбек 

Бақытхан, Ы. Алтынсарин атында-

ғы  дарынды  балаларға  арналған 

облыстық қазақ гимназия интерна-

тының 7 сынып оқушысы Марғұлан 

Жанбау, ПМПИ студенті Алтынбек 

Мақсатхан,  Ақсу  қаласынан  Гүл-

шекер Батай, ИнЕУ студенті Абзал 

Қабдраш қатысты.

Енді  жүлде  жайында.  Жыр  жа-

рыстан  жеңіп  шыққан  шайырға 

ИнЕУ-дің  оқу  гранты  бұйырды. 

Заман  тынысынан  өзге  ақындар-

дың айтарына осы да арқау болып 

жатты. Осындай жыр сүлейлерінің 

жырына  қаныққан  халық  аз  бол-

мады. Дүйім жұрттың ақындардың 

шеберлігі мен шешендігіне ерекше 

ықылас  танытып,  делебесі  қозып 

отырғанынан  төл  өнерімізге  шөл-

деп қалғанын байқауға болады.

Көп  кешікпей  сөз  майданына 

түсіп,  шеберлік  таластырған  ақын-

дар  айтысы  басталды.  Жыр  дода-

сының  шымылдығы  қара  сөзден 

қамшы тере білетін Қашырдан кел-

ген 11-ші сынып оқушысы Қуандық 

Башой мен озық біліммен орда бұз-

дырған  киелі  қара  шаңырақ  ПМУ-

дан  келген  студент  Айдын  Мей-

рамның бəйгеге түсуімен ашылды. 

Басынан  тартысты  басталған  ай-

тыс көрігі де бірден қызды. Осылай-

ша бес жұп өлеңнен өрнек салып, 

бақ сынасты. Сахнада атой салып, 

қара сөзде бір-біріне дес бермеген 

ақындар халықтың дем берген қол-

пашы сайын арқалана түсті. Қазы-

лар  алқасының  шешімімен  ақтық 

сайысқа  бір  жұп  жіберілді.  Олар, 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  дарын-

ды  балаларға  арналған  облыстық 

қазақ  гимназия  интернатының  11 

сынып оқушысы Мəрес Байрон мен 

ИнЕУ студенті Абзал Қабдраш бол-

ды. Қос ақын жұпты да құтты айтыс-

тың үлгісін көрсетті.

Нəтижесінде, ИнЕУ-дің оқу гран-

тын яғни бас жүлдені Ы. Алтынса-

рин атындағы дарынды балаларға 

арналған облыстық қазақ гимназия 

интернатының  11-ші  сынып  оқу-

шысы  Мəрес  Байрон  иеленді. 

Оған  ағалық  жолын  берген  Абзал 

Қабдраш 1 орын иемденсе, екінші 

орынды  ПМПИ-ден  келген  ұшқыр 

ойлы  Мақсат  Ғылымнұрға  бұйы-

рып, үшінші орын Гүлшекер Батай-

ға табысталды.

Сонымен  қатар,  додаға  қатыс-

қан  ақындар  да  құр  қалмай,  атау-

лы  жүлдемен  марапатталды. 

«Тəуелсіздік тірегі – жастар» атты 

облыстық  жас  ақындар  айтысын-

да  Қалижан  Бекхожин  атындағы 

арнай  жүлдемен  Қуандық  Башой, 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  атын-

дағы  арнайы  жүлдемен  Оразбек 

Бақытхан, Иса Байзақов атындағы 

арнайы  жүлдемен  Алтынбек  Мақ-

сатхан, Естай Беркімбаев атында-

ғы арнайы жүлдемен Айдын Мей-

рам,  «Көрермендер  көзайымы» 

атты  арнайы  жүлдемен  Марғұлан 

Жанбау,  Инновациялық  Еуразия 

университетінің  арнайы  жүлдесі-

мен Қайролла Хафиз марапаттал-

ды.


Айтыс аламанын 

тамашалаған: 

Мереке АМАНТАЙ

ТӘУЕЛСІЗДІК 

ТІРЕГІ – ЖАСТАР

3

Тәуелсіздік - ел тұғыры



«Тәуелсіздік» 

ұғымын қалай 

түсінесіз?

Кең байтақ жері, тәуелсіз елі болғанды 

армандамайтын адам жоқ шығар. Әркімнің 

жүрегінде туған елі мен жеріне деген сүйіс-

пеншілік сезімі, елеңдеулі көңілі болады. 

Елбасымыз айтқандай біздің ең басты құн-

дылығымыз – тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. 

Ел басына күн туып, ер етігімен саз кешіп, 

ат ауыздығымен су ішкен заманда бір жаға-

дан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ ба-

тырларымыз елін қызғыштай қорғап өткені 

белгілі. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның 

ұшымен, қаншама аяулы азаматтарымыздың 

қанымен, жанымен келген Тәуелсіздігімізді 

бағалай білгеніміз жөн. Осы орайда оқырман-

ға «Тәуелсіздік» деген ұғымның мағынасын 

терең ашу үшін халық арасынан жүргізген 

сауалнаманы ұсынамыз.



Серікгүл Тілейқызы, 

23 жас, Ақсу ауда-

ны, Кызылжар орта 

мектебінің бастауыш 

сынып мұғалімі

«Тəуелсіздік» 

деген 

сөз  қан  мен  тердің,  көз 

бен  жастың,  ұлы  арман 

мен  мақсаттың  арала-

суынан  келген  ұғым. 

Біз 

тəуелсіздігіміздің 

22 

жылдық 

мерей 

тойын 

атап 

өттік. 

Тəуелсіздігімізді  алған  жылдары  бесіктегі 

сəби, бүгінгі таңда Отанына алғашқы еңбек жо-

лын  бастап  та  кеткен.  Елбасымыз  бір  сөзінде: 

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, аза-

маттық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жал-

ғыз  мемлекетінің  нығайып-  көркеюі  жолында 

жан  теріңді  сығып  жүріп  еңбек  ет»,  деген  еді. 

Елімізде  білім  алам,  еңбек  етем  деген  жастар-

дың барлық жағдайлары жасалған. Əрбір қазақ 

баласы  тəуелсіздікті  жүрегімен  сезініп,  еліне, 

халқына адал қызмет істесе деген тілегім бар.

Журсиля 

Кайруллақызы, 49 жас,

С.Торайғыров атындағы 

ПМУ С.Бейсембаев 

атындағы кітапхананың 

қызметкері

«Тəуелсіздік» 

де-

ген  сөз  –  ұлы  сөз. 

Тəуелсіздік  бізге  оңай 

келген  жоқ.  Осы  жол-

да  құрбан  болған  қан-

шама 

азаматтарымыз 

бар.  Олардың  есімі  еш-

қашан  да  ұмытылмас. 

Алғаш  рет  тəуелсіздік  алған  кезде  қатты  қуан-

дық. Төбеміз көкке жеткендей болды. Енді осы 

тəуелсіздік  жолында  жастар  аянбай  еңбектену 

қажет. Ең бастысы халқына, еліне адал қызмет 

жасаса, тəуелсіз еліміз одан сайын көркейе тү-

сетініне сенемін.

Айланыш Бекболқызы, 

20 жас, ПМУ студенті

Тəуелсіздік 

сөзінің 

мағынасын  жыл  өткен 

сайын  терең  түсініп  ке-

леміз.  Тəуелсіздік  –  бұл 

бостандықтың,  ешкімге 

тəуелді болмаудың, еркін 

болудың  тұтқасы.  1991 

жылы  желтоқсан  айы-

ның 16-шы жұлдызы күні 

көптен күткен тəуелсіздік 

арманына 

Қазақстанда 

қол  жеткізді.  Талай  қиын  белестерден  өтіп,  22 

жылдық  мерейтойын  тойлаған  қазақ  елін  ме-

рекесімен  шын  жүректен  құттықтаймын.  Ба-

баларымыздың  қайсар  ерлігімен,  аналары-

мыздың  қажырлы  еңбегімен,  халқымыздың 

бұлақ  боп  аққан  көз  жасымен  зарықтыра  жет-

кен тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын деп 

тілеймін.

Сауалнаманы жүргізген: 

Тилей Амангүл

Қымбатты отандастар!

Халқымыз  үшін  қашанда  жеті  са-

нының орны бөлек. Жеті ырыс, жеті 

қабат  көк,  жеті  қазына:  айта  берсек 

жеті  санына  байланысты  қасиетті 

ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ға-

сырдағы  басты  бағдары  –  «Қазақс-

тан-2050»  Стратегиясы  да  жеті  ба-

сымдықтан  тұрады.  Тəуелсіздіктің 

тартуы ретінде халқымыз құн жетпес 

Жеті қазынаға ие болды.

Бірінші  қазынамыз:  Алтай  мен 

Атыраудың,  Арқа  мен  Алатаудың 

арасын  ен  жайлап,  еркін  көсілген 

Мəңгілік  Еліміз.  Біз  шекарамызды 

шегендеп,  іргемізді  бекіттік,  көрші-

мен тату, алыспен сыйлас, ісі ілгері 

басқан  жасампаз  Ел  болдық.  Біздің 

мұратымыз  –  Мəңгілік  Еліміздің  ас-

қақ  болмысын  аялап,  21-ші  ғасыр-

дың төріне оздыру.

Басты  игілігіміз  –  біздің  қасиетті 

де лайықты еліміз – Мəңгілік Ел. Он 

төрт  мың  километрден  астам  талас 

тудырмайтын шекарамыз біздің Ота-

нымызды  біртұтас  монолитке  ше-

гендеді.  Шекарамыз  барлық  шектес 

елдермен  ізгі  көршілестіктің  шебіне 

айналды.


Екінші қазынамыз: Ел бірлігі. Біз 

туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне 

айналдыра  білдік.  Тыныштық  арқы-

лы тұрақтылық, татулық арқылы тұ-

тастық төрімізге озды. Барша этнос-

тар ел иесі – қазақ ұлтының маңына 

ұйысты. Тегі бөлек болғанмен тілегі 

бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір 

тұтас  халық  құралды.  Бірлік,  бере-

ке – біздің баға жетпес байлығымыз, 

құн жетпес қазынамыз. Тұғырымыз – 

тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, ті-

легіміз – татулық болса еліміз тарих 

төрінен табылады.

Тəуелсіздік  халықты  Ассамблея-

ның – бейбітшілік пен келісімді сақ-

таушының  біртұтас  шаңырағының 

астында  тұтастыра  түсті.  Біздің  ру-

хани  бірлігіміз  –  зайырлы  мемлекет 

пен қоғамның басты іргетасы.



Үшінші  қазынамыз:  тəуелсіздік-

пен  бірге  түлеген  төл  мəдениетіміз 

бен  туған  тіліміз.  Азаттықпен  бірге 

ұлттық  рухымыз  асқақтады,  мəде-

ниетіміз мəңгілік құндылыққа айнал-

ды.  Ата  дініміз  оралып,  ана  тіліміз 

тұғырына қонды. Қазақ тілі еліміздің 

мемлекеттік  тілі  ғана  емес,  түркі 

əлемінің  жетекші  тілдерінің  біріне 

айналып  келеді.  Аймақтарға  сапар-

ларымның  бірінде  Ассамблеяның 

қазақша  еркін  сөйлейтін  бір  өкілі: 

«Мен  мемлекеттік  тілді  меңгерумен 

бірге,  25-тен  астам  түркітілдес  ха-

лықтың  мəдениетіне  есік  аштым», 

деген еді.

Қазір  қазақ  тілі  көрші  елдерден 

өзге  Əзербайжан  мен  Армения,  Бе-

ларусь,  Польша,  Мажарстан,  Оң-

түстік  Корея,  Германия,  Ұлыбри-

тания,  АҚШ  мемлекеттерінің  белді 

оқу  орындарында  оқытылады.  Бұл 

мемлекеттердің  қатары  жыл  өткен 

сайын  толығуда.  Əйгілі  Кембридж 

университетінде  қазақ  тілі,  тарихы 

мен  мəдениеті  туралы  арнайы  пəн 

бар.  Осының  барлығы  қазақ  тілін 

өзіміздің құрметтей бастағанымызды 

жəне оған қажеттілік күн санап арта 

түскенін көрсетеді. Мемлекеттің сая-

саты қазақ тілінің мəртебесін нығай-

тып, оның қолдану аясын кеңейтуде. 

Ол отандық ақпарат құралдарының, 

мемлекеттік  қызметтің,  интернеттің, 

ғылым мен білімнің тіліне айналды. 

Оқушылар мен студенттердің басым 

көпшілігі  қазақ  тілінде  білім  алуда. 

Қазір  барша  қазақстандықтардың 

70%-ы мемлекеттік тілді меңгерген.

Тəуелсіздіктің  арқасында  ұлттық 

мəдениетіміз қайта жаңғырды. «Мə-

дени  мұра»  бағдарламасын  жүзе-

ге  асырып,  кеткенімізді  келтірдік, 

кемтігімізді 

толтырдық. 

Көмбе-


лерімізді  аршып,  тарихымызды  тү-

гендедік.  Қазақтың  асқақ  өнері  мен 

бай мəдени мұрасы əлем халқының 

рухани байлығына қосылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет