Рекомбинантты инсулиннің өнеркәсіптік өндірісі Рекомбинантты инсулин Инсулин



Дата15.12.2023
өлшемі2,09 Mb.
#138726

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Омарова Дильназ ФӨТ-22-037
Тексерген: Албаева Жанар
Алматы - 2023
Рекомбинантты инсулиннің
өнеркәсіптік өндірісі
Рекомбинантты инсулин
Инсулин
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Инсулин — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады. Инсулин жетіспеушілігі қант диабетін тудырады. Инсулинді табиғи жолмен сиырдың ұйқы безінен алынады.
Рекомбинантты инсулин
Инсулин 1982 жылы өнеркәсіптік масштабта алынған алғашқы рекомбинантты дәрілік препарат болды.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Рекомбинантты инсулин
Рекомбинантты инсулин алынғанға дейін препарат ірі қара мал мен доңыздардың ұйқы безінен алынған. Дегенмен, инсулин алудың бұл әдісінде бірқатар кемшіліктер болды:
  • Мал басының жетіспеушілігі;
  • Шикізатты сақтау мен тасымалдаудың күрделілігі;
  • Гормондарды шығару мен тазарту қиындықтары;
  • Аллергиялық реакциялардың даму мүмкіндігі.

Рекомбинантты инсулин алынғанға дейін:
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Рекомбинантты инсулин
  • А және В тізбектерді кодтайтын ДНҚ ның химиялық синтезі
  • Осындай нуклеотидтер қатары E.coli дің бетта галактозидаза ферментінің жарты молекуласын кодтайтын lacZ геніне өндіріледі, lacZ ген pBR322 плазмида құрамында кездеседі
  • Әр бір lacZ геномы және А (немесе В) тізбегі бар плазмиданы E. сoli бөлек штамдарына ендіреді
  • - өндіруші штамдарды екі бөлек биореакторларда дақылдандырады – трансформацияланған E. coli ковалентті байланысқан рекомбинантты нәруыздар молекуласын (А немесе В-тізбектері) түзетін химерлі нәруыздар мен эшерихийлердің өзіндік нәруыздары;
  • - бөліп алынған химерлі нәруыздарды метионин қалдығы бойынша нәруыздарды ажырататын бромцианмен өндейді. Әрі қарай А және В тізбектері бета-галактозидаза фермент нәруызынан ажыратылады да тазартылады;
  • тазартылған А және В тізбектерін дисульфидті байланыспен қосады, инсулиннің екі тізбекті биологиялық активті мономері алынады.

  • Бұл препарат клапандар мен насостар жүйесінен құралған, нақты белгілі бағдарлама бойынша реакциялық қоспаға нуклеотидтер мен реагенттерді енгізеді, нәтижесінде өсіп бара жатқан нуклеотидтер тізбегіне қажетті мономерлі бірліктерді қосуын қамтамасыз етеді. Биологиялыққа қарағанда ДНҚ-ның химиялық синтезі барысында тізбектің 5-штрих гидроксильді соңына әрбір жаңа нуклеотидті біріктіруге (қосуға) болады. Осындай барлық реакциялар компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған бір реакциялық колонкада бір ізділікпен өтеді.

Рекомбинантты инсулин алу:
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Рекомбинантты инсулин
Қорытынды:
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Америкалық «Эли Лилли» фирмасының зерттеушілері Е. СоІі клеткасының 20% көлемін проинсулин немесе инсулин алатынын атап көрсетті. Көлемі 1000 л бактерия культурасынан 200 г дейін инсулин өндіруге болады, әншейінде гормонның мұндай мөлшерін өндіру үшін сиырдың немесе шошқаның 1600 кг ұйқы безін өңдеу қажет болар еді. 1982 жылы АҚШ-тың азық-түлік өнімдері, косметикалық заттар, дәрі-дәрмектер Федералдың Басқармасы (FDА) «Эли Лилли» компаниясы шығаратын «Хемулин» (инсулиннің саудалық аталуы) препаратын сатуға рұқсат берді. Ұлыбритания мен СССР-де рДНҚ технологиясы арқылы бактерия клеткасында инсулин өндіру 1980 жылдары ойдағыдай шешілді.
Қорыта келе рекомбинантты инсулин алу e.coli бактериясымен өндіру,
Инсулинді қол жетімді әрі шығынды азайтып отыр.
Рекомбинантты инсулин
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
1.Б.Бегімқұлов Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы, «Білім» 1996.
2.Дж.Уотсон, Дж.Туз,Д.Курц.Рекомбинантные ДНК.М.Мир, 1986г.
3.А.Сассон Биотехнология:свершения и надеждыМосква “Мир” 1987 г.
4.Маниатс Т.Фрич Э.Дж.Сэмбрук. Методы генетической инженерии.Молекулярное клонирование.М.Мир 1984г.
5.Инге-Вечтомов С.Г.Введение в молекулярную генетику.М.Высшая школа,1983г.
Назарларыңызға рахмет!
​@kaznmu https://www.facebook.com/KazNMU
https://www.youtube.com/kaznmu
​г. Алматы, ул. Толе би, 94 +7 727 338 70 90 kaznmu.kz kaznmu@kaznmu.kz
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет