Рентгенографи я



бет1/24
Дата22.11.2022
өлшемі4,56 Mb.
#51691
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
treatise34952 3


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Б. Көшенов, Г. Яр-Мухамедова


Р Е Н Т Г Е Н О Г Р А Ф И Я


оқу құралы

Алматы
«Қазақ университеті»
2015


ӘОЖ 620.017(075.8)

Пікір жазғандар:


Кожамкулов Т.А. - ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы
Қожахаметов С.М. – ҚР ТҒА академигі, техника ғылымның докторы.
Мұқашев Қ.М. - Абай ат. ҚазҰПУ-нің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы.
Көшенов Б., Яр-Мухамедова Г.
Рентгенография. Алматы. Қазақ университеті 2015 ж, бет

ISBN 978-601-04-1613-0




Оқу құралында рентген сәулесі, оның қасиеттері, рентген сәулесінің көздері, ТМД елдерінде кеңінен қолданылатын рентген аппараттарының құрылысы, жұмыс принциптері кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар рентгендік сараптамада қолдану бағыты – кристалдардың және кристалемес заттардың құрылымен анықтау жолдарының тәжірибелік нәтижелері талқыланған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарында физика және инженерлік физика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға және доктаранттарға арналған. Бұл оқулық рентген-құрлымдық сараптама жасаумен шұғылданатын мамандар мен ғылыми қызметкерлер үшін де пайдасын тигізуі сөзсіз.
© «Қазақ университеті баспасы»

© Көшенов Б., 2015


© Яр-Мухамедова Г. 2015
Мазмұны




Алғысөз......................................................................................

5

1

Рентген сәулесі......................................................................

6




1.1 Тежеулік және сипаттамалық рентген сәулелері

6




1.2 Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі.







1.3 Рентген сәулесінің дифракциясы







1.4 Рентген сәулесінің көздері







Бақылау сұрақтары

18

2

Рентген сәулесін қолдану







2.1 Рентген сәулесін тіркеу







2.2 Рентген аппараттары







2.3 Рентген дифрактометрлері







2.4 Рентген дифрактометрінің гониометріне юстировка жасау







2.5 Рентген дифрактометрімен жұмыс кезінде техникалық қауыпсыздықты сақтау талаптары







Бақылау сұрақтары




3

Поликристалдардың рентгендік дифрактограммасын алу және есептеу







3.1 Рентгендік дифрактограмны алу







3.2 Дифракция бұрышын анықтаудағы қателіктер







3.3 Кубтық кристалдардың параметрлерін анықтау







3.4 Ұнтақтық дифрактометрді қолданып Бравэ ячейкасын анықтау







3.5 Рентгендифрактометрдің негізінде Фурье әдісімен кристалдардың құрылымын анықтау







Бақылау сұрақтары

67

4

Рентгенографиялық фазалық сараптаманың кейбір мәселелері







4.1 Сапалық рентгенофазалық сараптама теориясының элементтері







4.2 Сандық рентгенофазалық сараптама теориясының элементтері







4.3 Рентгенограмманы қолданып заттарды автоматты анықтау (идентификация) схемасы







Бақылау сұрақтары







Әдебиеттер




Алғысөз
Рентген сәулесі, алғаш ашылған дәуірінен бастап ғылым мен техниканың барлық салаларында қолданыла бастады. Қазіргі уақытта рентген сәулесін қолданбайтын бірде-бір ғылым мен өндіріс саласы жоқ десе де болады. Солардың ішінде осы оқулықта рентген сәулесін нанотехнологияда дәстүрлі сандық және сапалық сараптама жасауда ғана қолданып қоймай, заттардың құрлымдық ерекшеліктерін де анықтауға кеңінен қолдану ерекшеліктері қарастырылды.


Аталмыш оқулық 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес және Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес жазылды.
Пәннің негізгі мақсаты – заттардың конденсорланған күйінің құрлымын ренгтген сәулесін қолданып тәжірибе жүзінде анықтау әдістері туралы студенттерге теориялық білім беру және практикалық дағдыға уйрету. Оқулықтың негізгі бөлігі – рентген сәулесінің, электрондар мен нейтрондар шоқтарының дифракциясы.
Заттардың құрлымын зерттеуде қалыптасқан әдістердің басым көпшілігі рентгенография әдісімен анықталады. Сондықтан рентгендік фазалық және рентгендік дифрактометриялық сараптамалар жүргізудің әдістемелері талқыланған. Рентгендік құрлымдық сараптама жүргізу мақсатында ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде қолданылатын рентгендік дифрактометрлердің гониометрлерін юстирлеу, үлгілерді дайындау және қолдану әдістерімен қатар, рентгендік сараптама әдістерімен кристалдардың, кристалемес заттардың және ұнтақтардың құрлымдық ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау әдістемелері қарастырылған.
Осы оқулықтың негізгі мазмұны Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің фзика факультетінің студенттерінің алдында 2006 жылдан бастап сынақтан өтуіне пәннің жаңа материалдармен толықтырылып және кемшіліктерін жоюда көмек көрсететін кеңес берген физика факультетінің деканы қатты денелер физикасы және материалтану кафедрасының меңгерушісіне алғысымызды білдіреміз.
Оқулық физика және инженерлік физика мамандықтары бойынша оқитын студенттермен қатар магистранттар мен докторанттар кеңінен қолдана алады. Сонымен қатар бұл оқулық рентгенқұрлымдық сараптама жасаумен шұғылданатын мамандар мен ғылыми қызметкерлер үшін де пайдасын тигізуі сөзсіз. Бұл оқулық қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбек болғандықтан, кемшіліктері болуы сөзсіз. Сондықтан, алдағы уақытта байқалған кемшіліктерді жою үшін, өздерінің пікірлерін білдірген үшін, өздерінің пікірлерін білдірген мамандарға алдын-ала алғысымызды білдіреміз.

1 Рентген сәулесі


1.1 Тежеулік және сипаттамалық рентген сәулелері
Рентген сәулесі деп толқын ұзындығы 80  0,0001 нм аралығында жататын электромагниттік толқынды айтады. Ол ұзын толқын жағынан ультракүлгін сәулемен, қысқа толқын жағынан -сәулесімен шектеседі. Ол көзге көрінбейді, оны байқау үшін флуоресценттік экран немесе фотоүлбі (фотопленка) қолданылады.


Тежеулік рентген сәулесі
Рентген сәулесін алу үшін Рентген түтігі қолданылады. Рентген түтігі – ішінен ауасы жоғары вакуумға дейін (10-7 – 10-8 мм сынап бағанасында) сорылып алынған және ішіне екі электрод А анод пен К катод орналастырылған (1-сурет). Катод металлдан жасалған, оны ток көзіне қосқанда қызады да бетінен электрондар бөлініп шығады. Осы құбылысты термоэлектрондық эмиссия дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет