Ресей орталығындағы қосөкіметтілік және оның шеткергі аймақтарындағы көпүкіметтілік жағдайында, большевиктер билік тізгінін ұстаудың өздеріне тиімді жолдарын қарастырды. 1917 жыл саяси оқиғаларға толы күрделі кезең еді



Дата25.11.2023
өлшемі19,91 Kb.
#126529

4. Ресей орталығындағы қосөкіметтілік және оның шеткергі аймақтарындағы көпүкіметтілік жағдайында, большевиктер билік тізгінін ұстаудың өздеріне тиімді жолдарын қарастырды. 1917 жыл – саяси оқиғаларға толы күрделі кезең еді. Осы жылдары құрлықтың 38 мемлекеті тартылған 1914 жылғы Еуропа соғысы жүріп жатты. Ресейдің ішкі жағдайы тым ауыр-тын, елдің басым бөлігін құраған шаруалардың жер мәселесі шешімін таппады, соған орай шаруаларды сыртқа қоныстандыру процесі жалғасып жатты. Сондай-ақ, елдегі 30 млн.-ға жуық мұсылмандардың азаттық қозғалысы шарықтау шегіне жеткен кезең болатын.
Ресейдегі қазан төңкерісінен бастау алатын Саяси репрессия науқандары КСРО-ның құлауына дейін, нақтыласақ 70 жылдан астам уақытқа созылды. Қазіргі отандық тарихшылар Қазақстандағы саяси репрессияны 5 кезеңге бөліп қарастырады:
1) 1918-1920 жж. – революция және азамат соғысы жылдарын қамтиды; 2) 1923-1932 жж. – И. Сталиннің билікке келуінен басталып, бірінші бесжылдықпен аяқталады; 3) 1932 – 1937/38 жж. – екінші бесжылдықтан басталып, репрессияның шарықтау шегімен аяқталады; 4) 1940 жылдың соңы – 1950 жылдың басы – соғыс жылдарындағы репрессиядан басталып, И.В. Сталиннің өмірден кетуімен аяқталады; 5) 1985-1991 жж. – Д.А. Қонаев тұсында бой көтерген «қазақ ұлтшылдығынан» («Казахское дело») басталып, желтоқсаншыларды репрессиялау науқанымен аяқталады [3]. Міне, сонау 1917 жылдан билік тізгінін алған большевиктердің «перманентті репрессиялық шаралары», осындай.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ басталған сот процестері, биліктің солақай саясатына қарсы шыққан ұлттық интеллигенция өкілдерін қырып-жоюды шарықтау шегіне жеткізді. Соңғы деректерде, 1937-1938 жж. бір жылдың ішінде 25 мың қазақ зиялысы репрессия құрбаны болғаны мәлім. Алаштанушылардың айтуынша, мұрағат қорларындағы деректерде Алаш белсенділерінің 520 адамнан тұратын тізімі кездеседі
 Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери - далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүзіндегі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан қазақ - орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі орыс - казак полкі әкелінді. Жазалаушылар соңғы ұрыс 1916 жылғы кыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға қашты. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып - жаншылды. Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболат Әшекеевті дарға асып өлтірді. Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Актөбе, Қостанайды қамтыды. Торғай облысындағы қозғалысты басу үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды. Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен қазақ жасақтары болды Кейіннен 1916 жылы 13 - қарашада әскери қимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды. Ұшы - қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшылары қосылды. Торғай өңіріндегі бас сардар Амангелді Иманов халық көтерілісіне алғаш рет әскери тәртіп орнатты. Ол отрядтарын 10, 5, 100, 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елу басы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Аменгелді бастаған көтерілісті басу үшін, патша өкіметі генерал А.Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқаның естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге шегініп, Бетпаққараға жиналып, А. Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. Торғай облысында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған Әліби Жангелдин болды. Патша жазалаушылары мен А. Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді.
Торғай көтерісшілер өз жерінің ұлан — ғайыр кендігін стратегиялық, тактикалық мақсаттарға жақсы пайдалана білді. Сарбаздардың қаша жүріп ұрыс салу, тұтқиылдан шабуыл жасау жер ыңғайын тиімді пайдалану барлаушы топпен әскер шетіне араласып кетуге күш салуы сияқты әскери тактиканы қолдана білуі таңғалдырды. Көтерісшілер үкіметінің шешімімен сарбаздарды ат көлік азық — түлікпен қамтамасыз ету әр ауылда сайланған ел билеріне соғыс ісі жүзбасы, мыңбасыларға жүктелді. Сарбаздардың негізгі қару — жарағы қылыш, шоқпар, айбалталарды жергілікті ұсталар қолдан соқты. Торғай көтерісшілерінің жазалаушы патша әскерлеріне қарсы ең күрделі әрі шешуші шайқасы — Доғалдағы соғыс. 1916 жылғы Торғайдағы Әбдіғаппар хан мен Амангелді сардар бастаған 1916 жылғы көтеріліс ақпан төнкерісіне ұласып сәтті аяқталды. Қазақ еліндегі, оның ішінде Торғай даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс дүйім қазақ жұртын дүр сілкіндірген ұлы оқиға болды. Қазақ халықының ата-бабадан келе жатқан жауынгерлік рухының әлі жоғары екенін танытты. Қолына өз заманының қару-жарағын берсең қандай жаумен де шайқаса алатынын көрсетті. Халықымыз отаршылдыққа қарсы азаттық жолындағы күрестің үлкен мектебінен өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет