Республика күніне арналған «Қыран елім Қазақстаным» атты патриоттық акцияның сценарийі!



Дата15.11.2023
өлшемі17,39 Kb.
#122322
түріСценарий

Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным» атты патриоттық акцияның сценарийі!

Өткізілетін күні: 19.10.2023 ж


Өткізілетін уақыты: сағ:15.00


Сыртқы дауыс: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Ашылуы: Сыртқы дауыс: Алтай мен Атыраудың
Арқа мен Алатаудың арасын ең жайлап, еркін көсілген, Мәңгілік ел – Қазақ елі!!!
1.Биназарова Дильназ - Қазағымсың әні орындалады.
Жүргізушілердің шығуы
жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,оқытушылар мен жалынды жастар! 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынған болатын.
жүргізуші: 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралуына орай, бүгінгі арнайы ұйымдастырылып отырған «Қыран елім - Қазақстаным» атты патриоттық акциясына қош келдіңіздер!
жүргізуші: Олай болса, құрметті қонақтар мен жастар, бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз

2.Абдраш Аяулым - Туган жер (домбырамен)

3.Уринбасаров Бағдәулет - Поэзия «Тәуелсізбін
жүргізуші:«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгiнгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.
4. Ендеше, сахнада "Азық түлік және тамақ өнімдері" тобының студенті - Кулатова Анеля Қазақша би.
5. Абдираманова Айниса - Егемен Қазақстан әні.
жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Киелі қасиетті Елім менің!
6. Ендеше, сахнада "Азық түлік және тамақ өнімдері" тобының студенті Батырқұл Аяна орындауындағы Халық әні "Балапан қаз"
Финал
7.Кенжебекқызы Асел - ән Атамекен
жүргізуші:Бүгінде Қазақстан, қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Ел Президентінің жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетуде. Сүйікті Отанымыз Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет