Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Геологиялық ғылымдар институтында Геологтар күніне арналған



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі2,9 Mb.
#7851
1   2   3   4   5   6

Геологиялық ғылымдар институтында Геологтар күніне арналған 

мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. 

Биыл Қазақстанда экологиялық 

партия құрылады

Мэльс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы, саясаткер: 

деп жүргеніңізге біраз жыл өтті. Эко-

логиялық партия жақын уақытта құ-

ры латын сияқты ма, қалай?

– Кезек күттірмейтін мәселелер болып 

тұр. Бұйыртса, биылдан қалмай партия 

құру туралы ойымды жүзеге асырамын деп 

отырмын. Осы ретте «Алаш айнасы» газеті 

арқылы халықты жылдың соңына дейін 

Қазақстанда идеясы жаңа экологиялық 

партия құрылатынынан құлағдар етіп 

қойсам деймін.

– Елімізде қабылданған жаңа эко-

ло гиялық кодекс шаруаларға ұнамай 

отыр. Онда малдың қи-тезегі қоршаған 

ортаға зиянды деп табылып, сол үшін 

арнайы салық енгізілген екен. Сіздің 

пі кіріңіз  қандай?

– Иә, мал шаруашылығындағы шаруа-

лар экологияны сақтауды естен шығарып 

алып жатады. Ал малдың қиынан көмір-

қышқыл газынан 20 есе улы зат бөлінеді. 

Сон 


дықтан жаңа талаптарды тек қана 

қолдаймын.



– Бір кездері сұхбаттасқанымызда 

20 шақты ит асырап отырғаныңызды 

айтқан едіңіз. Жеті қазынаның бірі 

саналатын «достарыңыздың» саны 

қанша болды?

– Қазіргі кезде олардың санын көбейту 

қиын. Тамағын табу да оңай емес. Егер 

қазақтың асыл тұқымды тазыларын сақтай-

мын деген дәулетті жігіттер табылып жатса, 

санын өсіруге болатын еді. Өкінішке қарай, 

қазақ қасиетті санаған тазы ешкімге керек 

бол май тұр. Жалпы саны 20-дан асты. 



– Шаруаларға малдың қиы үшін 

салынатын салық сізге де салынуы 

керек қой онда?

– Жоқ, мен экологиялық талаптарды 

қатаң сақтаймын. Олардың тұратын жерін 

үнемі тазартып отырамын. 



– Сізді қазақша жақсы сөйлей 

алмайды дейтіндер бар. Өзіңіз қалай 

– Мэльс мырза, сіз қаңтарда 

өткен Парламент сайлауына 

Пат риоттар партиясының аты-

нан үміткер болдыңыз. Не се бепті бұл 

партияны қолдадыңыз?

– Парламент сайлауына Патриоттар 

партиясының атынан шығуымның өзіндік 

себебі бар. Қазір «Табиғат» экологиялық 

одағын басқарып жүрмін ғой. Ал саяси 

күштердің ішінде жаныма жақыны  – осы 

Патриоттар партиясы. Себебі 1999 жылғы 

Президент сайлауы қарсаңында осы пар-

тияның ұйымдастыру жұмыстарына тікелей 

араластым. Атауын «Табиғат» деп атағым 

келді. Бірақ төраға Ғани Қасымов Пат-

риоттар партиясы деп атауды жөн деп 

шеш ті. 

– Патриоттар төрағасы Ғани Қа-

сымов бір кездері Президент сайла-

уын да қарсыласыңыз болды. Қалайша 

біріктіңіз?

– Парламент сайлауы қарсаңында Ғани 

Есенгелдіұлы сенатор болғандықтан сай-

лау ға қатыса алмайтын болды. Сондықтан 

партия маған ұсыныс білдірді. Осы пар-

тияның орталық комитетінің мүшесі бол-

ған дықтан келісімімді бердім. Партиялық 

тізім де бірінші болып тұрдым. 



– Кейбір саясаткерлер Патриоттар 

сияқты тағы бірнеше сайлауда жеңіл-

ген партиялардың жабылғаны дұрыс 

деп есептейді. Сіз не дейсіз?

– Ауыз өзімдікі деп сөйлей бергенді 

қою керек. Азаматтық қоғамның дамуын 

қалаймын дей тұра, саяси партиялар 

таратылсын деген сөзді айту – ақымақтық. 

Неғұрлым саяси партиялар көп болған 

сайын соғұрлым халықта таңдау мүмкіндігі 

болады. Саяси күштер арасында бәсеке 

туындайды. Сонда ғана ақиқат айтылады. 

Сондықтан мен мұндай бос сөздерге 

түбегейлі қарсымын. 

– Жасылдар партиясын құрамын 

акцияға байланысты жазған хатыма қолдау 

көрсетілді. Биыл да осы үрдісті жалғас-

тырмақ ниеттемін.



– Ғаламторды қаншалықты жиі 

пайдаланасыз?

– Мүлде пайдаланбаймын.



– Ән айтатыныңызды білеміз, му зы-

калық аспаптарда ойнай аласыз ба?

– Жоқ, бірде-бір аспапты игере алма-

дым. Осы үшін қатты өкінемін. Кезінде ги та-

раға әуестігім болған. Бірақ кейін қара май 

кеттім. Жасың келгенде ойланады екен сің.

– Спорттың қай түріне икемдісіз?

– Жас кезімде біраз спортпен айналыс-

тым. Жеңіл атлетика, футболды серік еттім. 

Есейгенде каратэмен де айналыстым. Дәл 

қазір спортпен тұрақты түрде айналысамын 

деп өтірік айтпай-ақ қояйын.



– Сұхбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ОЙТҮРТКІ


Әділет министрінің пікірін ғалымдар қуаттап отыр

Расында, қазақстандықтардың есiмдерi 

мен ататегiнiң дұрыс жазылуы мәселесі әлі 

де бір ізге түсе алмай жүр. Орыс ықпалынан 

қалған «-ов», «-ев» жұрнақтарының жап пай 

жойылып жатқаны көңілге қонымды. Алайда 

ономаст ғалымдар оның орнын алмастырып, 

бір жағынан, адамның есімі емес, тегі екенін 

айқара көрсететін, екінші жа ғынан, қай ұлт 

өкіліне жататынын көрсе тетін жұрнақты бір- 

ауыздан ұсына алмай отыр. Мысалы, 

грузиндер мен армяндар дың ататегін «-дзе,» 

«-швили», «-ян» арқылы бірден ажыратып 

аласың. Ал қазақтардың ұғымына «ұлы», 

«қызы» деген жұрнақтар тән. Алайда оны 

тек әкесінің атына жалғай ала мыз. Ал тегіне 

жалғанатын бірізді жұр нақ жоқ.

Жалпы, қай елді алсақ та, адамның 

аты-жөні екі немесе үштік әдіспен («есімі, 

әкесінің аты», «есімі, тегі, әкесінің аты») 

жазылады. Ал Қазақстанда адамның есімін 

екілік жүйемен де, үштік жүйемен де тір-

кеуге болады. Көп шатасушылық та осыдан 

туындайды. Екілік жүйенің де, үштік әдістің 

де өз артықшылықтары мен кемшіліктері 

болып отыр. Адамның есімі мен әкесінің 

атын ғана жазатын болсақ, аты-жөні ұқсас 

келетін азаматтарды ажырату қиындайды. 

Дегенмен ондай елдер аз емес. Мысалы, 

Ис ландияда, тибеттіктерде, бирмалықтар-

да, скандинавиялықтарда және басқа да 

көптеген елде тегі жазылмайды. Әкесінің 



шатасу көп болады. Азаматтар есімдерінің 

таза қазақы естілгенін әрі есімімен шатас-

пауын қалайтын болса, әкесінің есімін 

жазып, «ұлы», «қызы» деп тіркегені дұрыс. 

Әри не, оны ортақ стандарт ретінде бекітіп 

тас тай алмаспыз, дегенмен бірізділік қ а-

шан да жақсы ғой. 1924 жылы аты-жөн-

дерді бірізділендіріп, «-ұлы» және «-қызы» 

жұрнақтары арқылы ғана жазу жөнінде 

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов бастама 

көтерген болатын. Бұл ұсынысты көпшілік 

бірауыздан қолдап, қаулы да шығарған 

еді. Алайда 30-жылдардан кейін Кеңестік 

ық палмен халық жаппай «-ов, -евке» көшіп 

кет ті. Кеңес уақытында аты-жөнін ұлттық 

үл гіде жазғандар санаулы ғана, олар – Ба-

уыр 

жан Момышұлы, Шона Смаханұлы, 

Әлкей Марғұлан және Балғабек Қыдырбек-

ұлылар. Шүкір, Тәуелсіздік олардың қата-

рын көбейтуге мүмкіндік берді. Бірақ заң-

ды құжаттарда олардың бір, не бірер ғана 

үлгісін қолданысқа алуымыз керек. Міне, 

осы жөнінде нақты бір пайымға тоқтайтын 

кез жетті.

аты мен өз есімі ғана бар. Немесе Қытайды 

мысал етсек, аталған елде керісінше, әке-

сінің есімі жазылмайды. Төлқұжатқа тегі 

және өз есімі тіркеледі. 1,5 миллиардқа 

жуық халық саны бар Қытайдың өзі екілік 

жүйе мен жүр. Оның үстіне бүкіл қытайлық-

тардың тегі айналдырған 20 есімді қай-

талай береді екен. Азаматтың тұлғасын 

тегінен гөрі, есімі көбірек айқындайды. 

Демек, адамның есімі мен әкесінің аты-

жөнін жазу арқылы, яғни екілік жүйемен 

ғана қалуға болады. Еліміздің көптеген 

азаматы, әсіресе жаңа туылған сәбилер 

негізінен осы ұстанымды қабылдап жатыр. 

Бұл, бір жағынан, қазақы үрдіс болар еді. 

Әсілінде фамилия деген шетелдерде үш-

төрт атаның айналасындағы туған-туыстың 

арасында қыз алыспаудың тәртібі үшін 

жасалған. Көптеген елге сол үш атаның ай-

наласында кезектен жаңылыспау үшін фа-

ми 


лияның көрсетілуі қажет. Ал қазақ 

баласы міндетті түрде жеті атадан кейін 

ғана қыз алып, қыз беріседі. Бұл – тіпті қа-

зақ ты мұсылман елдерден де ерекшелейтін 

ұғым. Сондықтан бер жағы жеті атасынан 

бастап, ар жағында түпкі шежіресін тарқа-

тып, Ақарыс, Бекарыс, Жанарысқа әкеліп 

тірейтін қазақтар үшін екінші атасының 

есімін көрсету міндетті емес. Әр халықтың 

өз ерекшелігі болатындай, бұл да біздің 

ұлттық ерекшелігіміз, артықшылығымыз 

десек, жарасар. Дегенмен Қазақстан қоға-

мы тек қазақтардан тұрмайды. Сондықтан 

те гі, есімі, әкесінің аты көрсетілетін үй рен-

шікті үрдіс те қатар жүре беруі заңды. 

Ал әділет министрі Берік Имашевтың 

пікірін тілші мамандар мен ғалымдардың 

көп 


шілігі қолдайтын болып шықты. Тіл 

білімі институтының бас ғылыми қызмет-

кері, филология ғылымының докторы, 

профессор Нұргелді Уәли шығармашылық 

адамдары баспасөз беттерінде өздерінің 

аты-жөндерін қалай көрсетсе де, ерікте-

рінде болуы керектігін, ал төлқұжатқа кел-

генде «пәлентегі», «түгенкеліні» деуге рұқ-

сат беруге болмайтынын айтады. 

Мә дениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Тiл комитетi нiң төрағасы Шерубай Құрман-

бай ұлы әзiр ге фамилия жазу үлгiсiнiң 17-

18 нұс қасы бар екенін, бірақ соның бар-

лы ғын емес, бір-екеуін ғана қолдануға 

рұқ сат беріп, бірізділік жасау керектігін 

айтады. 


Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Мәдениет 

және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 

төрағасы:

– Үлгілер өте көп. Әркім өзінің көңілі 

қалаған нұсқаны қабылдай беретін болса, 

P.S. Расында, ислам атын ғана емес, ары таза мұсылман ғұлама-

лардың есімін жамылған қаскөйлердің елді адасу мен қантөгіске 

шақыратын үндеулерінен сақ болған абзал.

ойлайсыз, қазақшаңыз 

көңіліңізден шыға ма?

– Екеуара қазақша 

сұхбаттасып отырмыз ғой. 

Сіздің сөзіңіздің бәрін тү-

сініп, қазақ тілінде жауап 

бе 


ріп отырмын. Қалада 

өстім, орысша оқыдым. 

Бірақ бала күнімде жаздағы 

демалысымды ауылдағы 

атамның қолында өткізе-

тінмін. Әрине, мен жазушы 

емеспін ғой. Әдеби тілде 

сөйлей алмайтынымды мо-

йындай 

мын. Елдің бәрі 



Мұхтар Әуезов бола ал-

майды ғой.



– Кітапты қаншалықты 

жиі оқи сыз? 

– Шынымды айтайын, 

кейінгі кезде кітап оқуға 

уақыт таба алмай жүрмін. 

Таң ерт ең ерте келіп, кешкі сағат 10-11-де 

үйге қайтамын. Тіпті газет қарамай кеттім.



– Соншалықты қандай қауырт 

шару  а мен  айналысып  жүрсіз?

– Қордаланып қалған мәселе өте көп. 

Көктем келгенімен, тазалық жұмыстары 

мүлде қолға алынбай жатыр. Президентке 

жеке ұсыныстарымды айтып, хат жазып 

жатырмын. Жұмыс көп қой, егер Үкімет 

қаржылай қолдағанда, талай шаруаны 

тындырар едім. Осы уақытқа дейін бір ми-

нистрлік атқаратын жұмысты істедім десем, 

артық айтқаным емес. Мен соңғы рет 

еңбек демалысымды 1980 жылы алыппын. 

Міне, 32 жыл демалыссыз жұмыс істеп ке-

лемін. 

– Президентке жазған хаттарыңыз 

Елбасыға жете ме?

– Хаттарымның көбі Президентке 

жетпей қалды. Тек былтыр сәуір айында 

ағаш отырғызу туралы республикалық 



Әділет министрі Берік Имашевқа Рысбек Тасболатов есімді 

қазақстандық азамат хат жазып, төлқұжатындағы аты-жөніндегі «ов»-

ты «тегі» деген жұрнақпен алмастыруға бола ма деген сауал қойған 

екен. «Заң бойынша, азаматтар өзі қалаған атауды иелене алады. 

Ендеше, неліктен оны қазақы дәстүрмен толтыруға болмайды?! 

Мәселен, француздарда адамның есімі міндетті түрде бірінші 

жазылады. Бізде адамның есімі мен тегінің нақты орны көрсетілмеген, 

сондықтан оны шатастыру оңай», – деп жазады Тасболатов есімді 

азамат. Бұған министр мырза «тегі» деген сөздің орысша аудармасы 

фамилия деген мағына беретіндігін айтып, ереже бойынша, «тегі», 

«ұрпағы», «немересі», «шөбересі, «келіні» дегендей жұрнақтардың 

төлқұжатқа тіркелмейтінін ескертіпті. 

Сәкен КӨКЕНОВ

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№53 (735) 

31.03.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Сот БАҚ өкілдеріне ілеспе аударма жасап отыруы тиіс пе?



Марат 

БАШИМОВ, 

заң ғылымының 

докторы, 

профессор:

Сейітқазы 

МАТАЕВ, Қазақстан 

Журналистер 

одағының төрағасы:

Мирсаид БАЙТІЛЕС, 

«Назар» қазақ 

журналистері қоғамдық 

қорының президенті:

– Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғаннан кейін сот та 

міндетті түрде қазақша өтуі керек. Бірақ бізде орыс тілі 

ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын 

болғандықтан, соттарға арыз-шағым қай тілде түссе, 

олар сол тілде жүргізеді. Әрине, сот отырысы қазақша 

өтіп, бірақ ол тілді айыпталушы немесе жәбірленуші жақ, 

сонымен қатар куәгерлер түсінбейтін болса, онда міндетті 

түрде аудармашы қажет. Бірақ сотта БАҚ өкілдеріне ілеспе 

аударма жасап отыру қалай болар екен? Меніңше, олар 

да сот процесінің қалай жүріп отырғанын толық түсіну 

үшін, ақпаратты дәлме-дәл беруі үшін, мүмкін ілеспе 

аударма жасап отырғанымыз дұрыс шығар. Алайда БАҚ 

өкілдері өздері аудармашы алып келетін болса, сол 

тиімдірек секілді. Сонда бюджетке де салмақ түспес еді. 

Қалай болғанда да, мұны жан-жақты ойластырып, 

мамандармен пікірлесе отырып шешкеніміз дұрыс. 

– Негізі, арыз жазушы адам соттың қай тілде өтуін өтінсе, (орысша не қазақша) 

ол сол тілде өтеді. Бұл жерде менің ойымша, БАҚ өкілдеріне сотта ілеспе аударма 

жасап отырудың керегі жоқ секілді. Мәселен, бізде өтіп жатқан сот отырысына 

кейбір шетелдік БАҚ өкілдері қатысқысы келсе, сол туралы ақпарат бергісі келсе, 

онда өздерінің аудармашыларын қоса алып келсін. Шетелдік тәжірибеге қарап 

отырсақ, Англия, Германия, Францияда сот өтсе, олар өздерінің тілінде жүргізеді. 

Егер кейбір БАҚ өкілдері ол тілді түсінбейтін болса, өз аудармашыларымен келеді. 

Бізде де солай болуы тиіс. Ешқандай мемлекеттің сотында ілеспе аударма жаса-

лынбайды. Тіпті біздің заңымызда да бұл қарастырылмаған. Сондықтан сот тың 

БАҚ өкілдеріне ілеспе аударма жасап отыруы артық дүние деп есеп теймін. Мә-

селен, ертеңгі күні бізде бір сот отырысы өтсе, оған АҚШ-тың, Франция, Италия, 

Гер мания, Африканың журналистері қатысатын бол са, олардың бәріне ілеспе 

аудар ма жасап отыруымыз тиіс пе? Оған қан  шама шығын кетеді. Сондықтан қан-

дай БАҚ болмасын сотқа қатысқы сы келсе, онда өздерінің аудармашыларын қоса 

алып келуі тиіс деп есеп теймін. 

– Өкініштісі сол, бізде сот көбіне орыс тілін-

де өтеді. Судьялар да, тергеушілер де істі 

орысша жүргізгісі келеді. Оны кейбір қа зақ-

тілді журналистер түсінбей жатады. Сон дық-

тан мұндай жағдайда міндетті түрде ілеспе 

ау дар ма жасалынуы тиіс. Жалпы, біздегі сот-

тардың барлығы істі ана тілінде жүргізуі керек. 

Тіпті кейде біздегі соттарға шетелдік БАҚ өкіл-

дері қатысып жатады. Мәселен, АҚШ-тан, Гер-

ма ния дан келген журналистерге сотта ілес пе 

ау дар ма жасап жатудың қажеті жоқ. Олар 

өздері ау дармашы алып келуі керек. Ме нің 

айтаты ным, кез келген сот істі міндетті түр де 

қазақ ті 

лін 

де өткізуі керек. Қажет бол 



ған 

жағдайда ға на ол орысша аударылуы тиіс.



Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

ӨРКЕНИЕТ


Басы 1-бетте

Жапон еліндегідей бастықтың макетін 

сабау дәстүрін тәжірибеге енгізу керек пе?

ОЙ-КӨКПАР

Оны көргенде сөзімнің далада 

қалып кеткеніне жүрегім ауырады» 

дейді белгілі сатирик Толымбек Әлім-

бекұлы. Айтса айтқандай, қазіргі әзіл-

сықақ театрлары әртістерінің көпшілігі 

бос күлкі шақыратын бұралқы сөз бен 

жеңіл-желпі көріністерді қайталаудан 

әріге аса алмай жүр. Әжуалайтындары – 

баяғы сол ерлі-зайыптылардың салғыласы 

мен шал-кемпірдің теке-тіресі, ары кетсе, 

базар, несие, сауна төңірегіндегі өсек-

аяң дар. Өкінішке қарай, сатираның баға-

сын түсіретін осындай жайттар азаймай 

отыр. 


Бір анығы, соңғы уақытта әзіл-сықақ 

театрларының қарасы көбейді. Баяғыдағы 

бір ғана «Тамашадан» «Бауыржан-шоу», 

«Терісқақпай», «Күлкі керуені», «Шаншар» 

балалап, оның соңы «Аққу-Гәкку», «Алда-

рас пан», «Екі езулерге» ұласты. Мүмкін, 

осы ның нәтижесінде өзара бәсеке ұлғайып, 

сатира айдынына ең таңдаулылар мен 

нағыз лайықтылар ғана сұрыпталып шығар 

деген үміт басым. Тек әртістеріміз де, 

оларға материал ұсынатын қаламгерлер 

қауымы да орысқа, басқаға еліктегенді 

қойып, сатира өнерін өз табиғатымызға, 

қазақы қалпымызға мейлінше жақындата 

түссе, жөн болар еді. 

Өмір күн сайын өзгеріп жатыр. Айнала-

мызда қаншама жағдайлар орын алуда. 

Бұл орайда, сатира тек қана әзіл-оспақ, 

же ңіл күлкі емес, ол – заманға, қоғамға 

ашу-айбат, әжуа-мысқыл, Қожакеевше 

айт 

 

сақ, құдіретті қару! Яғни орнымен 



жұм 

сап, парасатты түрде пайдалана 

білсек, көп нәрсені өзгертуге мүмкіндік 

бар. 


Сатираның салмағын қайткенде артты-

руға болады дегеннен туындайтын бір 

мәселе – осы салада ізденіп, азды-көпті 

Сатираның салмағын қайтсек арттырамыз?

еңбек сіңіріп жүрген жандарды, яғни сати-

ра сарбаздарын марапаттау жағына көңіл 

бөлінбей жүргендігі. Мысалы, бізде қалам-

герлер қауымына тапсырылатын «Алаш», 

«Тарлан» сыйлықтары бар. Бірақ неге 

екенін, сатирик жазушылар мен сатирик 

ақындардың осы жүлделерді еншілегені 

кемде-кем. Сатираның деңгейін көтеріп, 

шығармашылық иелерінің қызығушылы-

ғын, ізденісін арттырамыз десек, мүмкін, 

осы сала бойынша арнайы сыйлық таға-

йын даған жөн болар?! Айта кетер тағы бір 

жайт, бұрындары «Ауылдың айтқыштары», 

«Құрдастар қалжыңы», «Сөз тапқанға қол-

қа жоқ» деген сияқты арнайы жинақтар 

шы ғып тұрушы еді. Бүгінде олардың да қ а-

расы азайды. Негізі, сондай арнайы жи-

нақ тар шығару, оларды басқа тілдерге ау-

да ру жағы да ескерілсе, артықтық етпес 

еді. 

ҚҰМШАРЫҚ


Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ



Қарқаралы байлары жасырған 

алтынды кім табар екен?

Сонымен, байғұс Бахрам қазыналы 

Қар қаралысын тастап, Қытай асқанда Қар-

қаралыдағы көп үйінің бірінің қабырғасына 

ғұ мыр бойы жиған алтындарын тығып ке-

тіп ті. Әрине, астары аңызбен астасатын әң-

гімені біз ауадан алып отырған жоқпыз. 

Жо ғарыда есімін атаған танымал өлкетану-

шы, зерделі шежіреші Ерлан Мұстафиннің 

қолындағы деректерге сүйене отырып, 

айтып отырған жайымыз бар. «Осыдан үш-

төрт жыл бұрын Қарқаралының сауда-

герлерін көлігімен Қытайға апарып-әке-

летін бір жігіт жолығып (Қытайдан келген 

қазақ), Бахрамның ұрпақтарын кездестір-

генін айтты. Олар: «Біздің үйді білетіндер 

бар ма? Аталарымыз алтын тығып кеткен, 

тығылған жердің картасы бар», – депті. 

Мен жолыққан жігітке ол үйді білетінімді 

айт тым, ұрпақтарына айт дедім. Айтқанын, 

айтпағанын білмеймін, ешкім келген жоқ. 

Естуімше, әлгі үйдің қабырғасына өте көп 

мөлшерде алтын тығылған. Үйдің алдында 

үлкен тас қоралар бар. Қора қаланған 

тастардың арасына тыққан болуы керек...» 

– дейді өлкетанушы.

Ал біраз уақыт бұрын аталмыш үйлерге 

жөндеу жұмыстары жүргізілгенде үй қа-

быр  ғасынан көптеген ескі қағаздар шы-

ғыпты. Сарғайған қағаздарда араб қаріп-

терімен жазылған жазбалар да бар болып 

шықты. Ол қағаздардағы жазбаларды оқи 

алар көзіқарақты азамат іздеп, оған қоса 

Қытай жағынан әлгі өзбек көпесінің ұр пағы 

табылып қала ма деп, біз де өз кезе гімізде 

шекараның арғы жағындағы аға 

йын-

танысқа хат жолдаған болатынбыз. Әзір ше 



жауап жоқ. Ескерте кетуіміз керек, мақ-

сатымыз – қазақ даласына қазына іздеп 

келіп, иен байлыққа арзан жолмен қол 

жеткізуді арман еткен жандарша, біреудің 

бабасынан қалған дүниеге көз аларту емес, 

тек қызықты тарихи жайттар дың жұмбақты 

түйткілдеріне көз жүгірту, ел мен жердің 

қасиет-қастерін замандас қауымға арттыра 

түсу ғана.

Ал Қарқаралы қаласында ғұмыр кеш-

кен көпес-байлар тығып кеткен алтын тек 

бұл ғана емес. Бірқатар әлеуметтік меке-

мелер орналасқан ғимараттардың да қа-

быр ғаларында, қаланы қолтығына қысқан 

қарт таулардың шатқалдарында да сом-

сом алтын-күміс, құнды әшекей, сән 

дүниеліктері жасырынған-мыс. Бұл туралы 

деректер де баршылық. Тек өлкетанушы 

Ерлан Мұстафиннің айтуынша, бірер жыл 

бұрын тығылған қазынаның дерегін естіген 

әлдебір харам ойлы пенделер қазба жұ-

мыс 


тарын жүргізбек болған-мыс. Ал 

тығыл ған алтынды табуға жақын қалғанда 

белгісіз себептермен денсаулықтарына 

түрлі зақым келген, түн баласы ұйқыла-

рынан шошып, елестер маза бермеген 

деседі.


Сонымен, Қарқаралы байларының 

ерте де тығып кеткен қазыналары ашылар 

күн қашан туар екен? Ол қандай күн болса 

да, тарихтан қалған тәбәрік ел мен жер иесі 

– халықтың кәдесіне жараса болға ны!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет