Қаржы рыноктық қатынастар жағдайында өзара төрт басты қызметтерді атқарады. Олар :
Реттеу
Бөлу
Ынталандыру
бақылау.
Қаржының объективтік қажеттілігі
Қаржының пайда болуының ең басты объективті себебі – қоғамда өндірілген өнімді ақщалай түрде бөлу қажеттілігі. Бұл қажеттілік қоғамдық өндіріс процесінен туындайды. Кез-келген қоғамда оның қызмет етуінің негізі – материалдық өндіріс болып табылады. Бұл процесс негізінде заттай өнім шығарылады. Оның бірнеше формалары бар:
Жалпы ұлттық өнім;
Жалпы қоғамдық өнім.
Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.
ҚР Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға Дейінгі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қаржының экономикалық дамуына жасаған көмегімен ықпалы
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн запының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.