Құрманжанов Диас Отын өнеркәсіп саласы



Дата21.04.2023
өлшемі13,8 Kb.
#85293

Құрманжанов Диас
Отын өнеркәсіп саласы
Отын өнеркәсібі (ТП) отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен өңдеу болып табылады. Мұнда газ, көмір, мұнай өңдеу және шымтезек өнеркәсібі бар. Отын өнеркәсібі ауыр индустрияның негізгі салаларының бірі болып табылады. Елдің отын өнеркәсібін дамыту тікелей шикізатқа байланысты.
Газ Батыс Қазақстанда (99%) және Қызылорда облысында Шу- Сарысу газ алабында (1%) шығарылады. Жалпы газды Жаңа -Өзен қаласында, Ақсай кентінде, Жаңажолда газ өндіретін зауытында өндіріледі. Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңа жол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұна-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу- Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады. Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан — бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір, сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.
Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000км-ден де жоғары). Онгың негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия — Орталық (ОАО) және Бұхара — Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украинаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара — Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.
Қазіргі кезде қазақстандық тұтнушыларға «ҚазТрансГаз Алматы» және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ры және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп береді. Қазақстанның көршілері табиғи газды өндіру мен пайдалануда жоғары деңгейлі мемлекеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орнына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді әрі ұтымды пайдалану «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдаау саласындағы стратегиялық міндеті болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет