С++ бағдарламалау тілі



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі70,37 Kb.
#116747
  1   2   3   4   5

С++ бағдарламалау тілі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. С++ тілінің шығу тарихы

  2. С ++ тілінің ерекшеліктері

  3. С ++ тіліндегі класстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
С++ тілінің синтаксистік ережелері басқа тілдерге қарағанда аз,оның компиляторын 256 Кб көлем арқылы-ақ жазып шығуға болады.
Қордағы түйінді сөздер саны да көп емес, Дэннис Ритчи жасаған алғашқы С++ тілінде тек 27 түйінді сөз болды,кейіннен ANSI C стандартында тағы бірнеше сөз қосылды.
Microsoft С/С++ нұсқасында тағы 19 командалар мен түйінді сөздер қосылды,соның нәтижесінде олар 66 болды.
Басқа программалау тілдердегі функциялар С++ тілінде жоқ,мысалы,енгізу-шығару операторлары да кездеспейді, оның есесіне кітапханалық әр түрлі функциялар саны жеткілікті.
С ++ тілінде қазіргі тілдерде болатын барлық басқару операторлары бар.
Курстық жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлім үш тақырыптан тұрады: С++ тілінің шығу тарихы, С++ тілiнің ерекшеліктері, C ++ тіліндегі класстар.
Курстық жұмыстың мақсаты: С ++ тіліндегі класстарды кеңінен ашып, түсінікті етіп көрсету.
C++ тілінде бағдарламалаушы берілгендердің бос типтердің енгізу мен класстар арқылы орындалатын операцияларды анықтау мүмкіндіктеріне ие.
Класс – бұл бар типтер негізіндегі туынды құрылымы бар (структурированный) тип. Класс компонеттері деректер, функциялар, класстар, санап шығулар, биттік өрістер, достасқан функциялар мен типтер атаулары бола алады.
С++ тілінің шығу тарихы
С++ тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесімен тығыз байланысты, өйткені бұл ОС осы С тілінде жазылып шыққан. UNIX/C жұмыс істеу ортасы Си тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды,ол компиляторлар мен ОС-тер жазу үшін қолайлы деп саналады. Бірақ Си тілі кез келген салада программалар жазуға да өте қолайлы тіл болып табылады.
Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Белл фирмасының лабораториясында PDP-7 мини-ЭЕМ-інде жасалып шықты. UNIX PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды.Бұдан соң сол лабораторияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор жасап шықты. Осы тілді Си тілінің негізі деп атауға болады. Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ;
Алгол-60 1960-жылдың басында халықаралық комитет басып шығарды
CRL (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1960 ж.қатарласа жасалды.
BCPL (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды.
В Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 жылы жасады
С Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 жылы жасады
Сонымен,1983 жылы С++ тілінің стандартын жасау мақсатында (ANSI C) Америка Ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет