Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

2
Мерекеге арналған 
салтанатты қабылдау
Жыл  санап  жайнап,  көркейіп  келе  жатқан  Астана  еліміз  бен  Елбасының  қуанышына, 
мақтанышына айналуда. Елбасы  дегенде – Астана, Астана дегенде Елбасы еске түседі. Бұл екеуі 
қазір бір ұғымға айналған десе де болғандай. Өйткені Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихы Елбасы 
мен Астанадан басталады. Сондықтан да «Астана күні» - ел үшін де, Елбасы үшін де үлкен мереке.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың 6 шілдесінде Мемле-
кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне ар налған 
салтанатты  қабылдау  өткізді  деп  хабарлады  Прези дент­
тің  баспасөз  қызметі.  Іс­шараға  Парламент  депу тат тары, 
Үкімет  мүшелері,  мем ле кеттік  органдар  мен  дипло ма­
тиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет 
пен білім беру саласының өкілдері қатысты. Мемлекет бас-
шысы  өз  сөзін де  небәрі  17  жасқа  толған  ел  аста насының 
қазірдің өзінде бай әр і даңқты тарихы бар екенін айтты. 
– Бүгінде елдің бас қаласы тек біре гей ғимараттарымен 
ғана  емес,  қайта ланбас  өзіндік  ахуал­тынысымен  де 
ерекшеленеді.  Астананың  өз  «гравитациясы»  бар,  ол  та-
ланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және 
әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір 
сүруге, өз бо лашағын осында бедерлеу ге ұмтыл ғандар бар­
ған сайын көбеюде. Астана хал қы ның саны күткендегінің 
бәрі нен де асып түсіп, миллионға жуық тап қал ды. Бұл рет-
те қаланың елге берері де кө бейе түсуде. Бү гінде Астана 
–  рес пуб  ликалық  бюд  жеттің  донорына  айнал  ған  өңір дің 
бірі, – деді Қазақстан Пре  зи  денті. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  елдің  әлеу мет тік  және 
экономикалық  өміріне  тигізіп  отырған  елорданың  оң 
ықпалын атап өтті. 
– Астана қазірдің өзінде тек елдің ғана емес, Орталық 
Азия  өңірінің  білім  беру  және  медицина  хабы  рөлі не  ие 
болып отыр. «Нұрлы Жол» бағдар ла масын жүзеге асыру 
елдің  барлық  өңірін  елордаға  жақындата  түсуде.  Жаңа 
Жібек  жолы  жобасы  Қазақ станды  Еуразия  құр лы ғының 
орта лық мемлекетіне айналдырады. ЭКСПО­2017 халық­
аралық көрмесін өткізу еліміз дің технологиялық көш бас­
шылы ғын  қамтамасыз  етіп,  әлемге  Қа зақ станның  бала-
малы  энергетика  саласындағы  жетістіктерін  әйгі лейді. 
«Астана»  халықаралық  қар жы  орта лығын  құру  –  тағы 
бір  өр шіл  баста мамыз.  Ол  Астананың  ғана  емес,  бүкіл 
республиканың  көп  жылдарға  арналған  даму  бағы тын 
айқындап  береді.  «Локальді  көшбасшылық  және  жаһан­
дық бәсекеге қабілеттілік» – біз ұстанатын формула осы. 
Көріп отырғанымыздай, Астанада қазір дің өзінде осы жо-
спарды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде, – деді Мем-
лекет басшысы. 
Сонымен қатар, Қазақстан Прези денті мерекеге өзінің 
жеке басының қатысы жөніндегі ойымен бөлісті.
  –  Қала  күні  де  адамның  туған  күні  сияқты  –  ол  тек 
мерекелеу ге  себеп  қана  емес,  есеп  беріп,  қорытынды 
жасаудың  да  бір  мүмкіндігі.  Мен  үшін  мерейтой  жеке 
басымның  мерекесі  болған  кезең  әлдеқашан  артта  қалды. 
Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланы-
сты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының және әрбір 
өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ және болмақ 
емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сондай­ақ,  Мемлекет  бас шысы  Ас тананы  одан  әрі 
дамытуға  атса лыс қан дары  үшін  қатысушыларға  алғыс 
айтты. 
–  Бұл  жерде  жаңа  және  біре гей  Еура зия  мәдениеті 
қалыпта сады, жастар бәсекеге лайық білім алады, бола ш­
аққа сеніммен қа дам басатын жаңа отбасылар құрылады. 
Бірлі гі міздің, еңбек сүй гіш тігіміздің, табан ды лы ғымыздың 
арқасында біздің алға қой ған барлық мақсатымызға жете­
тінімізге сенімдімін, – деді Қазақ стан Президенті.
Соңында 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
барша 
қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, игілік пен бақ­
береке тіледі.

3
Шілде айының 10 күні  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 
Назарбаев Башқұртстан астанасы – Уфада өткен Шанхай 
ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер бас-
шылары кеңесінің отырысына қатысты. 
2001  жылы  құрылған  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы 
соңғы жылдар ішінде аймақта ғана емес, дүниежүзіндегі ең 
беделді және серпінді дамыған көп салалы ынтымақтастық 
ұйымдарының  біріне  айналды.  Қазіргі  таңда  бұл  ұйым 
өзінің  саяси­дипломатиялық  сипатына  сәйкес,  тұрақты 
түрде нығайып келе жатыр. 
ШЫҰ­ға  мүше  мемлекеттер  бас шы ларының  шағын 
құрамдағы кездесуі кеңейтілген құрамдағы отырыспен жалғасты. 
Бұл  отырысқа  Қазақстан  Пре зи денті  Н.Назарбаев,  Ауғанстан 
Прези денті М.Гани, ҚХР Төрағасы Си Цзинь пин, Қырғызстан 
Президенті  А.Атам баев,  Моңғолия  Президенті  Ц.Элбэг дорж, 
Ресей  Президенті  В.Путин,  Тәжік стан  Президенті  Э.Рахмон, 
Өзбек стан Президенті И.Кәримов, Үндістан Премьер­министрі 
Н.Моди,  Пәкістан  Премьер­министрі  Н.Шариф,  сондай­ақ, 
ШЫҰ  Бас  хатшысы  Д.Мезенцев,  БҰҰ  Бас  хатшысының  са-
яси  мәселелер  жөніндегі  орынбасары  Дж.Фелтман,  АСЕАН­
ның Бас хатшысы Ле Лыонг Мин, ШЫҰ­ның Террорға қарсы 
өңірлік құрылымы (РАТС) Атқару комитетінің директоры Чжан 
Синьфэн қатысты.
Жиынға  қатысушыларға  арнаған  сөзінде  Қазақстан 
басшысы бүкіләлемдік қоғамдастық үшін тынышсыз және 
жау апты  кезеңде  ШЫҰ­ның  беріктігі  мен  өміршеңдігі 
жөнінен  елеулі  сынақты  бас тан  өткеріп  отырғанын  атап 
өтті.  «Біз  ұйымның  дамуы,  әлемдік  аренадағы  ықпалы 
мен беделінің одан әрі өсуі бағытындағы кезекті кезеңінің 
басында  тұрмыз.  Өзге  де  оң  мысалдармен  бірге,  ШЫҰ­
ның  екі  стратегиялық  бағы ты ның  қатарласа  ілгерілеуі 
осыны  айғақ тайды.  Қызметінің  алғашқы  күндері нен  ба-
стап Шанхай үдерісі өзін ашық әрі теңгермелі көпжақты 
құры лым ретінде көрсетіп келеді. Бұл ретте, біз Үндістан 
мен  Пәкістанның  мүше  мем лекет  мәртебесіне  ие  бо-
луына  бағыт талған  шараларды  бастау  туралы  шешімді 
толығымен  қолдаймыз.  Үндістан  мен  Пәкістанның 
халықаралық беделі, тәжірибесі мен экономикалық әлеуеті 
Өңірлік ынтымақтастықтың орнықты ұйымы
–  біздің  ұйымымыздың  болашақ  перспективалары  үшін 
зор демеу», – деді Қазақстан Президенті. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  ШЫҰ­ның  2025  жылға  дейінгі 
даму  стратегиясына  қол  қойылуы  ұйымның  сапалық 
тұрғыдан  жетілуінің  айқын  айғағы  екеніне  тоқталды.  «Бұл 
Құжат Шанхай үдерісінің алдағы он жылдағы негізгі арқауы 
қызметін атқара алады. Әлемде болып жатқан оқиғалар мен 
үдерістер жағдайында ШЫҰ өңір елдерінің тұрақтылығының, 
қауіпсіздігі мен өсіп­өркендеуінің кепілі болып қалуға тиіс. Еш 
әсірелеусіз  айтсақ,  осынау  тарихи  кезеңдегі  біздің  борышы-
мыз – әлемге «Шанхай рухының» бірлігі мен мызғымастығын 
көрсету», – деді Қазақстан басшысы. 
Қазақстан  Президенті,  сонымен  қатар,  терроризм 
құрбандары санының өсіп бара жатқаны туралы ұнамсыз 
статистика  елдердің  бақуатты  өміріне,  өңірдегі  татулық 
пен  қауіпсіздікке  бұл  қауіптің  айқын  қатер  төндіріп 
отырғанын көрсететініне назар аударды. 
«Барлық  өңірлер  мен  құрлықтар  үшін  –  Азия,  Еуропа, 
Таяу Шығыс және Африка үшін мұның баршаға бірдей тиімді 
екені күмән тудырмайды. Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа 
Экономикалық  Саясаты  мен  Қытайдың  «Жібек  жолының 
экономикалық  белдеуі»  бастамасының  жүзеге  асырылуы, 
ЕАЭО аясында жасалып жатқан қолайлы жағдайлар ШЫҰ­
ның  міндеттерімен  барлық  жағынан  сәйкеседі.  Осының 
барлығы тағы бір өршіл мақсатқа қол жеткізуге – Орталық 
Еуразияда  бірін­бірі  толықтыратын  макроэкономикалық 
даму  кеңістігін  құруға  мүмкіндік  береді.  ШЫҰ­ның 
экономикалық  бағытының  мүмкіндіктерін  толық  іске  қосу 
мақсатында ымыраластық жолдарын іздестіруді жалғастыру 
керек. Экономикалық жобаларды іске асыруға арналған ортақ 
тұғырнама  ретінде  Инфрақұрылымдық  инвестициялардың 
Азия банкінің әлеуетін пайдаланудың болашағы бар сияқты 
болып көрінеді», – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан  басшысы  сөзінің  соңында  ШЫҰ­ға  мүше 
мемлекеттер  берік  жігер,  бірлік  және  «Шанхай  рухы-
на»  адалдық  таныта  отырып,  халықаралық  бейбітшілік 
пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге,  орнықты  даму  мен 
ынтымақтастыққа өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. 

4
арттыру  бо йынша  «Бәсекеге  қабілетті  көш басшылар  – 
ұлттық  чемпиондар»  бағдарламасының  орындалу  барысы 
туралы баяндап берді.
Сонымен қатар, көрмеге елі міздегі отандық тауарларды 
өн діруде,  ел  экономикасын  дамы ту ға  үлес  қосып  жүрген 
көптеген  кәсіпорындар  мен  өндіріс  орын дарының 
басшылары  және  қыз мет керлері  келді.  Еліміздің  түкпір­
түкпірінен  жиылған  әртүрлі  өнімдерді  көпшілік  назарына 
ұсынған кәсіпкерлер өзіміздің елде жасалынып шығарылған 
тауарларын көрмеге қойды. Олардың көрме маңдайшаларына 
жазылған  «Қазақстанда  жасалған»  деген  жазуы,  төменгі 
жағында  ең  үздік  логотипті  ойлап  табушы  Екатерина 
Рукшенененің «KZ» доменіндегі белгісі еріксіз көз тартады.
  Шын  мәнінде,  Елбасының  ша ғын  және  орта  бизнеске 
қол дау  көрсетіп,  ел  экономикасын  дамытуға  бағытталған 
жобалары ның  барлығы  дерлік  мемлекет  мүддесін 
көздейтіні белгілі. Бұл ретте «Қазлегпром­Алматы» жоғары 
технологиялық  өндірістік  кәсіпкерлік»  компаниясының 
директоры  Айбек  Бектұрғановтың  айтуы  бойынша,  біздің 
қазақстандық киімдер өз ретінде дұрыс қолға алынса, әлемдік 
стандарттарға сай болуға толықтай мүмкіндігі бар. 
Дүниежүзі  кеңінен  қолданып  отырған  вискоза 
материалынан  ерлердің  классикалық  костюмдерін  тігіп, 
сондай­ақ  отандық  аяқ  киімдер  шығарып  отырған  серік­
тестік негізі қаланғанына небәрі екі жыл болса да бүгінде 
тапсырыспен киім тігуде алға шыққан. 
Қыз­келіншектерге  арналған  қазақы  қалыпта  тігілген 
бүрмелі,  оюлы  киімдер,  көйлектер  мен  той  көйлектері, 
сондай­ақ сыртқы киім мен балалар киімі көрме ішінің сәнін 
келтіргендей сипатта болды.
Жеңіл өнеркәсіпті қолына алып, жұмысын дөңгелетіп 
отыр ған  тек  киім  тігушілер  емес,  сонымен  қатар  өз 
елімізде  дәрі­дәрмек,  түрлі  тағам  өнімдері,  химиялық 
өнімдер, құрылыс заттары мен тұр мысқа қажетті көптеген 
тауарларды  жасап  шығарып  отырған  кәсіп керлердің 
барлығы  да  осы  көрмеге  қатысқандарына  қуаныштарын 
білдірді.
Бұл ретте көпшілікке аты мәшһүр «Зерде­Фито» ЖШС 
үлкен  беделге  ие.  Орталық  Азия  өңіріндегі  фитоөнімдер 
біз – Ұлы дала еліМіз
Үстіміздегі  жылдың  шілде  айының  басында 
Астанадағы  «Көрме»  орталығында  Мемлекет 
басшысы  Нұрсұлтан  Назар баев тың  қатысуымен 
еліміз дегі  «Нұрлы  Жол»  және  индустриялық-
инновациялық  даму  мемле кеттік  бағ дарламаларын 
жүзеге асыруға арналған дәстүрлі телекөпір өткізілді. 
Телекөпір туралы «Егемен Қазақстан» басылымы 
«Біз - ұлы дала еліміз» атты тақырыппен көлемді 
де маңызды материал жариялады. 
«Нұрлы  жол»  бағдарламасының    жүзеге 
асуы  алыс-жақындағы  ағайындарды  да  ерекше 
қызықтыратыны  анық.  Осыған  орай,  телекөпірде 
көтерілген  мәселелердің  ықшамдалған  нұсқасын 
назарларыңызға ұсынып отырмыз.
 «қазақстанда жасалған»
Елбасы, 
ең 
алдымен, 
көрме 
кешенінде 
индустрияландыру  жобаларының  өнімдері  қойылған 
көрме жұмысымен танысты.
Онда  Мемлекет  басшысына  «Қазақстанда  жасалған» 
белгісімен  шығарылатын  отандық  өндірістің  тауарлары 
таныстырылды.  Бұдан  басқа,  Елбасы  ірі  өндірістер 
көрмесін де аралады.
 Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы 
Қуандық  Бишімбаев  Елбасына  холдингтің  қолдауымен 
жүзеге  асырылған  бірқатар  ірі  жобаларды  таныстырды. 
Соның  бірі  табақ  шыны  өндіру  мен  өңдеу  бойынша 
«Orda Glass ltd» ЖШС­нің жобасы болып табылады. «Бұл 
елімізде  шыны  өндіретін  жалғыз  жоба.  Зауыт  отандық 
нарық қажеттілігінің 100 пайызын өтейтін болады. Өнімнің 
30  пайызын  экспортқа  шығару  жос парлануда»,  ­деді 
Елбасына зау ытты таныстыру барысында Қ.Бишімбаев. 
Жеңіл өнеркәсіп көрмесінде «Бәйтерек» холдингі төрт 
жобаны ұсынды. Солардың бірі – Астанада «KazTexExpo» 
автоматтандырылған  сауда­өндірістік  кешенді  құру 
бойынша «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық 
Компаниясы» ЖШС­нің жобасы.
Сондай­ақ,  «Бәйтеректің»  бас қарма  төрағасы  Елбасына 
холдинг іске асыратын қазақстандық тауар лардың экспортын 

5
қолға  алған  «Жібек  жолының  эко но микалық  белдеуі» 
жобасына  қосылуы  елімізге  шетелдік  инвес тор лардың 
келуіне  жаңа  мүм кіндіктер  ашады,  сөйтіп,  Қа зақстанды 
өңірлік инвестициялық хабқа айналдырады, деп күтілуде. 
­  Биылғы  жылы  біз  700­ден  астам  шетелдік 
инвесторлармен  келіс сөздер  жүргіздік.  Соның  нәти ­
жесінде 100­ден астам мемо ран  думға қол қойылды. 26 ірі 
транс ұлттық  корпорациялармен  келіс сөздер  жүргізіліп, 
олардың  10­ымен  нақты  келісімге  қол  жетті.  Осы 
жартыжылдықтың ішін де шетелдік инвесторлардың қаты­
суымен 7 жоба пайдалануға беріледі, – деді Ә.Исекешев. 
Қазіргі  жағдай  өнеркәсіптік  сектордың  бәсекелестік 
қабілетін  арттыру  жөніндегі  жүйелі  жұ мыс тарға  жаңа 
көзқараспен қарауды қажет етіп отыр. Осыған байланысты 
Бүкіләлемдік  банктің  көмегімен  рыноктарға  неғұрлым 
өтімді 152 тауар таңдап алынған. Ол та уарлар шартты түрде 
екі  топқа  жүйеленген.  Бірінші  топтағы  тауар ларды  игеру 
үшін  бірқатар  капи  тал  қажетсінетін  жобаларды  жүзеге 
асыруға тура келеді. Бұл ретте бірқатар ерекше техно логия­
ларға  қол  жеткізу  және  оларды  жаһандық  тізбекке  тіркеу 
үшін ірі трансұлттық корпорациялар тартылатын болады.
Ал  екінші  топтағы  тауарларды  отандық  бизнестің 
өзі  мемлекеттік  қолдау  құралдарына  сүйене  отырып 
игере  алады.  Сондықтан,  бірінші  топтағы  тауарларды 
игеру  ұлттық  холдингтерге  тапсырылса,  екінші  топтағы 
тауарларды  игеруді  «Атамекен»  ұлттық  кәсіпкерлер 
палатасы әкімдіктерімен бірлесіп, қолға алатын болады. 
Үкімет  өз  кезегінде  жеке  жо баларға  емес,  индус­
трия лан дыруға  қажетті  жүйе  құру  ісімен,  атап  айтқанда, 
кедергілерді  жою мен,  инфрақұрылымдарды  қалып тас­
тырумен,  қолайлы  инвес ти циялық  ахуал  туғызумен 
айналысады. 
Шикізат өнімдерін сатудан ва люталық түсімдердің азаюына 
байланысты неғұрлым өңдел ген өнімдерді экспортқа жылжыту 
ерекше  маңызға  ие  болып  отыр.  Осы  ретте  Жібек  жо лы ның 
қалыптастырылып  дамытылуы  Қытайға,  Үндістанға  және 
Парсы  шығанағы  елдеріне  тауарлар  экспорттауға  қосымша 
мүмкіндіктер беретін болады. 
Қаржылай қолдау аясында Ұлттық қордан 35 миллиард 
тең ге бөлініп, бұл қаржы негізінен экспорттаушылардың 
айналым  қа ражатын  толықтыруға  жұмсалды.  Сонымен 
қатар, енді оларды сервистік қолдау күшейтілетін болады. 
Осы мақсатта ҚХР­да, Иранда, Белоруссияда, Новосібірде 
өкілдіктер ашылуда.
Әсет  Исекешев  екінші  бес жыл дықтың  неғұрлым 
иннова циялық  болатындығын  атап  өтті.  Осыған 
байланысты  төрт  бағыт  таңдап  алынған. 
Оның  бірін-
шісі
 – өнеркәсіптік секторлары бар кәсіпорындарды жаңа 
технологиялық деңгейге шығару. 
Екіншісі
 – отандық ғылымды индус трияландыру үшін 
қолдан балы  міндеттерді  шешуге  жұмыл дыру.  Осыған 
байланысты  Білім  және  ғылым  министрлігімен  бірле се 
отырып,  ғылыми  зерттеулерді  қар жыландырудың  әдіс­
тәсіл деріне өзгерістер енгізіледі. 
Үшіншісі
  –  экономиканың  жаңа  бағыттары  үшін 
технологиялық 
негіздерді 
қалыптастыру. 
Мұнда 
трансұлттық  корпорацияларға  басым­дықтар  берілетін 
болады. 
өнді рі сімен  айналысатын  ірі  компания  болып  табылатын 
«Зерде»  бү гінгі  таңда  нарықтың  80  пайыздан  астамына 
иелік  етіп  отыр.  Компанияның  тауар  жинағында  өнімнің 
280­нен астам түрі бар. Жыл сайын мұнда 1000 тоннадан 
астам дәрілік­өсімдік шикізат қайта өңделеді. 
          
ИнновацИялану бесжылдығы
 
Елбасы  көрме  залын  аралап  болғаннан  кейін, 
жұртшылық жи налған залға келіп, жиынды ашты. Елімізде 
осыдан бес жыл бұрын басталған индустрияландырудың 
бірінші  бесжылдығы  қоры тын дыланғандығын,  екінші 
бесжыл дықтың  жарияланғандығын  атап  көрсетті. 
Елімізді  индустрияландыру  ісіне  Елбасының  халыққа 
арнаған  Жолдауында  жарияланған  «Нұрлы  Жол»  Жаңа 
Экономикалық  Саясатында  ойластырылған  істер  ерекше 
екпін  беріп  отыр.  Осының  нәтижесінде  аса  ауқымды 
ин фра құрылымдар  қалыптастыру  жұмыстары  жүзеге 
асырылуда.  Астанадан  жан­жаққа  шашылған  күн 
шұғыласы  іспетті  автокөлік  жолдарының  жаңа  сұлбасы 
қалып тасуда.  Бұлар  өз  кезегінде  орталық  пен  өңірлердің 
байланысын және өңірлердің өзара байла нысын нығайта 
түсетін  болады.  Үкіметтің  Индустриялық­иннова циялық 
даму және «Нұрлы Жол» бағдарламалары бойынша есе бін 
тыңдау үшін бірінші сөз ке зегі Инвестициялар және даму 
ми нистрі Әсет Исекешевке берілді.
Ә.Исекешев 
өз 
сөзінің 
басында 
еліміздің 
индустрияландыру  бағы тындағы  екі  бесжылдығының 
тоғыс қан  тұсы  әлемдік  экономи каның  күрделі  кезеңіне 
тұспа­тұс  келгендігін,  түрлі  геосаяси  жағдайлар,  мұнай 
мен  металл  бағаларының  құлдырауы,  Ре сейге  қарсы 
қолданылып  отыр ған  санкциялар,  Қытай  экономикасы 
өсімінің баяулауы – міне, осы ның барлығы қосыла келіп, 
Қазақ стандағы индустрияландыру ісіне, бүтіндей алғанда, 
отандық  экономикаға  қиыншылықтарын  тигізгендігін 
айтып  өтті.  Бірақ,  соған  қарамастан,  экономика  өсімі 
жалғасын  табуда.  Яғни,  биылғы  жылдың  5  айының 
қорытындысында  өнеркә сіптік  өнім  көлемі  0,5  пайызға, 
тау­кен өнеркәсібінде 1 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 0,2 
пайызға өсті.
Әсет  Исекешев  осылай  дей  келе,  елімізді 
индустрияландыру мәселелеріне ойысты. Мә селен, «Нұрлы 
Жол»  бағ дар ламасын  жүзеге  асыру  ба ры сында  еліміздегі 
цемент  өн ді рі сінің  көлемі  үстіміздегі  жылдың  5  айының 
ішінде 14 пайызға немесе 2954 мың тоннаға өсе түскен. 
Индустрияландыру 
бағ дар ла масының 
аясын­да 
елімізде іске қосылған 770 жоба жұмыс істеу үс тінде.
Сондай­ақ, 
еліміздің 
инвес ти циялық 
ахуалын 
жақсартуға  бағыт талған  реформаның  дер  кезінде  қолға 
алынуы елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан тікелей 
шетелдік  инвестициялардың  қар қы нының  сақталуына 
әсер  еткен.  Өнеркәсіптік  өндіріске  келіп  жатқан  мұндай 
инвестициялар көлемі өткен жылдың осы мерзі міндегіден 
48 пайызға өсе түскен. 
Әсет 
Исекешев 
индустрия лан дырудың 
екінші 
бесжылдығында  атқарылатын  істерге  тоқталып  өтті. 
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуы, 
Елбасының тапсырмасымен Аста нада өңірлік халықаралық 
қаржы орталығын құру мәселесі, Қазақ станның алып Қытай 

6
Төртіншісі
  –  жоғары  техно ло гиялық  стартап­
компаниялардың  тым  жетімсіздігі  мәселесін  шешу. 
Бұл  міндетті  шешуге  шетелдерден  инноваторлар  мен 
зерттеушілер 
шақырылады. 
Солардың 
көмегімен 
стартапхаб құрылады. 
Ә.Исекешев  сөзін  аяқтағаннан  кейін  Мемлекет 
басшысы  баяндамада  айтылған  проблемаларды  шешу 
үшін  қазіргі  әлемдік  дамудың  трендтерін  жіті  бақылауда 
ұстап отырудың қажеттігін айтты. «Бұл – барлығыңа ортақ 
тапсырма.  Бәрін  де  өз  уақытында  істеу  керек.  Әйтпесе, 
кеш қалуымыз мүмкін», деп ескертті. Баяндаманың жақсы 
жасалғандығын атап өтті.
                      
ұлттық қордың үлесі мол
Мұнан кейінгі сөз кезегі Ұлт тық экономика министрі 
Ерболат Досаевқа берілді. 
–  Сіздің  тапсырмаңыз  бо й ын ша  контрциклдық  эконо ми­
калық саясатты іске асыру тәртібінде драйвер болып табы латын 
және Қазақстанның қосым ша экономикалық өсуін қамта масыз 
етуге  міндеттелген  инфра құрылымды  дамытудың  «Нұрлы 
Жол»  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды  және  жүзеге 
асырылып жатыр. 
Қазіргі  уақытта  Мемлекеттік  бағдарламаның  тұрғын 
үй­ком муналдық  шаруашылықты  жаң­ғырту,  тұрғын  үй 
инфра құ рылымын  нығайту,  кәсіпкерлік  субъектілерін 
қолдау,  құры лым дық  реформалар  арқылы  инсти тут­
тық  даму  мен  электр  энерге тикасы  және  білім  беру 
сала сындағы  инфрақұрылымды  дамыту  сияқты  негізгі 
бағыттар іске асырылу үстінде, – деді Е.Досаев.
Мұнан  әрі  ол  жүргізілген  жұ мыстарды  жекелеген 
бағыттар  бо йынша  баяндап  өтті.  Соның  ішінде  жылу, 
сумен қамту желілерінің тозуын төмендету үшін өңірлерде 
96 әлеуметтік маңызды жобаның жүзеге асырылу үстінде 
екенін,  осы  үшін  Ұлттық  қордан  биылғы  жылға  60 
миллиард  теңге,  2016  жылға  90  миллиард  теңге  бөлініп 
отырғандығын  айтты.  Осының  нәтижесінде  тек  биылғы 
жылдың өзінде 266 шақырымдық жылу және сумен қамту 
желілері,  14  қа зан дық  жаңғыртылмақ  және  қайта дан 
салынбақ. Мұның өзі жүйе нің тозуын қазіргі 67 пайыздан 
65 пайызға дейін төмендететін болады.
Бұл  мәселеге,  сондай­ақ,  ше тел  дік  инвестициялар  да 
тар тылу да. Мәселен, Қызыл орда, Ақ тө бе, Шымкент қала­
лар ын дағы ком муналдық инфрақұ ры лымдарды жаңғырту 
үшін  Еуро палық  даму  және  қайта  құру  банкімен  95 
миллион доллардың келісіміне қол қойылды. 
Сондай­ақ,  биылғы  жылы  Пет ропавл,  Қостанай, 
Семей  және  Тараз  қалаларында  131  миллион  доллардың 
жобалары жүзеге асырылатын болады. 
Екінші  бағыт  бойынша  еліміздің  тұрғын  үй 
инфрақұрылымдары  нығайтылуда.  2015­2016  жылдары 
арендалық  тұрғын  үйлерді  салуға  және  сатып  алуға 
Ұлттық  қордан  145  миллиард  теңгенің  қаржысы 
қарастырылған.  Биылғы  жылдың  өзінде  республикалық 
бюджеттің  қаржысын  қоса  есепке  алғанда,  7  мың  пәтер 
пайдалануға  беріледі.  Наурыз­сәуір  айларында  алғашқы 
2437 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізілді. Маусым айында 
360 пәтерді бөлу басталды. Қазір 3280 арендалық пәтердің 
құрылыстары жүргізілуде. 
Үстіміздегі  жылы  инже нер лік­коммуни­кациялық 
инфра құры лымдарды салу және қалып тастыру үшін 42,7 
миллиард  теңгенің  трансферттері  қарас ты рылған.  Осы 
қаржыға 170 жоба жүзеге асырылуда. 
Үшінші  бағыт  бойынша  кәсіп керлік  субъекті­
лерге  қолдау  көр сетілуде.  Мәселен,  үстіміздегі  жылы 
өнеркәсіп  саласындағы  кәсіп керлерді  жеңілдікті  жолмен 
несиелендіру  үшін  100  миллиард  теңге  қарастырылып 
отыр. Мұның сыртында аталған іске шағын несие лендіру 
ұйымдарының  не сие лік  желілері  арқылы  155  мил лиард 
теңге тартылған. Бұл қаржы да ша ғын және орта бизнес 
жо ба ларын несиелендіруге бағыт талады. 
Осы несие желісі арқылы бе рілген қаржыларды іске қосу 
барысында 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның жобалары 
жүзеге асқан кезде 220 миллиард теңгенің өнімдері өндірілетін 
болады. 
Төртінші бағыт – инсти туттық даму. Бұл мәселе бойынша 
экономикадағы  құрылымдық  реформаны  жүргізу  шағын 
қар жы ландыру  ұйымдарымен  ты ғыз  ынтымақтастықта 
жүргізілуде.  23  жоба  халықаралық  қаржы  ұйым  дарымен 
бірлесе қаржы лан дырылуда.
Мәселен,  үстіміздегі  жылы  Бүкіл әлемдік  банктен 
бірлесе  отырып,  1,1  миллиард  доллар  тұратын  сегіз 
жобаны  жүзеге  асыру  басталды.  Ол  негізінен  шағын 
және  орта  бизнестің  бәсекелестік  қабілетін  нығайтуға 
бағытталған. Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және 
даму банкімен 2,5 миллиард доллардың жобалары жүзеге 
асырылды.  Басқа  да  әлемге  танымал  қаржы  ұйымдары 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет