Scientific Issues of the Modernity
87
Э. ғ. к., доцент м. а. Женісхан Д.,
Серіберген Д. С., Жұмабай Д. Д.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
БӨРІТАСТАҒАН ЖАРТАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ
ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шығыс Қазақстан табиғаты ерекше, табиғи қоры орасан зор,
флора мен фаунаға өте бай өлке. Сонымен қатар, Тарбағатай
ауданы өзінің әсем табиғаты мен жер асты байлықтарымен
ерекшеленеді. Бөрітастаған жартасы әсем табиғаттың туындысы.
Сондықтан Бөрітастағанға табиғи-тарихи ескерткіш мәртебесін
беріп, бұл жерде экологиялық туризмді дамытуға болады.
Tarbagataisky areas of particular its natural resources, rich in flora
and fauna. One of the wonders of nature is rock Boritastaғan. And so this
rock should be given the title of natural historical monument and develop
eco-tourism here.
Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең тиімді жолы
туризм болып табылады. Себебі әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп
отырғандай, ілгері адыммен қадам басқан мемлекеттердің көпшілігі өз
қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде осы салаға арқа
сүйейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан
мәліметтеріне қарағанда осы саламен айналысатын мемлекеттер
қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10%-на жуық тек
туризмнің табыс көзі. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі
бойынша мұнай мен көлік сатудан кейін үшінші орынды иеленеді [1].
Қазақстан халықтарының мәдениетін қалыптасу тарихы мен
дамуын анықтауда, зерттеуде маңызды рөл атқаратын аймақтарының
бірі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы. Туризм бүкіл
әлемде тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызатын
бірден бір тиімді іс көзі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштер
туризмді дамытуда маңызды орын алады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек
көркем табиғатымен ғана емес, ел мен жердің, тарих пен
археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен
ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста
аймағымыз туристік шаңыраққа айналуы әбден мүмкін. Себебі әр
Proceedings of the International Scientific and Practical Conference
88
аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі
мен салт дәстүрі бар.Сол аймақтардың бірі ШҚО.
ШҚО-дағы таңғажайып табиғат кереметтерінің бірі Бөрітастаған
жартасы. Бөрітастаған жартасының кереметтігі сонда айналасы 50-60
шақырым радиуста ешқандай төбе жоқ,мидай жазық далада
орналасқан жалғыз жартас. Суретке қарағанда, Бөрітастаған жазық
даладағы жартас екенін қөреміз (сурет1). Жартастың ұзындығы үш жүз
метр, ені он метр, биіктігі елу метр, терістік батысы жадағайлау,
күнгей жағы тіп-тік жалама жақпарлар. Бөрітастаған туралы ғылыми
зерттеулерді 1975-1983 жылдары аралығында Қазақ ССР ғылым
академиясының математика және механика институтының ғылыми
докторы Т. Нұркенов жүргізіп ғылым және еңбек журналында
мақалалар жарияланған. Нұркеновтың жүргізген зерттеулері бойынша
бұл жартас метеорит екендігін дәлелдейді. Эколог Ержан Құттыбаев
зерттеулері бойынша бұл жартас сары сұр гранит және темір метеорит
емес екендігін айтты. Себебі, тасты үгітіп магнит жақындатқанда оған
ешқандай нәрсе тартылмайды. Бұл жартас ерте заманнан-ақ
ғалымдардың қызығушылығын туғызған. XIX – XX ғасыр аралығында
орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі зерттеу
жұмыстарын жүргізген.
Бұл жартастың атауына келетін болсақ, В.И.Каменский «
Бөрітастаған туралы анықдардың бірінде былай дейді, бір күні бір
патшайым Тарбағатай етегінде саны жетпес малын бағып отырғанда,
Зайсанмен арадағы жазықтан қасқырды көріп,оған жартастан үлкен
тасты алып лақтырған дейді. Сол себепті жапанда жалғыз « бөріге
тастаған тас» тұр» деген[2].
ШҚО-дағы Бөрітастаған жартасы. (сурет-1)
Суретті жартастың айналасындағы алдын-ала зерттеулер, бұл
аумақтың адамзаттың сонау жаңа тас дәуірінен бері игергенін
Scientific Issues of the Modernity
89
көрсетеді. Ежелгі суреттер-нышандық белгілер, адам пішіндес
мүсіндер мен әр алуан жануарлардың бейнелері антпропегендік
факторлар әсерінен қатты бүлінген, сондықтан консервация бойынша
кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Жазбалардың басым бөлігі
бүлінген, алайда қалған бөліктері ежелгі дүниетанымды жаңғырту
үшін, бұл аймақта сонымен қатар тарихи-табиғи туризмді дамыту үшін
де қызығушылық тудырады.
Сонымен қатар Бөрітастағанның дәл қасында орналасқан қола
дәуірінің баспаналарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
соңына қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасап ел иелегіне ұсынуға
болады. Сондықтан Бөрітастағанның айналасындағы тұрақтар мен
қоршауларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіш
базаныда ашық аспан астындағы музей жасау керек.
2014 жылдан бастап осыған ұқсас ШҚО Ұлан ауданы «Ұлан
ауданында орналасқан «Ақ-Бауыр» тарихи-археологиялық кешенінде
ашық аспан астындағы мұражай салу» жобасы қолға алынған.
Сондықтан көне тарихтан сыр шерткен табиғаттың таңғажайып сыйы
Бөрітастаған кешенінде ашық аспан астындағы музей салуды
ұсынамыз.
Ондағы негізгі мақсат:
Қазақстан тарихын дәріптеу, әйгілілеу;
Қазақстандық
отансүйгіштікті,
отаншылдықты,
Қазақстанның тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру;
Басқа облыстар арасында ШҚО мәдени беделін арттыру;
Жұмыс орындарын арттыру.
Бөрітастаған жартасы мемлекеттік деңгейде қорғауға алынатын
негізгі объектілердің бірі, оның маңына ұлттық саябақ құрумаңызды
деп есептейміз. Ұлттық саябақ дегеніміз – тарихи, ғылыми және
демалу мақсатына арналған өсімдіктер мен жануарлардың және табиғи
ландшафтардың қоршалған жері. Ұлттық саябаққа – ұлттық қорықтар
үшін сақталған жерлер, теңіз саябағы, жергілікті саябақтар, тарихи
жерлер, биосфера қорығы, әлемдік мұра тізіміне енген жерлер жатады.
Олардың
негізгі
мақсаты
ұлттық
саябақтағы
табиғатты
қорғай,халықтың рекреациялық демалуын қамтамасыз ету [3].
Бөрітастаған тасының үлгісі рентген спектральды микро-
талдауға «JCXA-733 рентгенді микроанализатор «Superprobe», JEOL,
Япония» эәне рентген құрылымдық талдау әдісінде «ДРОН-2.0»
рентгенді дифрактомер құрылғыларының көмегімен анықталды.
Талдаудың алдында үлгі радиоактивтілікке берілді. Талдау нәтежиесі
тас үлгісінің радиоактивті емес екендігін анықтады.
Proceedings of the International Scientific and Practical Conference
90
Рентген
спектральді
микроталдау
нәтежиелері
кесте-1
көрсетілген.
Кестеден көріп отырғанымыздай, үлгі құрамына кремний,
алюминий, калий, натрий, оттегі және аз мөлшерде темір мен кальций
кіретіндігін анықталды
Кесте-1. Рентген спектральды микроталдау нәтижелері
Спектр О
Na
Al
Si
K
Ca
Fe
Жиыны
Спектр 1 54.14 3.14
5.59
31.88
3.78
0.32
1.15
100.00
Спектр 2 55.32 2.98
5.12
30.90
3.34
0.83
1.50
100.00
Спектр 3 53.74 2.83
6.16
31.41
4.12
0.39
1.35
100.00
Орташа 54.40 2.98
5.62
31.40
3.75
0.51
1.33
100.00
Станд.
ауытқу
0.82
0.15
0.52
0.49
0.39
0.28
0.18
Макс.
55.32
3.14
6.16
31.88
4.12
0.83
1.50
Мин.
53.74
2.83
5.12
30.90
3.34
0.32
1.15
Зерттеу нәтижелерінің қорытындылары бойынша, сұйық сұр
түсті консистенцияны (балшық) емдік-сауықтыру мақсатында
қолдануға болады:
тері аурулары кезінде;
қан айналымының жақсаруына;
ағзадағы зат алмасуын ретке келтіруіне[4].
Қорытындылайтын болсақ, 5000 жылдық тарихы бар Тарбағатай
ауданындағы бұл таңғажайып жартас туризмнің дамуына қарқынды
үлес қосады. Аймақтың тарихы мен рухани мұраларынмен танысу
үшін туристерді тарту қажет. Ол үшін облыстық әкімділігінің
кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризм бөлімінде жұмыс
істейтін телекомпаниялармен туристерді тарту мақсатында, еліміздің
тарихынан ерекше орын алатын Бөрітастаған жартасы сияқты
орындарда арнайы фестивальдар, жарнамалар шығарып, Шоқан
Уалиханов жүріп өткен жолдар сияқты осы жартасты басып өтетін
экспедициялар, жорықтар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Сонымен
қатар туристерді тарту үшін туристік инфрақұрылымды жетілдіру,
кафе-бар, мейманхана сияқты сервис саласы қызмет көрсетсе, келер
туристерге жағдай жасалса, онда бұл жазық далада жатқан жартас
туристік нысанның аты көпке танымал болатын орталыққа
айналатынына сенеміз.
Scientific Issues of the Modernity
91
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Табыстың тартымды саласы туризм//Егемен Қазақсан 2011,
5бет.
2.
Бөрітастаған // Тарбағатай 80 жыл. Анықтамалық: Өскемен
2008 жыл.
3.
http://kk.wikipedia.org/wiki
«Ұлттық
саябақ»
сөзінің
анықтамасы.
4.
Қ. И. Сәтбаев
атындағы
геологиялық
ғылымдар
институтының рентгеноспекторлік қорытындысы//Алматы, 2014 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |