С өЖ-3 А. С. Макаренко тәрбие туралы



бет1/4
Дата19.11.2023
өлшемі326,37 Kb.
#124905
түріПоэма
  1   2   3   4

С
ӨЖ-3

А.С.Макаренко тәрбие туралы.
Жоспар:
1)А.С.Макаренконың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі.
2) Өмір жолы мен еңбектері.
3) Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы.
4)Ата-ана беделі туралы пікірі. 
А
.С.Макаренконың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі
 
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?
Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнымен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы – тәрбие субъектісі, тәртіп – адамгершілік категориясы, жазалау – адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық – ең үлкен, ізгілік және т.б.
Жаңашыл – педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі.Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады.
"Біздің өміріміз жаппай жаңалық – деп жазды Антон Семенович, - Бұл өмірдің балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, - барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын” "(Шығ., 4т., 1957, 482-бет)
Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Кезінде А.М.Горький 1933 жылы хатында А.С.Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:
"Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар”. Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А.С.Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды, онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды. 

1)А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесін қандай жерлерде көптеп қолданады?


А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесін көптеген мектептерде мектеп интернаттарында, балалар үйлерінде кеңінен қолднылады 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет