- Химияны ғылым ретінде анықтауды қалыптастыру;
- Зат, дене ұғымдарын ажырата білуге үйрету;
- Заттардың физикалық қасиеттерін сипаттайтын белгілерді үйрету.
- Химия ғылымы нені зерттейтінін білу және түсіну;
- Зат, дене ұғымдарын ажырата білу;
- Заттардың физикалық қасиеттерін сипаттай білу.
Оқушының аты-жөні
Іс-әрекет реті
Ресурстар (мұғалім толтырады)
Орындалуы(оқу-шы толтырады)
Мағынаны таны
Видео, оқулық беттеріне сілтемелер 1. 7 сынып Химия оқулығының 6-11 беттерін ашып, §1 "Заттар және олардың қосылыстары"- тақырыбын оқимыз, ой елегінен өткіземіз 2.Презентация қарау. 3. " Химия пәніне кіріспе. Заттар және олардың қосылыстары."тақырыбында youtu.be платформасынан бейне-сабақ қарау:https://youtu.be/j0VMlUhDCTc
1. Химия ғылымы нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай ?
2. "Дене" және "Зат" ұғымдарының айырмашылығы неде?
3. Заттардың физикалық қасиеттерін сипаттайтын қандай белгілерді білесіздер?
4.Адамның табиғатқа тигізетін кері әсерлерін болдырмауда химия ғылымының атқаратын рөлі қандай?
Орында
1 Тапсырма: Төмендегі тізімнен заттар мен денелерді бөліп жазыңыздар:қайшы, ас тұзы, шыны, стақан, темір, қант, құмыра, кесе, мыс,су, қайшы, сабын. 2 Тапсырма:Кестеде берілген заттардың физикалық қасиеттерін сипаттап, толтырыңыздар: