Сабақ № Тақырып: Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру мәселесі мен болашағы Мазмұны



Дата17.03.2023
өлшемі25,03 Kb.
#75275
түріСабақ

Семинарлық сабақ № 3.
Тақырып: Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру мәселесі мен болашағы
Мазмұны:
1.Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру мен және оқытудың мәселелері мен перспективалары .
2.Ұлттық білім беру жүйесі мен инклюзивті білім.
Әдістемелік нұсқау: «Коллоквиум».


Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауакершіліктері артады.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілетілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, таным-білуге, қабылдауға үйренеді. ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала кемістігнің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму екенін ұғынамыз. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ерекшелігі 
Мақсаты: жеке тұлғаның әлеметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізігі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
1.Сәйкес келетін деңгейіне психофизилогиялық мүмкіндігін дамыту:артикулярлық аппаратын, фонематикалық есту қабілеті, қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы, көру-моторлық қозғалыс т.б.
2.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру.
3.Оқуға қызығушылығын дамыту.
4.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою. 
5.Жалпы интеллектуалдық жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру қарым-қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.)
6.Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету.
7.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуына және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды.
-оқудағы негізігі қиындықтары жойылады.
-Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады.
Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу, қарым-қатынас диогностикасы, мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету, қарым-қатынас аясын түзету және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі. Психологиялық кеңес беру бағытында баланың дамуындағы ата-ананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес, жадынамалар беріледі. Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу, қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме, дәріс, жадынама, тренинг, тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі. Әр бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ, педагог-психгологтің жинақ қоржынында баланы псхологиялық-диогностикалық тексеруге арналған құралдар, логикалық ойлауға, зейінгі және есте сақтауға арналған әр түрлі әдістемелік құрал-жұмыстары сатылы жүргізіледі. Зерттеу барысында психолог зерттеу хаттамасын жүргізіп, тіркеп отырады: Берілген тапсырманы түсінуі және оны орындау деңгейі; Балаға көрсетілген көмек пен оның білімділік дәрежесі; Өз бетімен қателіктерін түзете алуы; Үлкендермен қарым-қатынас ерекшелігі; Тапсырманы орындауға қарым-қатынасы; Тапсырманы орындаудағы белсенділігі. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі балалардың зейін қасиеттерін зеттеу үшін зейіннің көлемін, ауысуын, шоғырлануын, тұрақтылығын зерттеу әдістемелерін қолдануға болады.Бұған сынып жеткешісінің немесе пән мұғалімдерінің көмегін пайдалануға болады. Есте сақтауын зерттеу үшін «фигура ларды есте сақта , » «10 сөз», « Сан қатары» т.б. әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап», «Қандай фигура жетіспейді» т.б. әдістемелерді қолдануға болады. Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық дамуында , оқу барысында қандай да бір ауытқушылықтар , психологилық қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады. Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық психикалық дамуында, оқу барысында білігі мен дағдысында қандай да бір ауытқушылықтар, психологиялық қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл-күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады.Баланы мектепшілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Психологиялық кеңес беру жұмыстары ата-аналарға, пән мұғалімдеріне, оқушылардың өздеріне жеке жүргізіледі.Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру, әр баланың үйіне барғанда, мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса, пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық консилиум барысында жүргізіледі.Мысалы, ТДО сыныбының мұғалімдеріне арналған кеңес-жадынамалар: -оқушының мүмкіндігіне және жұмыс істеу темпі мен жылдамдығына сәйкес келетін тапсырмалар жинағын беру; -баланың жеке және даму мүмкіндіктерін есепке алу; -баланың динамикалық (шаршау, қозу т.б.) өзгерістерінің пайда болуына байланысты жұмыс жетекшілігінің тактикасын өзгертіп отыру; -сабақта жетісікке әкелетін, жалпы нәтиже беретін, топтық және жеке жұмыс әдістемесін қолдану;- сабақ арасында сергітетін жеңіл физикалық жаттығулар немесе босаңсу жаттығуларын жасау; -оқыту үрдісіне ойын, жарыс элементтерін, дидактикалық ойындарды пайдалану;
-оқушы өзінің мықты жақтарын көрсете алатын табыстылық жағдайларын туғызу;
-баланың кез келген жетістігі мен өз бетіндік жұмысын мадақтап, көтермелеп отыру;
-балаға қойылатын талаптардың біресе көтеріліп, біресе төмендеуінен аулақ болу;
-өте белсенді (гиперактивті) балалардың күшін пайдалы жаққа қолдану (тақта сүрту, дәптерді жинау т.б.) -жақсы тәртібі мен оқудағы жетістігін
көтермелеп, балаға мадақтау сөздерін айту; -психолог маман бірге отырып, балалардың сынып, мектеп өміріне бейімделуіне, оқу дағдыларына, қарым-қатынас жасау дағдыларына тәрбиелеу, әлеуметтік орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Келесі жұмыс бағыты бұл-психологиялық алдын алу мен ағарту жұмыстары. Әрбір сынып бөлмесінде, мектеп дәлізінде, ТДО сыныбы бөлмелерінде, ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға арналған ағартушылық материалдар мен кеңестер үнемі жаңартылып отырады. Метеп психологінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысының негізгі педагогикалық консилиумда көрінеді.Жалпы және арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп директорының бұйрығымен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады.Консилиум құрамына мектеп директоры, оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшісі, ТДО сыныбы мұғалімі, тәрбиешісі, және оқыту мұғалімі қатысады.Консилиумға әр маман өз зерттеулері мен ұсыныстарын жазып, даярлап келеді. 1.Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі) 2.Психологиялық қорытынды (педагог-психолог) 3.Медициналық қорытынды (медбике) 4.Әлеуметтік педагог қорытындысы. Логопедиялық қорытындысы (логопед). Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері, бала дамуын бақылау күнделігі, сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді.
Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.
2 Қоса беріліп отырған "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) бекітілсін.
"Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық жобаның жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен көзделген іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
 Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Коллоквиум (лат. colloquium) — оқушылардың білімін, ғылымға, әдебиетке, өнерге т.б. ынтасын анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі. Жоғары оқу орындарда Коллоквиум әдетте лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі.
Қазіргі оқу процессіндегі Коллоквиумды электрондық жүйеде өткізу жиі пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет