Сабақ №10 Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардың негізгі топтары.
Сабақ соңында студент қабілетті болады:
* жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін заттарды жіктеу мәселелерінде бағдарланады;
* жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін негізгі заттардың жалпы сипаттамасын біледі;
* негізгі жағымсыз жанама әсерлерді біледі;
* заманауи зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты өз бетінше іздеп, қайта өңдейді және талдай біледі;
* мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді.
Әдебиет, соның ішінде электрондық ресурстар:
Негізгі:
1.Харкевич Д.А. Фармакология: оқулығы / Д.А. Харкевич. – 11- ші түз. және толық. - M.: ГЕОТАР-Медиа, 2014.- б. 304-317, 334-344.
2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. 4-е изд. Перераб. И доп.»ГЭОТАР-МЕДИА». -2013.-С.237-266.
Электронды көздер
1. Сайты knf.kz.www. dari.kz
2. Clical learning, Medscape.com, Medscape video.
Қосымша:
1. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии /Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕДИА», 2012. –С.125-129; 137-145.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб.,испр. И доп. – М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 с.
Дайындыққа арналған сұрақтар:
1.Антиангиналды заттар. Жіктелуі.
2.Органикалық нитраттар. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
3.Кальций каналдарының блокаторлары. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
4.Бета-адреноблокаторлар. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
5.Стенокардия ұстамасын жоюға арналған заттар. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
6. Артериалдық гипертензияда қолданылатын препаратардың негізгі топтары(антигипертензивті заттар).
7.ААФ тежегіштері. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
8.Ангиотензинді рецепторлардың тежегіштері. Препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдануға көрсетілімдері.
9. Терминдермен жұмыс
Үш тілде-қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде терминдер жазу: ангиотензин айналдырушы фермент, кальций каналдарының блокаторы, антиангиналды препарат, NO донаторы.
Бағдарламалық препараттар: нитроглицерин, изосорбид динитраты, изосорбид мононитраты, верапамил, дилтиазем, нифедипин, амлодипин, анаприлин, метопролол, атенолол, лабеталол, каптоприл, эналаприл, фозиноприл, лозартан.
Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған негізгі препараттар тізімі:
нитроглицерин, амлодипин, метопролол.
Сабақты өткізу форматы: тақырып сұрақтарын талқылау, тест түріндегі тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру, шағын топтардағы жұмыс, жазбаша жұмыс (теориялық сұрақ).
Сабақты бақылау: бағалау-суммативті. Тақырып сұрақтарын теориялық талқылау/тест түріндегі тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру, жазбаша жұмыс бағаланады.
БОӨЖ үшін тапсырмалар: Гипотензивті заттардың әртүрлі әсер ету механизмдеріне сызба жасау.
БОӨЖ бақылау: практикалық сабақтың суммативті бағасына кіреді.
БӨЖ-на арналған тапсырма: «Гипертониялық кризді жоюға арналған препараттар» тақырыбына конспект жазу.
БӨЖ бақылау: бағаланбайды. СӨЖ сұрақтары аралық және қорытынды бақылауға кіреді.
ҚО кезінде: ZOOM/Microsoft Teams және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: |