Сабақ 11 Бұқаралық ақпарат құралдарының адамның күнделікті өміріне әсері



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі17,15 Kb.
#55466
түріСабақ
  1   2

Қабылдаған: Қантаева Қ
Орындаған: Төреханқызы Жаңыл
Практикалық сабақ 11
Бұқаралық ақпарат құралдарының адамның күнделікті өміріне әсері
Практикалық сабақ 11
Бұқаралық ақпарат құралдары адамның күнделікті өміріне тікелей әсер етуде.Қазіргі таңда әлеуметтік ортадағы, яғни қоғамдағы мәдениет – бұл жалпы мәдениеттің әртүрлі топтарының жиынтығы,ол дегеніміз мәдениеттің 3 түрі, үстемдік етуші мәдениеттен, субмәдениеттен және де қарсы мәдениеттен құралады.Уақыт өткен сайын бізді қоршаған орта да, қоғам да даму үсітнде, яғни ол дегеніміз адамзат заман талабына сай даму үсітнде.Осы тұста әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік коммуникацияның түрлері де, формалары да дами түсті.Соның әсерінен бұқаралық ақпарат көздері деген терминдер әлеуметтік коммуникацияға ене бастады.Бұқаралық ақпарат көздерінің дамуына байланысты мәдениеттің жоғары деңгейі қалыптасты.Бұқаралық ақпарат көздерінің дамуы тікелей ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты.Ақпараттың бір ғана мезетте бүкіл әлемге таралуына деген мүмкіндік ашылды.Осыған байланысты ақпараттық технологиялар адамдардың, жалпы қоғамның күнделікті өміріне, күнделікті өмірдегі коммуникациясына да зор әсер етті.Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың алмасуы бірінен кейін бірі кезегімен сатыларға көтеріле отырып дамыды.Алғашында тек бетпе-бет қарым-қатынас түрі ғана болды.Бұл қарым-қатынас формасының артықшылығына адамдармен бетпе-бет, яғни тірі байланыстың болуы болды.Алайда алыс жер арасындағы, қандайда бір қашықтықтағы адамдардың қарым-қатынасы шектеліп тұрды.Одан кейін адамдар хат арқылы қарым-қатынасқа түсе бастады.Бұл байланысты жанама байланыс деп айтсақ болады. Ақпарат алмасу уақыты тежелді және де ақпарат тікелей емес жанама жолмен іске асырылып отырды.Хат алмасу алыс қашықтықтан қарым-қатынасқа мүмкіндік берді, алайда уақытының ұзақтығы үлкен кемшілігі болды.Келесі саты әртүрлі электромагниттік технологиялар арқылы жүзеге асырылды.Оларға сымтетікті телефондар , телеграфтар және тағы да басқаларын жатқызсақ болады.Еліміздегі көптеген БАҚ мемлекеттік болып саналғандықтан, ондағы айтылатын, жарияланатын ақпараттың барығы сүзгіден өткізіледі.
Ақпараттың қолжетімділігі мен қарым-қатынастың ыңғайлылығы үшін пайдалы болғанымен де, ғаламтордың жасөспірім ,денсаулығына зияны өте көп:
1) Ең алдымен, баланың, көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
2) Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды.
3)Ми қызметіне де кері, әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Қорытындылай келе, бұқаралық ақпарат құралдары адамның күнделікті өміріне тікелей әсер етуде.Алайда бұл құрал кейде қоғам пайдасына қолданылса, кейде керісінше зияны тиіп жатады.Кез келген заттың екі жағы болады(жағымды,жағымсыз).Бұқаралық ақпарат құралдары да солай деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет