Сабақ №11 Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері



Дата14.04.2022
өлшемі16,28 Kb.
#31068
түріСабақ

Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

Мақсаты: Сөйлем мүшелеріне талдау жасауға; тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын, тұлғасын айыра білуге үйрету.

Тапсырмалар:

  1. Мына сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын ажыратыңыз. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін сұрағына, тұлғасына, байланыс түріне, құрылысына, тұрған орындарына қарай жан-жақты талдаңыз.

Қайыңның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан жеміс-жидектер теретін себет пен ыдыстар тоқиды. 2. Құйрықсыз қосмекенділерге бақалар, құрбақалар, жайынауыз жатады. 3. Қоқиқаздың алты түрі белгілі. Оның кәдімгі қоқиқаз деген түрі Қорғалжын, Теңіз көлдерін мекендейді. 4. Тас көмір – тамаша отын. 5. Халықаралық жарыстарда күрестен Қазақстан спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп келеді.




  1. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне толық талдау жасаңыз.

Амантай қанжығадан екеуіне екі қоян шешіп берді. 2.Кітапты Абай бұл шақта көзілдірікпен оқиды. 3.Барғысы келмеген әкемді нағашым еріксіз әкетті. 4. Ол өзінің қамын жейтін адамды тапты. 5.Мезгіл күзге тақала Сыр бойының да халі қиындады. 6.Ардақ Жанәбілдің қулығын жаңа сезді.


3.Сөйлем мүшесіне талдаңыз. Күрделі және үйірлі мүшелердің түрлерін, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Үйде Ералин басқарған комиссия күреске оқушылар іріктеп отыр. Сол екі арада-ақ Нұрғалидің көзіне дейін терлеп үлгеріпті. Балқияның үлкен көздерінен ірі-ірі ыстық жастар домалап кетті. Ауылдан кеткен аз уақыттың ішінде Аман көп өзгеріпті. Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді.


Практикалық сабақ № 12

Тақырыбы: Салалас және сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: Құрмалас түрлерін мағыналық, тұлғалық жағынан талдауға жаттықтыру.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, олардың жай я құрмалас сөйлем екенін ажыратыңыз; олардың өзгешелігі неде екенін айтыңыз.

Әр жұмыстың өзіндік қызығы болатынын білесіз. Үй салудың да сондай қызықтары болады. Әсіресе, іргесі көтеріліп бөлме-бөлмеге бөлініп күннен-күнге биіктеп келе жатқанын көргенде, құрылысшы қуанбай тұра алмайды. Оның жауапкершілігі де, өз жұмысына деген ықыласы да арта түседі, өз өнеріне деген сыны да, тағылар міні де күшейе бастайды. Кейде мен өз өнерімді суретшілікке ұқсатамын. Суретші бір нәрсені көркемдеп шығару үшін суреттің барлық көрінісімен қатар көлемін де, бояуын да – бәрін де ойлап есепке алады. Бұл үшін бойда бар барлық өнерін жұмсайды. Үйші де сол сияқты. Ең аяғы Егер бір кірпіш орнын таппаса, яки сәл қисықтау қойылып кетсе,бүкіл үйдің сәнін бұзады.дұрыстап сырланбаса да, сыланбаса да әдемілік қашады. Сондықтан да құрылысшы келешек үйдің көрінісін бірінші кірпішті қолына алмай тұрып ойлайды.


2. Құрмалас сөйлемдерді түріне қарай (салалас, сабақтас, аралас) ажыратыңыз.

1. Аты шулы Жоңғар қақпасының ең қысылшаң, тар жері де - осы Жалаңашкөлдің тұсы. Көлдің ені төрт километр болса, тауға дейін төрт километрдей ашық жер бар. Осы арамен жол өтеді. Қақпаның ең қысылшаң жері осы болғандықтан да, Ебінұр мен Сайқын желдерінің ең күшті ойнағы осы арадан өтеді (С. Бақб.). 2. Таудағы шөп шабыс науқанының аяғы қусырылды, шөп машиналар түгелдей жығылды. Осынау асқар таудың бір алып қойнауы бұрын шалғы тиіп көрмеген түкпір-түкпіріне шейін түгел шабылып, ұшан-теңіз мал азығы дайындалды (Б.Соқп.). 3. Жұмыстың қауырт жүргізілгенін мынадан біліңіз: кәдімгі екі, төрт пәтерлік құрама ағаш үйлер үш-төрт күнде бітіп, сапқа қосылып жатты.


3. Көшіріп жазыңыз да, салаластың қай түріне жататындығын ажырата отырып, тиісті тыныс белгісін қойыңыз. Әр компоненттің тұрлаулы мүшелерін тауып астын сызыңыз.

1. Асқар екі нәрсені қолына берік ұстады біреуі төрт бұрышты фанер тақтайға желімдеп алған жоғарғы манифест, екіншісі винтовка. 2. Қалғып кеттің болды тыңайып сала бересің (С.М.). 3. Сәуленің соны айтуы –ақ мұң екен елден бұрын Олжай қолын ала жүгірді. 4. Ә, екеуіңіз жақсы отыр екенсіздер сіздермен сөйлесетін бір үлкен жай бар (Ә.Ә). 5. Егер сен мінбеге шыққан екенсің ендеше кәне дұрыстап сөйле (Ә.Н.).


4. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түр-түріне ажыратып талдаңыз. Олардың жасалу жолдарындағы ұқсастық, ерекшеліктерді көрсетіңіз, тұрлаулы мүшелерінің астын сызыңыз.
Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас (М.Ә.). Бұрын болмайтын шоғырды көріп, сай-сайменен түлкі сұмдар зытып барады (Ғ.М.). Негізгі қалың жиын тарағанмен, алда неке қияр, қол ұстатар, шаш сипатар секілді тойдың ырым-кәдесі әлі көп еді (Қ. Жұм.). Алтынды оған дәл өз ойы қалай тілесе, түсіне де дәл солай кірген еді (Ғ.М.). Батар күннің қиғаш түскен шұғыласына шағылысып, қызғылт қия тастарға кесек-кесек түскен алтындар жарқырайды (Ғ.М.). Бұл далада қолдан шығып кеткен байлық болса, ол осы «Алтынды» болар деп есептеймін (Ғ.М.). Болыс пен тілмаш келмей біз іс бастай алмай жаттық (С.С.) Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ.М.). Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын (мақ.).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет