Сабақ. Антропология. Эссе



бет1/2
Дата31.03.2023
өлшемі21,18 Kb.
#77973
түріСабақ
  1   2

8 сабақ. Антропология.
ЭССЕ
Өмірдің мәні дегеніміз не? деген сұраққа бір сөзбен жауап беру қиыншылық тудырады, себебі әркім бұны әрқалай түсінеді, тіпті адам өмірінің әрбір кезеңінде түрлі материалдық және рухани құндылықтарды өмірдің мәні деп есептейді.
Әдетте, үлкен кісілер «бақыттың ішіне бәрі де сыяды» деп жатады, менің ойымша, бұл өте орынды сөздер. Мысалға, біреу үшін өмірдің мәні денінің саулығына келіп тірелсе, енді біреуінің ойынша, ол отбасы мүшелерінің амандығы, тағы басқа адам өмірдің мәнін байлықтан іздейді. Есейе келе, менің де өмірдің мәні жайлы ой - пікірім өзгерген сияқты. Мысалға, бала күнімде мен үшін өмірдің мәні - жаңа ойыншық, әдемі көйлек, ата - анаммен қыдырып, ойнауға негізделсе, ал қазір бой жеткенімде мен үшін өмірдің мәні - ол сабағымды жақсы оқып, ата - анамның маған артқан үмітін ақтап отырғаным. Үйдегі жеңгемнен «Сіз үшін өмірдің мәні не?» деп сұрағанымда, ол кішкене бөпесінің сыңғырлаған күлкісі мен отбасының амандығы деп жауап берді. Ал анам болса, «сендер – менің өмірімнің мәні мен жалғасысыңдар» дейді. Міне, көрдіңіздер ме, қарап отырсаңыздар, шынымен де бұл ұғымның ауқымы өте кең, өміріміздің барлық жағын қамтиды. Өмірдің мәні неде?
Өмірдің мәні мейірімділік, адамгершілікте деп білемін. Бала күнімнен әжем мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Мейірімділік - адам бойындағы ізгі қасиет. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту мен үшін адамдықтың белгісі іспетті. Себебі мейірім, рахым болмаса, адам баласы біріне-бірі жау болар еді.
Әжем қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет