Тақырыбы: «Ата-анаммен өткізген бір күнім»
Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтеу, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы: I.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
II.Сыңарын тап
III.Ата-анаға алғыс
IV.Сан сұраққа саяхат.
V.Қорытынды
I.Мұғалім: Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?
- Дұрыс айтасыңдар,ата - анамыз. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз адам өмірінде ең қымбат жандар ата анамызды құрметтеп сыйлауды, бірге өткізген әр күнімізді бағалау керек екені жөнінде болмақ. Егер сен өзгелерде мені құрметтесін,сыйласын десең алдыменен ата-анаңды сыйла!
«Ата-анаммен өткізген бір күнім» тақырыбы бойынша оқушылардың ойын сұрау.
II.Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар…әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
2. Ана сүтін ақтамағанды…ешкім жақтамайды.
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без…шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.
4. Қарағайға қарап тал өсер…қатарына қарап бала өсер.
5. Үйінде ұл-қызы бардың…көгінде сөнбес жұлдызы бар.
6.Атаға қарап -... бала өседі
7.Анаға қарап -... қыз өседі
8. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
9. Ата - ананың қадірін, балалы болғанда білерсің
10. Атаның баласы болма, елдің баласы бол
11. Ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілерсің
12. Қарағайға қарап тал өседі
Отбасына қарап бала өседі
- Не тәтті? Ананың сүті
- Не жұмсақ? Ананың қолы
- Кім жақын? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
- Не қымбат? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
III. «Ата-анаға алғыс» тақырыбында хат жазу.
IV.Сан сұраққа саяхат. Оқушыларға сұрақтар салынған қорапша беріледі. Мұғалім балалардың ішінен таңдап,сұрақтар қояды.Оқушылар шынайы жауап беруі керек.
V.Қорытынды
Оқушылар,бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау деп бекер айтпаған.Ата- анамызбен өткізген әр сәтті бағалайық!