Сабақ жоспарға сай құрастырылған. Мақсаты мен берілген тапсырмалар жүйелі, тиімді алынған



Дата06.04.2023
өлшемі15,21 Kb.
#80090
түріСабақ

Қаршы жалпы торта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі К.А.Ажгалиеваның 7 сыныбында 2022 жылы өткен сабағы туралы
пікірі
Сабақ жоспарға сай құрастырылған. Мақсаты мен берілген тапсырмалар жүйелі, тиімді алынған.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында, оқушыларға карточкалар тарату арқылы сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып,жауаптары арқылы жаңа тақырып ашылып, талқылау жүргізілді. Мадақтау арқылы, оқушылардың жауаптарын мұқит тыңдап, кері байланыс берілді.Сабақ тақырыбы мен мақсаты және бағалау критерийі таныстырылды.
Электрондық кестенің мүмкіндіктерін және олардың элементтерін пішімдеу туралы түсіндірілді.Оқушылар керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алды. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар learningapp.org платформасында орындалды.
Практикалық бөлімінде, оқушылардың деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар берілді. А деңгейінде кестедегі деректер не үшін керек , В деңгейінде мәліметтерді жазып түстерін өзгерту, С деңгейінде электрондық кестені пайдалана отырып, формула қойып есепті шығарады.
Сабақты бекітуде, сәйкестендіру кестесін жұппен орындады. Қызық Құнды Қиын әдісі арқылы, оқушыларға сабақта болған бір қызық және құнды ақпарат алғандары туралы, бір қиын болған жерлерін стикерлерге жазады.
Қаршы жалпы торта білім беретін мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі М.К.Ажгалиевтің 10 сыныбында 14 желтоқсанда 2022 жылы өткен сабағы туралы
пікірі

Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған масаты, талаптары, тиімділігіне сай алынған.Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді.Оқушылардың сырт көрінісі мен сабаққа дайындығы тексерілді.


Жаңа тақырыпты ашу мақсатында, Калашников автоматының атқаратын қызметі мен бөлшектері,механизмнің құрылысы туралы ақпарат берілді. Тыңдау және өз ойын айту арқылы, пікірталас оздырылды.
Калашников автоматын оқушылар теориялық білімдерін, практика жүзінде орындады.Қаруды бөлшектеу мен құрастыру реттілігін айқындап, механизмдерінің атауын біліп, патрондардың түрлері мен құрылысын білді.
Сабақ соңында әр оқушы өзінің сыныптасын таңдап, оған алғысын білдіріп, не үшін алғыс айтқаның түсіндіреді. Ерекшілігі мұғалімді таңдауға болмайды.Сабақ мұғалімнің алғыс сөзімен ақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет