Сабақ жоспары №67 Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары



Дата04.02.2022
өлшемі103,38 Kb.
#24865
түріСабақ

3 Байзақ колледжі



Директордың ОІЖ орынбасары

______________ С.Б.Мейрбекова

Сабақ жоспары №67

Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары

Модуль /пән атауы: Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену

Дайындаған педагог: И.С.Таупишева қолы:

2021 жылғы " _" _ ____

1.Жалпы мәліметтер

Курс____4______ оқу жылы 2021-2022 топ: Ак-18

Сабақ типі: аралас сабағы

2. Мақсаты, міндеттер: еңбек шартын жасау қажеттілігін, оның мазмұны, жасауға қажетті құжаттар, жасау және өзгерту тәртібі туралы түсіндіру;жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтар мен міндеттерін айыра білу, кәсіби санасын дамыту;білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: ҚР ата заңымен танысады, азаматтардық құқықтарына тоқталады, талқылайды.

3. Сабақты жабдықтау:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Адам және қоғам. Алматы «Мектеп» 2010 ж.

3.2 Техникалық құралдар, материалдар: оқулық, үлестірмелі қағаздар

4. Барысы

Іс-әрекет

Мазмұны

4.1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сабаққа дайындықтарын тексеру

Сәлемдесу, Студенттерді түгелдеу

4.2.Үй тапсырмасы

10 мин



«Ой қозғау» стратегиясы

1. ҚР құқықтық нормаларын атаңыз?

2. Экология дегеніміз не?

3, Заң және қоғамның байланысы қандай?


4.3. Жаңа білімді баяндау (түсіндіру

20 мин)

3-4 студенттің ойларын тыңдап, талдап болғаннан кейін әр студент алдындағы еңбек шартын өз қалауы бойынша толтырады.

Сөйтіп, студенттерді ізденімпаздыққа үйрету және өз ойларын еркін айтуға жағдай жасалады.




Мемлекеттік билік – арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі.

Мемлекеттік билік:

  • жария билік болып табылады, яғни қоғам өмірімен ресми түрде айналысады;

  • тәуелсіз билік, яғни мемлекеттің өзінде де, шетінде де мемлекеттік жұмыстардың саласында тәуелсіз және дербес;

  • тұрақты негізгі арнайы аппаратпен жүзеге асады (мемлекеттік аппарат);

  • өз мемлекетінің жерінде мәжбүрлеуге монополиялық құқығы бар;

  • бюджеттің құрылуына мемлекет қазынасына салық салу үшін монополиялық құқығы бар;

  • мемлекеттің жерінде тұратын барлық жеке тұлғаларға (заңдық, жеке) арналады;

  • нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

«Мемлекеттік билік» және «мемлекет» деген ұғымдарды шатастырмау маңызды. Екеуі бір ұғым емес. Мемлекеттік билік дегеніміз – қоғамды басқару тәсілі, ал мемлекет дегеніміз – қоғамды ұйымдастыру тәсілі. Мемлекеттік билікті мемлекеттік органдар басқарады. Мемлекеттік орган дегеніміз – биліктің берген өкілдігі мен мемлекеттің қызметін іске асыратын ұйым. Оларға үкімет, министрлік, агенттіктер, әкімшіліктер, құқық қорғайтын органдар т.б. жатады. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, ал олардың ерекше түрі лауазымды адамдар. Мемлкет қызметкерлерін асырау жауапкершілігі қоғамға жүктеледі. Билік өкілдігінің қызметі орындалуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан білінеді. Осы актілердің орындалуы үшін мемлекет түрлі әдістерді қоданады: мәжбүрлеу, мадақтау, рұқсат ету және тыйым салу, т.б.

4.4.Жаңа материалды бекіту 5 мин

1. Қарапайым мысалдармен ситуациялардан шығу жолдарын түсіндіру арқылы әңгімеге тарту.

2.Сәйкестендіру тестін орындау







Сабақ бойынша рефлексия

5 мин




1.Маған ұнаған нәрсе




2. Есімде қалған нәрсе




3.Тақырып бойынша 1 сұрақ






Бағалау: 2мин




Студенттің берген жауаптары бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

1 мин




Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет