Сабақ жоспары Қазақ мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі



Дата02.12.2023
өлшемі389,95 Kb.
#132579
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы


Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңі мен мәдени құндылықтар
Сабақ жоспары
  • Қазақ мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі
  • Қазақ мәдениетіндегі материалдық және рухани құндылықтар

Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.
Көшпелі қазақ қоғамының сипаты
1. Көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болды.
2. Еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
3. Теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
4. Әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.
5. Байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау
6. Ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау
Көшпелі қазақ қоғамының сипаты
7.Ерлікті, батырлықты қасиет ету, бағалау
8.Көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрған-дықтан әр күнді бағалау
9. Басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы,
10.Көшпенділердің негізігі құндылық-тарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау.
11. Көшпелі қазақ үш құдiреттен – Табиғаттан, Тәңiрден, Тағдырдан тәуелдi, олардың құдiретiне табынды

Қазақи қауымдастық құндылықтары
  • Жаратушы бір Аллаға (Тәңір, Құдай) иман

  • келтіру;
    2. Туған жер, туған елдің қасиетін, кіндік кескен жұрттың аманатын ақтау;
  • Ананың ақ сүтін, атаның қанын ақтау үшін

  • қызын қайда, кімге ұзатуды, ал ұлына кімді жар етуді кеңінен кеңесіп шешетін рәсім-салт;
    4. Жеті атаны білуге ерекше мән берген шежірені тарату тәртібі;
    6. Қан тазалығын сақтау, ұрпағының мінсіз болу шарты;
    7. Қара шаңырақ – дамудың түпкі тірегі деп ұғыну;


2. Қазақ мәдениетінің даму кезеңдері

1. Ежелгі заманнан IX ғ-дейінгі кезең. Бұл кезеңде философиялық көзқарастағы мифологиялық, діни сипаттар басым
2. IX-XV ғғ аралығы. Дәстүр, тіл, экзистенция,дін, саяси-әлеуметтік мәселелер қарастырылды.(Қорқыт ата, Әл-фараби, Ж Баласағұни, М Қашғари, А Иассауи тб
3. Қазақ хандығы дәуіріндегі ойлау мәдениеті XV-XIII үш бағытта дамыды
а) жыраулар б) билер философиясы в) зар-заман кезеңі

4) XIX ғ Ағартушылық кезең. А Құнанбаев, Ш Уалиханов, Ы Алтынсарин тб
5) XX ғ 20-40 жж саяси-әлеуметтік көзқарастар. Ә Бөкейханов, А Байтұрсынов, М Дулатов, Ш Құдайбердиев тб
6) Тәуелсіз кезеңдегі мәдени жаңғыру. Өткен тарихқа саластырмалы тұрғыда талдау жасау, рухани жаңғыру жолдары, өркениеттер сабақтастығын дамыту.

Қазақ мәдениетіндегі материалдық және рухани құндылықтар

  • Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласын-дағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар. XV—XVI ғасырларда Еуразия даласында киіз үйдің екі түрі — түркілік және монғолдық түрлері қалыптасады. Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. XVIII—XIX ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған.

Қазақтың рухани мәдениетінде ерекше мәнге ие эпос жанры. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Сонымен қатар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр.
Музыкалық мәдениет. Кеңес одағының аясындағы елдерде дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Исі 40-тан астам түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет