Сабақ жоспары Пән: қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#124114
түріСабақ
  1   2

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пән: қазақ тілі мен әдебиеті



Мектеп:

Күні: 2023 ж.



Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев. Батыр Баян

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.1.1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Бағалау критерийі

Шығарманы түсініп оқиды;
Шығарманы мазмұндайды;
Шығарма бойынша өз пікірін білдіреді.



Құндылық

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Алдыңғы білім

Мағжан Жұмабаев өмірі



Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Жағымды атмосфера орнату/Қызығушылықты ояту
Оқушылармен амандасу;
Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа назарын аудару;
Сабақты сыныпта психологиялық жағымды атмасфера қалыптастыру және өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында «Көңілді қобдиша» әдісі арқылы бастаймыз.
Оқушыларға «Өзін- өзі бағалау» «GOOGLE» әдісі бойынша телефон бейнесіндегі қиықшалар таратылады.

«БЕС АРЫС» деген кімдер?

Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру
Мақсатқа сәйес бағалау критерийін құрастыру

Оқушыларға ішіне сұрақтар жасырылған қобдиша ұсынылады.

Интербелсенді тақта арқылы «БЕС АРЫС» таныстырылады.


Сабақтың ортасы

Мағжан Жұмабаев – қазақ халқының ақыны. Ол 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеуде оқып жүргенде «Алқа» ұйымын ұйымдстырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталды. 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесілді.
«Батыр Баян» поэмасы тарихи тақырыпқа жазылған. Себебі, Баян деген қазақ батыры өмірде болған. Баян батырдың қазақ- қалмақ соғысы кезінде ерлік көрсеткені де тарихтан белгілі.



  1. Тапсырма Жеке жұмыс

Жылдар

Оқиғалар

1893 жылы

Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген









Дескриптор:
Ақын өмірі жайлы ақпараттармен танысады;
Оқыған мәліметтерін есте сақтайды.

  1. Тапсырма Жұптық жұмыс

«Сағат тілі» тапсырмасы


Қима қағаздар таратылған 6 оқушы сағаттың сандары жазылмаған тұстарына сыныптастарының атын жазып, берілген тапсырманы сол оқушымен бірге жұпатасып орындайды.


1тапсырма(12 санының орнына)
Поэмадағы жер- су атауларын ата
2тапсырма(3 санының орнына)
Батыр Баянға сипаттама бер
3тапсырма (6 санының орнына)
Қалмақ қызын сипатта
4тапсырма(9 санының орнына)
Ақын өмірі бойынша 2 сұрақ дайында


Дескриптор бойынша
Тапсырма барысында поэманың мазмұнын есте сақтайды;
Поэма кейіпкерлеріне мінездеме бере алады.

  1. Тапсырма Жеке жұмыс

«Layse» әдісі

Оқушыларға пакетке чипсы үлгісіндегі сұрақтар салынып жасырылады өз қалаулары бойынша ішінен таңдап алып сұрақтарға жауап береді.



Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы және «Батыр Баян» поэмасы жайлы слайд көрсетіледі.

Оқулықпен жұмыс.


Сыныптағы 6 оқушыға сағаттың суреті салынған қима қағаздар таратылады.


Сабақтың соңы



Сабаққа оқушылар кері байланыс береді

Мұғалімнің кері байланысы
Үй тапсырмасы: Поэманы мәнерлеп оқу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет