ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Кәменова Жайна Қайырбекқызы
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі, 2-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3-аптаның 11-сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Қоршаған ортаны танып білемін
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сын есім
|
Оқу мақсаты:
|
2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату
2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
|
Бағалау критерийі:
|
Жеке, жұптық, тапсырмаларды орындай алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс. Өлеңді ары қарай өзің құрастырып көр.
Мына сөздердің ішінен зат есім, сын есім, етістіктерді тауып, дәптерге
Б бөліп жаз.
Келді, көз, қызыл, домбыра, бастады, доп, ақылды, сары, мысық, ойлады, қоңыр, үтік, көгілдір, аспан, жылады, оқушылар, үйлер, үлкендеу, жүргізеді, сүйкімді.
|
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Бұл не? Қызыл дәмді
үлкен домалақ
тәтті шырынды
- Ол туралы не айта аламыз?
- Бұл сөздер нені білдіреді?
— Сонда бүгінгі тақырып қандай?
-Сын есім.
|
-тақырыпты ашу
|
|
Презентация № 1бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
https://youtu.be/RvPvCTmZvTw
Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атайды. Сын есімдерге қандай?қай? деген сұрақтар қойылады.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Презентация № 2бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
51-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
Тапсырма
-Мәтін не туралы?
-Оқиғаның мәтін екенін дәлелде
-Мәтіннің түрін анықта
-Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді?
52-жаттығу
Жұмбақты көркем жаз. Шешуін тап.
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Тапсырма:
Сын есімдердің астын сыз.
Жұмбақтың шешімін табуға қай сөздер көмектесті? Содан соң қорытынды жасап көр.
54-жаттығу
Жаңылтпашты қатесін түзеп, көшіріп жаз.
Үшкір тұмсұқ,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты,
Құрыт шымшып
Тапсырма
Сын есімдерді тап.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Дескриптор:
-Мәтіннің түрін анықтайды;
-Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ
Дескриптор:
-Жұмбақты көркем жазады;
-сын есімдердің астын сызады.
Дескриптор:
-Жаңылтпашты қатесін түзейді;
-Сауатты, көркем етіп көшіріп жазады
|
Презентация № 3бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор:
-Ребусты шеше алады;
-шешуіндегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрай алады.
|
Презентация № 4бет
|
|
Қорытындылау
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |