Сабақ жоспарының Үлгісі



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі54 Kb.
#47348
түріСабақ
  1   2

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Есиркепова Акерке Усеновна

Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

13-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІІ тарау. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.
№3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Оқу мақсаты:

8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу

Бағалау критериі:

  • металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасайды және жүргізеді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!
Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.
№3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу










Презентация Слайд 1-2



8 минут

03:00 – 11:00


11:00-14:00



Жаңа сабақ

Металдардың маңызды қасиеттерінің бірі – олардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. Белсенділік қатары металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу не әрекеттеспеуін болжауға мүмкіндік береді. Белсенділігі жоғары металл әрқашан белсенділігі төмен металды оның қосылысынан ығыстырады.
Мысалы, мыс тұзының ерітіндісі мен мырыштың әрекеттесу реакциясының қалай жүзеге асатынын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (1-2видео)

Міне, мыс тұзының ерітіндісінен мысты мырыштың ығыстыруының тәжірибелік жұмысын көрдік.


Ал мыс мырышты мырыш тұзының ерітіндісінен ығыстыра ала ма? Сол сұраққа жауап алу үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (3-видео)


Мыс мырыш қосылыстарынан мырышты ығыстырмайды, себебі оның мырышқа қарағанда белсенділігі төмен екен.


Яғни белсенділігі жоғары металл белсенділігі төмен металды оның қосылысынан ығыстырады. Кері реакция жүрмейді деп тұжырымдауға болады.


Енді жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасап көрейік.


1-мысал. Берілген металдар мен тұз ерітінділерінің әрекеттесуінің жоспарын жасаңыз: Pb(NO3)2, CuSO4, ZnSO4, FeCl2, Fe, Zn, Cu, Pb

Бірінші қорғасын нитратының ерітіндісі мен металдардың әрекеттесуін қарастырып көрейік. Қорғасынды тұзынан темір ығыстыра алады, ал мыс ығыстыра алмайды.


Келесі, мырыш сульфатынан мырышты мыс та, қорғасын да ығыстыра алмайды.


Және соңғы ерітінді, темір (ІІ) хлоридінен темірді қорғасын да мыс та ығыстыра алмайды.



Жаңа тақырыпты меңгеру







Презентация
Слайд 3
1-видео (0:25 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/4.mp4
2-видео (0:55 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/6.mp4
3-видео (0:14 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/8.mp4

Слайд 4



10 минут

14:00-23:00





Бекіту тапсырмасы



1-тапсырма. Берілген металдар мен тұз ерітінділерінің әрекеттесуінің жоспарын жасаңыз: Pb(NO3)2, ZnCl2, FeSO4, Zn, Hg, Fe
Шешуі: Металдарды тұздарынан ығыстыра алуы бойынша жоспар құрамыз:

Реагент



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет