№ 7 зертханалық- практикалық сабақ
Құлпынайдың апикальді меристемасын алу және өсіру
ТАПСЫРМАЛАР:
(дәптерге орындау міндетті!!!)
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Клондық микрокөбейту әдісін өсімдік өсіруде және селекцияда қандай мақсаттарда пайдалануға болады?
Клондық микрокөбейтудің қандай артықшылықтары бар?
Клондық микрокөбейту әдісін қолдану қай кезде тиімді?
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз:
№
|
Клондық микрокөбейту әдістері
|
Сипаттамасы
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
3-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз:
«Қалыптасқан» каллус ұлпалары өсуі үшін жасанды қоректік ортада аталған заттардың қайсысының қажеті жоқ?
А) көмірсулардың;
В) витаминдердің;
С) макроэлементтердің;
D) микроэлементтердің;
Е) гормондардың.
Жасушаларды иммобильдеу не үшін қажет?
А) өнімді жоғары мөлшерде алу;
В) жасушаларды ұзақ мерзімде өсіру;
С) Жасушаларды залалсыздандыру;
D) жасушаларды қоректік ортамен жан-жақтан қамтамасыз ету;
Е) жасушаларды сұйық ортада үздіксіз өсіру.
Жасушаларды иммобиьдеу тәсілдері (теріс жауапты көрсетіңіз):
А) жасушаларды инерттік субстратпен қаптау;
В) жасушалардың инерттік субстратына адсорбциялау;
С) биологиялық макромолекулалар көмегімен жасушалардың инерттік субстратына адсорбциялау;
D) жасушаларды ыдысқа желіммен жабыстыру;
Е) жасушалардың инерттік субстратымен коваленттік байланыстыру.
Клеткалық технологияларды пайдаланудың қандай артықшылықтары бар?
А) климат факторы ықпалына тәуелсіздігі
В) барлық қосымша заттардың алыну технологияларының тиімділігі жоғары;
С) экологиялық таза өнімді алу;
D) негізінде сапалы, пайдалы өнімдерді алу;
Е) барлық жауаптар дұрыс
Иммобильденген жасушалар дегеніміз, ол –
А) қарқынды бөліне алатын жасушалар
В) қозғалысы шектелген жасушалар;
С) ретсіз бөліну жолымен пайда болған жасушалар;
D) бір жасушасының бөліну жолымен пайда болған жасушалар;
Е) индукциялау әсерін қабылдай алатын жасушалар
Тотипотенттік қасиеті:
А) сомалық жасушаның өзінің даму потенциалын, генетикалық ақпаратын толық жүзеге асыруы;
В) жасушалардың шексіз ұзақ өсу қабілеті;
С) жасушалардың In vitro жағдайында қосымша метаболиттерді синтездеуге қабілеті;
D) жасушалардың қатты және сұйық ортада өсуге қабілеті;
Е) жасушалардың детерминациясы
Регенерант деген не?
А) өсімдіктің зақымданған жерінде пайда болатын ұлпа;
В) In vitro жағдайында пайда болған өсімдік;
С) геномына бөгде ген енгізілген организм;
D) In vitro жағдайында қоректік ортада өсірген жасушалардан пайда болған өсімдік;
Е) ретсіз бөлінетін маманданбаған ұлпа
Эксплант дегеніміз:
А) ісік жасушасы;
В) өсіру үшін алынған өсімдік кесіндісі;
С) ) In vitro жағдайында пайда болған өсімдік;
D) ядросы жоқ жасуша;
Е) қоректік ұлпа құрамындағы зат
Қоректік орталарды қалай залалсыздандырады?
А) 120-124°С ыстық бумен қысымы 0,8-1 атмосфер.;
В) 200°С құрғақ ыстықпен 2 сағат;
С) ) 70°С-да 15 мин.;
D) ағым бумен;
Е) қайнатумен
Залалсыздандыру дегеніміз:
А) материалдар мен еріткіштерді барлық бөгде тірі организмдерден босату;
В) микрофлораны азайту;
С) ауруқоздырғыш микроорганизмдерді жою;
D) вегетативті жасушаларды жою;
Е) штамдардың әртүрлілігін азайту.
4-тапсырма. Берілген тақырыптарды пайдалана отырып презентация жасаңыз.
1. In vitro жағдайында өсірілетін клеткаларды биотехнологияда пайдалану
2. In vitro жағдайында өсірілетін клеткаларда қосымша заттардың қоры жиналуына әсер ететін факторлар
Достарыңызбен бөлісу: |