Сабақ мақсаттары



Дата07.09.2022
өлшемі18,11 Kb.
#38639
түріСабақ
Байланысты:
тәр сағ сентябрь


«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Н.Стаева


Сынып сағаты

Мектеп: «Қарақұм» жом Сынып жетекші: А.Аккулова



Сыныбы:

11 «А»

Тақырыбы

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Сабақ мақсаттары

  1. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.

Материалдар

Видеороликтер, презентация, интернет желісі

Күтілетін нәтижелер:

оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір - біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді

Сабақ барысы

Қазақстан Республикасының ән ұраны шырқалады

Сабақ барысы
1 мин

  1. Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз. Денсаулықтың сау болуының құпиясы

  2. Ата заң

  3. Ұлы Абай

  4. Әлемнің екінші ұстазы

  5. Қорытынды

Оқытушының кіріспе сөздері
3 мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
-«Көршіге - комплимент» сергіту сәті
- Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді
- Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз. Денсаулықтың сау болуының құпиясы
3 минут

Салауатты өмір салтын ұстанып, қауіпті вирустардан сақтану жолдары
Видео ролик қарау
https://youtu.be/mqKhAGEinjA
https://youtu.be/Yh_ZXYB1cOU

Ата заң туралы туралы бейнеролик және презентация қарау
5 мин

Ата заңымыз туралы презентация қарау
Ата заң қашан қабылданды?
Деген сұраққа жауап беру
Презентациядан кейін оқушылармен өз-ара әңгмелесу

Ұлы Абай туралы
5 мин

Абай атамыз кім?
Абай атамыз қандай адам болған?
Абай атамызға қанша жыл болды?
Абай атамыздың қандай өлеңдерін біліміз?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, бейнероликтер көреміз
https://youtu.be/6JZQ-UBIXco

Әлемнің екінші ұстазы 5 мин

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби. Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Әлемнің екінші ұстазына 1150 жыл . Презентация көрсету

Викторина
6 мин

- Не үшін Конституция қажет?
- Не үшін оқу керек?
- Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?
- Не үшін табиғатты қорғау қажет?
- Жастар жылы не үшін жарияланды?
- 175 жылдық мерейтойды қалай атап өту керек?

Сабақтың мазмұнын бекіту 2 мин



Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Міне, «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»» тақырыбындағы ой түйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет