мәжілістің күн тәртібі повестка дня заседания
|
Күн тәртібі бойынша қарсылықтар мен ескертулер келіп түскен жоқ.
Возражений и замечаний по повестке не поступило.
|
дөңгелек үстел
круглый стол
|
Дөңгелек үстел жұмысына зейнетақы қорының, Қазақстандық қор биржасы мен аудиторлық компаниялардың өкілдері қатысты.
В работе круглого стола приняли участие представители пенсионных фондов, Казахстанской фондовой биржи и аудиторских компаний.
|
кеңейтілген отырыс расширенное заседание
|
Өткен аптада Астанада ҚР Ұлттық инженерлік академиясы ғылыми-техникалық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
На прошлой неделе в Астане состоялось расширенное заседание научно-технического совета Национальной инженерной академии РК.
|
бірауыздан мақұлдады единогласно одобрили
|
Бұл мәселе алдын ала қаралып, Қоғам Басқармасының мәжілісінде мақұлданды.
Этот вопрос после предварительного рассмотрения был одобрен на заседании Правления Общества.
|
«...» тақырыбында болып өтті
состоялось ... на тему «...»
|
Атқарушы ассамблеяның жұмысы шеңберінде «Энергетикалық саясат пен оны іске асыру практикасын бағалау» тақырыбында симпозиум болып өтті.
В рамках работы Исполнительной ассамблеи состоялся симпозиум на тему «Оценка энергетической политики и практик ее реализации».
|
қорытынды мәжіліс итоговое заседание
|
Кеше өндіріс жөніндегі орынбасардың төрағалығымен техникалық кеңестің қорытынды мәжілісі болып өтті.
Вчера состоялось итоговое заседание технического комитета под председательством заместителя по производству.
|
өткізілетін орны мен күні
место и дата проведения
|
Көрменің өткізілетін орны мен күнін нақтылау қажет.
Необходимо уточнить место и дату проведения выставки.
|
жарыссөз (пікірсайыс) дебаты (дискуссия)
|
Жарыссөз барысында қазақстандық мамандар бүгінгі күннің маңызды тақырыбы - ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығы мәселесін қозғады.
В ходе дебатов казахстанские специалисты затронули важную на сегодняшний день тему – проблему дефицита ГСМ на внутреннем рынке.
|
баяндама жасады выступил с докладом
|
Халықаралық Астана экономикалық форумында сараптау-талдау басқармасының жетекшісі «Еуразияның энергетикалық инфрақұрылымы» тақырыбында баяндама жасады.
На Международном Астанинском экономическом форуме с докладом «Энергетическая инфраструктура Евразии" выступил руководитель экспертно-аналитического управления.
|
жұмыс нәтижелері туралы баяндады доложил о результатах работы
|
Бірлескен мәжілісте кәсіподақ төрағасы үстіміздегі жылғы жұмыс нәтижелері мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
На совместном заседании председатель профкома доложил о результатах работы за текущий год и о реализации социальных проектов.
|
... пікіріне қосыламын поддерживаю мнение ...
|
Мен Мырзатаев мырзаның пікірін толық қолдаймын.
Я полностью поддерживаю мнение господина Мырзатаева.
|
шешім қабылданды принято решение
|
Енді бір ортақ шешімге келейік, көп сұрақ қойылды, көп нәрсені анықтадық.
Много вопросов было задано, много что выяснили, давайте теперь придем к единому решению.
|
өндірістік қызмет мәселелері талқыланды были обсуждены вопросы производственной деятельности
|
Басқарманың кезекті мәжілісінде өндірістік қызметтің ағымдағы мәселелері талқыланды.
На очередном заседании Правления были обсуждены текущие вопросы производственной деятельности.
|
жылдық (тоқсандық) есеп
годовой (квартальный) отчет
|
Жылдық есеп Компанияның операциялық, инвестициялық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік қызметінің нәтижелерін ашып көрсетеді.
Годовой отчет раскрывает результаты операционной, инвестиционной, финансово-экономической, социальной деятельности Компании.
|