Бөлім: Бос уақыт және хобби
|
Тақырыбы: Уақытты бағала
|
Күні: 07.03.2018
|
Мұғалімнің аты жөні: Хитарова Алия Сафиолловна
|
Сабақ: 2
|
Мектеп: № 42 «Ақ ниет» гимназиясы
|
Пәні: қазақ тілі
|
Сыныбы: 6 «д»
|
Сыныбы:
|
Қатысқандар: 23
|
Қатыспағандар:1
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.5.1.тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.3.1.1.берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құру;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнын сұрақтар негізінде айта алады;
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін бойынша өз ой -пікірлерін білдіреді; қарапайым жоспар құрады;
|
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін бойынша көтерілген мәселеге өз көзқарасымен тұжырымдап айтады, ұқсастықтарын табады.
|
Бағалау критериясы
|
-Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;
-Көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді;
-Мәтін бөлімдері қамтитындай қарапайым жоспар құрай алады.
|
Алдыңғы оқу
|
Уақыт туралы ұғым. Бос уақыттарын тиімді пайдалану.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ширату жаттығулары. «Кім тапқыр?»
Енді оқушылар мына жұмбаққа назар аударайық.
Дүниедегі ең баукеспе ұры.Не?
Сабақ тақырыбы: Уақытыңды бағала.
Сендер бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?
( оқушылардың жауабы)
|
|
Сабақтың ортасы
|
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
«Сұрақтар ұшқыны» әдісі Мәтіндегі негізгі, көтерілген мәселені байқап отырыңыз. Мына сұрақтарға назар аударып отырыңыздар.
- Неліктен мәтін «Уақытты бағала» деп аталған?
- Ғұлама ғалым Эйнштейн уақытты қалай бағалаған?
- Неміс ғалымы Гете мен қытай халқының уақыт туралы айтқан нақыл сөздерінде қандай ұқсастық бар?
Мұғалім мәтінді 2 рет оқиды.
Уақытыңды бағала.
Уақыт- ең арзан әрі ең қымбат дүние.Уақыт- ол өмір, уақытың бос өтсе, өміріңнің бос өткені.
Бірде ғұлама ғалым Эйнштейн: «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы,»-деп қызметшісіне ұсыныс айтыпты.Қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты.Тұра сала жалма -жан сағатына қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметшісіне қатты ренжіп, «Менің жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда!»- деген екен. Бұл жөнінде «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,- деген екен немістің ұлы ақыны Гете. «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген қытай халқында нақыл сөз бар екен. Рас, біле білгенге уақыт- мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті адамдар бағалай білу керек.
|