Рефлексивті күнделік кіші мектеп оқушыларының бағалау қызметін қалыптастыру құралы ретінде.
Бағалаудың бір түрі «Екі жұлдыз,бір тілек» және «Бағалау сэнвичі» секілді кері әсер парақтары. Мұнда оқушылар «Не білдім?», «Не үйрендім?», «Сабақ неліктен ұнады?» және «Келешекте сабақтың қандай болғанын қалайды?» деген өз ойлары жөнінді ұсыныстарын айтады, стикерге жазып іледі. Осы ұсыныстарды ойға ала отырып,келесі сабағымды әрі қарай түрлендіре отырып, оларды қызықтыратындай етіп өткізуге тырыстым. Оқушылар стикер парақшаларына өз ойларын, алған әсерлерін жазды.
Төртінші сабағымды өту барысында формативті бағалаудың «Басбармақ» әдісін қолдандым. «Жаңа сабақтан не білдің?», «Не үйрендің?» – деген сұрақтар қойып,саусақ белгілері арқылы «Мен түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын» – десе (Бас бармақ жоғары қарай бағытталған), «Мен түсінбей тұрмын» – десе (бас бармақ жанына қарай бағытталған), «Ал мен мүлде түсінген жоқпын» (Бас бармақ төмен қарай бағытталған) бағалауды қолдандым. Сабақ барысында мен оқушыларды ынталандырып, мақтап мадақтап «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы құрыпсың»деген сөздерді көбірек айтып отырдым. Негізінен бағалау барысында оқушыны мақтап,көтермелеп отырудың маңызы аса зор деп ойлаймын. Себебі оқушы әрқашанда мақтағанды,мадақтап отырғанды жақсы көреді, сондай мақтауға лайық болуға тырысады. Сондықтан да үнемі баланы мақтап отыру керек. Одан соң жұмысының дұрыс жерлеріне тоқталып, дұрыс орындаған жерлерін атап көрсетіп, қателік кеткен тұстарын ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ,онда балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігі айқын.
Сонымен қатар төртінші сабақ кезінде сабақта бағалауды критерий құру арқылы қолдандым. Құрған критериімді плакатқа жазып тақтаға ілдім және оқушыларға түсіндірдім. Сабақтың әр кезеңі бойынша,сабақ соңында оқушылар өз білімдерін смайлик,бағдаршам түсі,жұлдызша,түрлі түсті стикерлер арқылы,плакатқа жабыстырып бағалау жүргізді. Бағалау критерий-дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес,бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторларыболады. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [4].
Критерийлік бағалау – бұл оқушылардың айқын белгіленген білім жетістіктерін салыстыруға негізделген,білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгіленген өлшемдермен ұжымдық түрде жасалған,білімнің мақсаты мен мазмұнына,оқушылардың біліктілік жолының қалыптасуына ықпал етуші үрдіс.Критерийлік бағалау жүйесінің қызметі білім беру, бақылау, дамыту, тәрбиелеу, диагностикалау, үйлестіру болып табылады. Критерий арқылы бұл бағалаудың ерекшелігі, біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырады, екіншіден өз деңгейлерін анықтай алады, ал үшіншіден бағалауда әділдік жүреді.
Оқушылар үшін қызығушылық тудырған бағалаудың түрі «Блоб ағашы», «Блоб көпірі» және «Блоб сыныбы» секілді өзін-өзі бағалау парақшалары болды. Бұл парақшаларды мен әр сабақтың соңында пайдаланып отырдым. Өзін-өзі бағалауға арналған бұл бағалауды оқушылар ерекше бір сезіммен белгіледі десем де болады. Өйткені олар үшін бағалаудың бұл тәсілі жаңа тәсіл болып табылады. Бағалау парағын таратып берген кезде,мен оларға бұл бағалаудың ережесін түсіндіріп өттім,біраз мысалдар келтірдім. Олар бірден өздерін сабақта қалай жұмыс жасағандары туралы белгілей бастады. Бұл бағалау түрі балалардың алға ұмтылысын арттырады,сабаққа деген талпынысын тудырады.
Әр күнгі сабақта мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныптағы оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін, қарым-қатынысын, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырады деген шешімге келіп отырмын. Менің мектептегі іс-тәжірибие кезіндегі өткен сабақтарымда, формативті және жиынтық бағалаулар осылай көрініс тапты. Оқу процесін алға жылжыту, дамыту үшін мен бағалаудың әр түрлерін қолдану қажет деп ойлаймын. Сонда ғана біз оқыту және бағалауды бірін бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс қолданылып жатыр деп айта аламыз. Келешекте сабақтың сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың формативті және сумативті түрлерін,сабақ беретін сыныптарда пайдалану керек екенін түсіндім. Ал сабақта бағалауды мен ғана емес, оқушылар өздері де білімдерін бағалап отырса,олардың білім алуға деген ықыласы,ынтасы,талпынысы және қызығушылығы одан сайын арта түсуіне көзім жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |