Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, өлеңнен нақыл сөздерді таба алады



Дата06.01.2022
өлшемі94,1 Kb.
#16221
түріСабақ




Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: Абылайхан атындағы орта мектеп

Күні:13.11.2020ж.

Студенттің аты-жөні:Орақбай Ақайша

Сынып:3 «З»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

29-сабақтың тақырыбы

Жас уақытта көңіл-гүл. Абай Құнанбаев

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1-сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, өлеңнен нақыл сөздерді таба алады.

Көптеген оқушылар:өлеңдегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндіре алады, өз ойын жеткізуде вербальды емес тілдік құралдарды қолданады.

Кейбір оқушылар: ойын жеткізуде көркем сөздерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданады.

Бағалау критерийі:

- Өлеңді мәнерлеп оқи алады;

- Суреттерге қарап нақыл сөздер құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту:

Уақыттың, жастық шақтың қадірін түсіну.

Пәнаралық байланыстар:

Математика,дүниетану.

АҚТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, А.Құнанбаев суреті, нақыл сөздер

Алдыңғы білім

Жыл басы (ертегі)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ойсергек:

    • Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

    • Кім кезекші?

    • Сыныпта кімдер жоқ?

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза, мөлдір қөңілмен сабағымызды бастаймыз!
«Кезбе тілші» әдісі бойынша сұрақ-жауап жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтаймыз.


Сұрақтар қойылады. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды



Сабақтың ортасы







Жаңа сабақ. Білу және түсіну.

Мына ребусты шешу арқылы қазақтың ұлы ақынының есімін табасыздар.

«Абай Құнанбаев 175-жыл» бейнеролик көрсету.


Оқылым. Оқулықта берілген Абайдың «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» өлеңін мәнерлеп оқыту. Талдау жасау.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі - тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл - гүл.



Сұрақ

  • Өлеңде не туралы айтылған ? Түсініктерін сұрау.

  • «Дүние де өзі,мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...» деген ақынның ойын қалай түсінесіздер?
1-тапсырма. Жұптық жұмыс

Оқулықтағы суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастыр және түсіндір.

Талапсыз бала - .......

Талапты бала - ......


Мағынаны ажырату.

Талапты бала менг талапсыз баланы венн диаграма арқылы салыстыру






4-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырманы орында.

Бүгiн Сәуле тағы да өлеңдi жаттамай келдi. Не iстеуi керек? Мұғалiм басқа балалардан сұрағанша, өлеңнiң бiр шумағын ғана жаттап үлгердi-ау, әйтеуiр. Сәуле өзiнiң тапқырлығына мәз болды: бұл жолы да «екiлiк» алудан аман қалды.

Сәуленiң iс-әрекетiне өз көзқарасыңды бiлдiр. Абай ата Сәулеге не дер едi? Өлеңдi пайдаланып, жауап бер.
Сергіту сәті. «Күміс құмған-ай»
5-тапсырма.

Суреттерге қарап гүлді баптаудың маңызын айт. Суреттермен байланыстырып жас кезде алған білімнің пайдасы туралы айтып, ойыңды өрбіт.
Дәптермен жұмыс

6-тапсырма. Өлеңнен Абай атаның өсиет, нақыл сөздерін теріп жазып, жаттап ал

  1. Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

  1. ..............

  2. ..............

  3. ..............

  4. ..............



Интербелсенді тақта

бейнеролик


Оқулық

Видео


Гүлді күту суреттер


Дәптер,оқулық

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» өлеңін жаттау.
«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.



  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

Неліктен?

  • Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл күйің қандай? Неліктен?



Тақырып бойынша Сабақтағы керек Бүгінгі ақпараттың

алған керекті емес артық дүниені ішінде әлі оқуым ақпаратты қоқыс шелегіне керек, толықтыруым

чемоданға салыңдар. тастаңдар. керек дегендері

болса, еттартқышқа салыңдар





Күнделік


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет