Сабақ: Отбасылық дәстүрлер
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:1
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
1.1.1.1 Түрлі дереккөзді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;
1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
|
Бағалау критерийлері
|
Барлық оқушылар істей алады: Отбасы мүшелерін ажырата алады;
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Мәтінді оқи отырып түсінеді;
|
Кейбір оқушылар істей алады: Мәтін мазмұнын әңгімелей алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар екенін біледі.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Отбасы, семья, family
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Суретте кімдер бейнеленген?
Бұл адамдарды біріктіретін не?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Отбасы мүшелерін біріктіретін не?
|
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
|
Өз отбасы туралы әңгімелейді; Сөйлемді көркемдеп жазады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығуларме қатар ескертпелерді жазыңыз
|
Ресурстар
|
Басы
|
3 мин
5 мин
2 мин
|
Қызығушылығын ояту; 1-тапсырма: Ұжымдық жұмыс
Бәйтерек суретін көрсету;
-Балалар бұл не?
-Бәйтерек ағашы жайлы не білеміз?
Бәйтерек – ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Діңі тік жуан, жапырақтары жалпақтау үш бұрышты. Жемісі – көп тұқымды қауашақ.
«Елестету» - Балалар бір сәт көзімізді жұмып аспан әлемін елестетейік. Аспанда нелерді көрдік? Көзімізді ашып, терезеге қарайық. Терезеге ненің жарығы түсіп тұр?
Жақсы елестетіп, тапқырлықтарың үшін үш шапалақ.
Топтарға бөлу: Суреттер бойынша топтарға бөлемін. Оқушылар топтасады.
1-Бәйтерек тобы
2-Күн тобы
3-Ай тобы
|
Бәйтерек, күн, ай суреттері
|
Ортасы
|
15мин
10мин
|
Жаңа сабақ
2-тапсырма:
Топтық жұмыс
1-топ: «Отбасылық дәстүрлер» мәтінін оқыту.
Кері байланыс талқылау сұрақтары:
Отбасы деп кімдерді айтамыз?
Отбасына кімдер жатады?
Сенің отбасын қандай?
Өз отбасыңа қандай көмек бересің?
2-топ: Мәтін бойынша түсінгенін айтады.
3-топ: Жеті атаны білеміз бе? Кестеге жазамыз.
Топтарды бағалау смайлик арқылы. (Бәйтерек тобы – сары түс, күн тобы – қызыл түс, ай тобы – көк түс) Қ.б.
Мұғалім түсіндірмесі:
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болу өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
3-тапсырма:
Өзіндік жұмыс
Туыстарыңа ашық хат жаса, бірнеше тілек жаз.
Қ.б. Жұлдызша беру арқылы.
|