ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР №1 ФИЗИОЛОГИЯДАН ТЫНЫСАЛУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША Тақырыбы: «Тынысалу кезеңдері. Желдетіліс, диффузия, перфузия механизмдері. Сыртқы тынысалу көрсеткіштерінің физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография)» Тапсырма №1. Кестені толтыру 1). Ауа жолы – бұл ауа жолы қуысында ауа тазаланып, жылынып, су буымен қанығып, өкпенің газ алмасу бөлігіне өтетін түтікше ағзалар жүйесі. Ауа жолдарына — мұрын қуысы, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, ауатамырлар (бронхтар), ауатамыршалар (бронхиолалар) жатады.
Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті
кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады.
2
Көмекей, көмей — тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі және мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуысшеміршекті мүше. Көмекейдегі дыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның және өкпесімен тыныс алатын жануарлардың көмекейінде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін – дыбыс шығару аппараты болады.
3
Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.
4
Ауатамырлар тарамы - кеңірдектен ауатамырлар (бронхтар) мен ауатамыршалардың (бронхиолалардың) тарамдалу жүйесі. Кеңірдектен негізгі оң және сол ауатамырлар (негізгі бронхтар), олардан кезегімен ірі, орта, кіші ауатамырлар, одан әрі ауатамыршалар таралады. Ауатамырлар тарамы — соңғы ауатамыршамен (терминальды бронхиоламен) аяқталады. Ауатамырлар тарамында ауа тазаланады, жылынады және су буымен қанығады.
5
Ауатамыршалар - ауатамырлар тарамының соңғы тармақтары. Ауатамыршалардың қабырғалары - бір қабатты текше (куб) тәрізді кірпікшелі эпителийден және оның сыртындағы дәнекер ұлпалы қабат - өзіндік тақташадан тұрады. Өзіндік тақташа құрамындағы эластин талшықтары мен бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бронхиолалар бойымен ұзынынан орналасады. Аталған талшықтар мен ет жасушаларының осылай орналасуы - ішке тыныс алу кезінде ауатамыршалардың қабырғалары ауаға толып, созылып кеңейіп, сыртқа дем шығарғанда өзінің бұрынғы қалпына келеді.
6
Жұтқыншақ – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақтан көмекейге түседі. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол асқорытуға да, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады. Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшаларының ішкі лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызмет дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
7
Аңқа - тыныс алатын мүшенің атауы, таңдай, көмей, жұтқыншақ үшеуінің түйіскен тұсы. Алыс жолға мінілетін немесе бәйгеге қосылатын аттың бабы келіспесе, жолдың ауыртпалығын көтермей өзегі талып, тынысы бітеліп қалады. Бұл құбылысты қазақ «аңқасы кепті» дейді. Осы тәрізді, түйе мұрнының кеуілжірі мен аңқасына арам қүрттардың өршіп (бөгелектің жұмыртқасы), ауру туғызуын аңқа ауруы деп атайды. Түйе тынысы тарылып, пысқырып, басын шайқалақтатады.