Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш Мақсаты: Білімділік



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі167,28 Kb.
#3026

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш 

Мақсаты:  

1. Білімділік:  Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер 

       жӛніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік 

белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан 

тұту керектігін ашып кӛрсету7 



 2. Дамытушылық: Ой-ӛрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде 

дамыту. 


3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, ӛз елін, тегін, тарихын сүюге 

тәрбиелеу.  



Кӛрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-

белгілер т.б.       



                                         Сабақтың барысы: 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні  орындалады 

 Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың 

қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. 

Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен 

оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым 

алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық. 

 Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің ӛзге елдердегідей ӛз 

«іңгәсі» бар. Ол- кӛтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. 

Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та ӛз даусымен сӛйлеуді, ӛз үнімен 

жар салуды армандайды.   ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- 

делінген. 

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан ӛз жерімізді, ӛз 

елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс 

екенімізді естен шығармайық. 

Отан –жерім,Отан - суым, 

Отан қуат, нәр береді.. 

Отан - ұран, Отан - туым, 

Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің 

символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті 

парызымыз болып саналады. 

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» 

республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сӛйлеген 



сӛзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш 

ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің ӛткені, бүгіні мен 

болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. 

 

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, 



қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін 

ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың 

арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» 

деп атап кӛрсетті. 

 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып 

жарияланды. 

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы 

болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 

 Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен 

аударғанда «президент» сӛзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 

2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. 

Назарбаев қайта Президент болып сайланды. 

                                            Қазақстан 

Қазақстан дейтін менің бар елім, 

Жатыр алып жарты дүние әлемін! 

Бұл даланы анам жаспен суарған, 

Бұл далада атам қолға ту алған. 

Бұл далаға жылап келіп, уанғам, 

Бұл даланы кӛріп алғаш қуанғам, 

Бұл далада ӛскен жанда жоқ арман! 

 Кең байтақ қой Қазақстан картасы, 

Астанамен айшықталған ортасы. 

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, 

Бұның бәрі Елбасының арқасы. 

Шықты тарап ой-данадан, 

Бері қарап жұлдыз беті. 

Ӛзі қалап сайлап алған, 

Елімнің бар Президенті 

 Оянады кӛңілден қайдағы арман, 

Бақыт желі ескендей жайлап алған. 

Президентім бар менің елі түгел, 

Ақ киізге кӛтеріп сайлап алған. 

            

                     Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,



 

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. 

Қалай оның Елтаңбасы болмайды, 

Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?! 

 Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек 

Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. 


Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сӛз 

бар.Елтаңба авторлары осы сӛздерді басшылыққа алған.Қазақстан 

Республикасының Елтаңбасы кӛгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ 

бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. 

Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды ӛмір сүріп 

жатқан кӛптеген халықтардың бірлігін кӛрсетеді. Қазақстан 

Республикасының Елтаңбасының бір бӛлігі ертедегі қанатты тұлпар. 

Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты ӛмірге жол сілтейтін 

жарық жұлдыздың белгісі. Тӛменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу 

республиканың атын кӛрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес. 

 

Ерасыл: 


Қатар шапқан қос тұлпар, 

Ай астында қазақ үй 

Қалықтаған жас сұңқар, 

Шарықтаған таза күй. 

Бұл таңбасы елімнің, 

Елдігімнің белгісі. 

 

Алинар: 


Бейнелеп сан ғасырды 

Елтаңбасы елімнің, 

Таратады хас үлгі 

Киесіндей жерімнің. 

Бабам тұлпар жаратты, 

Құлынында танып-ақ. 

Тұлпар барда қанатты, 

Шайқалмайды шаңырақ. 

Тәуелсіздік кӛркі ол да, 

Ӛркениет ӛрінде. 

Нұр тӛгеді елтаңба 

Ақ орданың тӛрінде. 

 

                                       Тұғырлы туымыз. 



Бәрі болған қазақ сынды кӛне елде, 

Ел белгі де, ерлік, ӛрлік, ӛнер  де. 

Жаһандағы  ең жауынгер халықта 

Кім сенеді Ту болмады дегенге ? 

 

 



2-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен 

мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан 



Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды 

ӛмірдің белгісі, ал ою-ӛрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. 

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - 

суретші. Біздің туымыз – кӛгілдір түсті, тік тӛртбұрышты мата. Ол бірлік пен 

аман - есендікті кӛрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын 

Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі. 

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп 

есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран 

сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. 

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-ӛрнек салынған тік жолақ қазақ елінің 

ӛзіндік сипатын, танымдық бейнесін кӛрсетеді. 

 

Аяжан: 



Айнымайды аспаннан 

Біздің тудың болуы 

Оны халық қашанда 

Биікке іліп қояды. 

 

Жанатын да ӛзі отша 



Жалын шарпып бетіңді 

Туымыз да қазақша 

Сӛйлеп тұрған секілді 

 

    Матасы қандай, матасы-кӛк түстерден таңдалған, 



Қазақтың ою-ӛрнегі, қыраны және самғаған. 

Күн күлімдеп әлемге тӛгіп тұрған арай нұр, 

Туымды менің кӛргендер қызыға қарап таңданған. 

                                        

Батырлыққа уызынан жарыған, 

        Ер түркіні байрағынан таныған. 

Ӛзі ақын , ӛзі әнші халықта , 

                   Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?

 

 Асқақтаған Гимн. 

 Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-

мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сӛздерінде 

халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі ӛмірі мен келешек арманы 

айтылған. Гимнд3  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл 

ӛз мемлекетіңе деген құрметті кӛрсетеді. Халық ӛмір салтын бүгінгі тіршілігі 

мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының 

бейресми әнұраны болған еді. 

 

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік 



Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. 

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сӛзін жазғандар 



Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимн3 ретінде 

 

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау 



рәсімінде орындалды. 

Бұл Әнұранның сӛзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне 

жақын, жұрттың бәрінің кӛңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән. 

Руслан: 


 Әнұран 

Әнұраным –жан ұраным 

Айтар әнім, сӛйлер сӛзім 

Туған жерім сағынарым 

Бақыт-бірлік күн талабы. 

Тоқтамайды дабыр әні 

Мәңгі бақи шырқалады 

Республикам Әнұраны! 

 

Балауса: 



Барша халық таныған 

Біздің үміт, тілекті. 

Шырқалғанда әнұран 

Шаттық кернер жүректі 

Жеңіс туын кӛтерген 

Жарыстарда сан қилы, 

Жетіп бізге шетелден 

Кӛкке әнұран шалқиды. 

Шәмші атаның сазды үні 

Жігер беріп қайратты, 

Бәрімізді мәз қылып, 

Жаңғыртады аймақты. 

 

  Енді бүгін ӛлген туым тірілді,

 

Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды . 



Босағада  қалып келген Елтаңбам 

Баяғыша тӛріме кеп ілінді. 



1-топ:  Ӛзіңдікі туың да, 

             От пен ауа, суың да. 

              Жаса Қазақстаным, 

              Белді бекем буын да! 



2-топ:   Елтаңбасы елімнің 

              Неткен кӛркем, әдемі. 

              Тұнығындай кӛңілдің 

              Ортада аспан әлемі. 



3-топ:   Әнұраным, жан ұраным, 

              Айтар әнім, сӛйлер сӛзім. 

              Туған жерім-сағынарым, 

               Мәңгі-бақи шырқалады 

 

Осы кӛк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын 



біздерміз. 

Біз Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы рәміздеріміздің 

еңсесі ешқашан түспесін, оны кір шалмасын, мәртебесі ӛсе берсін.! 

 

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім 



Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген. 

Олай болса, ӛз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік! 

 Бұл – біздің Гимн! 

 Бұл – біздің Ту! 

Бірге: Бұл – біздің Елтаңба! 

2.Жүргізуші Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар 

қай белгі туралы екенін анықтайды. 

1.Тӛлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда 

бейнеленген ........... (Елтаңба) 

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық 

мекемелерде бар. ........... (Ту) 

3.Республика,облыс, аудан кӛлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде 

орындалады. ........... (Әнұран) 

 

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір 



азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, 

халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. 

Кӛңіл қойып тыңдағандарыңызға кӛп рахмет! 

 

Сабақты қорытындылау. 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Арайлап таңым, асқақтап тауым, 

Ән ойнап кӛгім, күй тартты кӛлім. 

Қол жетті, міне, аңсаған күнге, 

Жасай бер, жаса, қазағым менің. 

  

Қазақстаным – жасыл орманым, 



Қуанышымды жасыра алмадым. 

Аңсаған бабам, аңсаған елім! 

Бостандық еді – ау асыл арманың. 

Қайырмасы: 

Елім менің аңсаған, 

Тас бұғаудан босаған. 

Құтты болсын отауың- оу, 

Берік болсын –ау босағаң. 

  

Бабамның қаны, анамның жасы, 



Сіңген бұл далам, қымбатсың маған. 

Береке –бірлік қамалдың басы, 

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам. 

  

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың, 



Жиылсын қауым, құйылсын кӛшің. 

Ертеңің үшін аянба, ерім, 

Ояншы, елім, жиылсын есің. 

  

Қайырмасы: 

Ұрпақ үшін, ел үшін, 

Атамекен жер үшін. 



Берекең мен бірлігің – оу, 

Таси берсін – оу ӛрісің. 

 

  

  

  



  

  

  



  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет