Сабақ тақырыбы : Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Оқу мақсаты



бет1/4
Дата08.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#66243
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ашық сабақ физикадан Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу (7-сынып)





Пәні: Физика

Мектеп: Мыңбұлақ ЖОМ

Күні: 0.02.2023ж.

Пән мұғалімі: Сейтхан Н.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

Оқу мақсаты:

7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
Атмосфералық қысымның не екенін біледі. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігін біледі. Барометрдің не екенін біледі
Оқушылардың көпшілігі:
Торричели тәжірибесінің мағынасын түсінеді. Барометр-анероидтың жұмысын түсінеді
Кейбір оқушылар:
Тәжірибе жасау арқылы қысым бар екенін және ауаның салмақ тигізетін әсерін дәлелдейді

Оқу дағдыларының деңгейі

Түсіну, білу, зерттеу, қолдану

Бағалау критерийі:

  1. атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.

  2. барометр арқылы атмосфералық қысымды өлшейді.

  3. өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді.

Тілдік масаттар:

Пәндік терминдер бойынша сөздік:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

қысым

давление

pressure

атмосфера

атмосфера

atmosphere

атмосфералық қысым

атмосферное давление

Аtmosphere pressure

барометр

барометр

barometer

барометр-анероид

барометр-анероид

barometer-anеroid




Құндылықтар:

Қоғамдағы ұлттық бірлік. Тілдің біртұтастығы. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді негізге ала отырып, бірін-бірі құрметтеуге, еңбек сүйгіштік пен ынтымақтастыққа баулу, өзара түсіністікпен топта жұмыс істеу, толеранттылық таныту.

Пәнаралық
байланыс:

География пәнінен белгілі атмосфера құрылымы.
Биология пәнінен қан қысымы ,бұлшық еттің жиырылуы.

Алдыңғы білім:

Қысым, ауа қысымы .

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде оспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақ басы


5 мин



1.Ұйымдастыру:
Сәлемдесу.
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру:
«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлу. Суреттерді таңдау арқылы
1-топ: Қатты дене
2-топ: Сұйық дене
Қатты дене, сұйық дене суреттерді тандату арқылы оқушыларды «Қатты дене», «Сұйық дене» деп топтарға бөлу.





Сабақ ортасы


15 мин


Үйге тапсырма
«Сұйық және газдар қысымы» жаттығу құралы
Электронды оқулық
Қалыптастырушы бағалау: Жарайсыңдар! Бәрекелді!


«Кім жылдам?» ойыны сұрақ жауап өзін-өзі тексеру
(үй жұмысын тексеру):

  1. Қысым дегеніміз не?

  2. Күш деп нені айтамыз?

  3. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Қатынас ыдыстарға қандай мысал келтіре аласыңдар?

  5. Қысымның өлшем бірлігі 1 Па-неге тең болады?

  6. Гидравликалық машиналар туралы не білесін?

  7. Газдардың қатты денелер мен сұйықтар дан өзгеше қандай қасиеттері бар?

Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды).


Жаңа сабақ
Атмосфера-(грекше) атмос - бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзінен құрылған.

Э. Торричелли- итальяндық физик және математик. Атмосфералық қысым теориясының негізін қалаушы. Ауаның салмағын өлшеген. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады.
Атмосфераның Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
Атмосфералық қысымның бірлігі
1миллиметр сынап бағаны. [1 мм. сын.бағ.]
1 мм.сын. бағ.=133,3 Па.
1847 жылы алғаш барометр анероидты жасап шығарған. «Анероид» - сұйықтықсыз деп аударылады
Барометр-анероидтың құрылысы
1-дөңгелек жұқа металл қорапша
2-серіппе
3-беріліс тетігі
4-көрсеткіш
5-шкала
Жұппен жұмыс
Есептер шығару

  • 1-жұп

Теңіздің 9 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

  • 2-жұп

100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтандар

  • 3-ежұп

Массасы 3кг ,ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

  • 4-жұп

Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге p = 300 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 4500 см3 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді.














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет