Сабақ тақырыбы : Трапецияның ауданы



бет1/4
Дата17.03.2023
өлшемі176,04 Kb.
#75069
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
9 сынып алгебра 27,02 кмж


«Тексерілді»


Қысқа мерзімдік жоспар _________  дир.оқу ісі орынб. Әбзел Э.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Аудан
Күні: 20.02.2019ж.
Сынып: 8 «г»
Пәні: Геометрия

Мектеп: Амангелді атынд. ж.о.м
Мұғалімнің аты-жөні: Сейітхан Г
Қатысқандар:
Қатыспағандар:




Сабақ тақырыбы:

Трапецияның ауданы




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсат тары (оқу бағдарлама сына сілтеме)

8.1.3.1.13
трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;




Сабақ мақсаттары

Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.




Тілдік мақсат



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін...
Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін...
Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...
Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...




Бағалау критерийлері

- трапецияның ауданының формулаларын біледі;
- трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.













Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы есептеу жұмыстарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Бір-біріне құрметпен қарауға баулу, адамгершілік қасиеттерін нығайту. Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену.













Пәнаралық байланыс

Практикалық есептер арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.




Алдыңғы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады.




Сабақ_барысы_____Сабақтың_жоспарл._кезеңдері'>Сабақ барысы




Сабақтың жоспарл. кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурс
тар




Сабақ
тың басы
0-3 мин

3-10 мин




Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді белгілейді.
«Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен материалды қайталау.

  1. Трапеция дегеніміз не?

Трапеция деп тек қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұр- ышты атайды.

  1. Трапецияның элементтерін атаңдар?

Трапецияның төбелері, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапециияның диагональдері, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, бұрыштары.

  1. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.

  1. Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?

Тең бүйірлі трапеция, тік бұрышты трапеция

  1. Трапецияның ауданын табу формуласы

а) Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу
Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең. ,
трапецияның ауданы,  — табаны,  — табаны, h – биіктігі
б) Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу
S = m*h
S
 —трапецияның ауданы, h — биіктігі, m —трапецияның орта сызығы
с) Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу;
S —трапецияның ауданы, d1,d2 — трапецияның диагональдері
α — трапецияның d1 және d2 диагональдері арасындағы бұрыш
д) Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу.


слайд №2
форму
лалар;
слайд №3






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет